Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Ұрықтың сіңірілуімен өтетін іш тастау



бет63/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   115
акушерство китап

Ұрықтың сіңірілуімен өтетін іш тастау. (жасырын іш тастау – ab.latentus) – айқын клиникалық симптомдарсыз өтетін буаздылықтың бұзылуы, ол толық және толық емес түрлерінде өтуі мүмкін.
Толық жасырын түрінде өтетін іш тастау - әдетте буаздылықтың басында, ұрық әлі толық қалыптаспаған жағдайда байқалады, жатырда буаздылық ізі де қалмайды. Кейде өлген өскін ұрық қабықтарымен бірге күйлеу кезінде жатырдан қуылады. Нәжіс және зәр шығу актілері малды бағатын адамдарға байқалмай өтеді. Егер малды бағатын адамдар ұрықтың қуылғанын біле тұрып айтпаса, онда ол қауіпті жасырылған іш тастау болып саналады. Бұл жағдайда аналық малды емдеу орнына, оны жұмысқа пайдаланып, денсаулығына орыны толмайтын зиян келтіріледі.
Әдетте жасырын іш тастау (post factum) кейіннен анықталады. Биелерде буаздылықтың 1-2 айлық алдында болған белгілерін 2-3 айдан кейін қайта зерттегенде, буаздықтың жоқ кезде анықтайды.
Толық емес жасырын іш тастау тіршілікке қабілеті бар, торайлармен бірге мумиеленген түсіктер де туады. Мегежіндерде буаздылықтың 20-шы күніне дейін жасырын іш тастау жатыр шырыш қабығының патологиялық өзгерістерінсіз өтеді. Буаздылықтың кеш сатыларында, дегенеративтік өзгерістер өліп қалған ұрықта ғана емес, сонымен қатар жатыр қабырғасында да байқалады.
Саулықтарда СЖК-ны қолданғаннан кейін, толық емес жасырын іш тастау буаздылықтың 20-шы күніне дейін өтеді, бұл көрініс осы гормонның жетіспеушілігімен түсіндіріледі.
Жетілмеген ұрықтың қуылуымен болатын іш тастау әдеттегі туу ағымымен өтеді, бұнда барлық туу алды жиынтығын байқауға болады, сондықтан көпшілік ғалымдар бұл іш тастауды мерзімінен бұрын келген туу ден атайды. Егерде жетілмеген төлдің барлық сырт беткейі жүнмен жабылынса, онда ол тірі қалады деуге болады. Бірақ бұл жағдайда этиологиялық факторды ескеру қажет.
Толық жетілмеген төлді тез арада кептіріп, жылы қораға (25-30ºС) орналастырып, жылы орамамен орап, қыздырғыштармен жанжақтан жылыту қажет. Дене температурасына дейін жылытылған анасының уызымен және сүтімен жиі азықтандыру керек. Ф.Ф. Мюллер бойынша толық жетілмеген төлге анасының қаның құю орынды.
Сору рефлексі болмаса оны өсіруге мүмкіндік жоқ. Қолдан азықтандыру кезінде анасы сүтінің құрамын ескеру керек. Құлынға сиыр сүтін берер алдында оны екі есе немесе 1/3 қайнатылған сумен араластырып, қант қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет