Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Симптомдық жұқпайтын іш тастаулар



бет70/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115
акушерство китап

6.3. Симптомдық жұқпайтын іш тастаулар
Симптомдық жұқпайтын іш тастаулар - ұрықтың өмірсүруіне қажет анасы организмі органдары функцияларының бұзылу белгілерімен көрінеді. ішек таяқшалары, стрептококктар енуі әсерінен болады, бірақ анасының ауруы буаздылықты әрдайым үзе бермейді. Сондықтан симптомдық іш тастауларды сирек кездеседі деп атауға болады.
Симптомдыға - алиментарлық, травматикалық және үйреншікті іш тастаулар жатады.
Симптомдық іш тастау мезгілсіз күшенулердің әсерінен, шала дамыған ұрықтың қуылуы немесе плацентарлық байланыстың бұзылуы салдарынан ұрықтың өлуі түрінде байқалады.
Жұқпайтын симптомдық іш тастаудың нақты себептері ретінде келесі жайттарды атауға болады:
1. Анасының жыныс аппаратының ауруы мен аномалиясы, атап айтқанда: эндометриттер, аналық жыныс безі аурулары, сары дененің толық дамымауы, тағыда басқа аурулар.
2. Жүректің, өкпенің, бауырдың, бүйректің әсіресе ішек-қарын жолының жетіспеушіліктері мен аурулары. Дене температурасы күрт көтерілетін ауруларда да іш тастаулар жиі кездеседі.
Алиментарлық іш тастау /abortus alimentarius/ - буаз малдың ашығу салдарынан және рацион сапасының төмендігінен болады.
Кейбір ғалымдар анасының күй жағдайы ұрықтың дамуына әсерін тігізбейді деп жорамалдайды. Бұндай көзқарас дұрыс емес. Семіру, әсіресе анасы организмінің жүдеуі кезінде, оның резистенттілігі төмендейді және зат алмасу процесстері бұзылады. Кейбір ғалымдар мегежіндерде бедеулікті анықтаған, ал сойып байқаған кезде - мегежіндерде азықты жарытпай берген жағдайда ұрықтардың көбінде жаппай сіңірілу (резорбция) процесстерін анықтаған.
Іш тастаған биелерде әдетте қандағы кальций мен фосфор тұздарының қатынастары бұзылуы байқалады.
Клиникалық белгілері. Алиментарлық іш тастауларда жалпы ашығу салдарынан, гипокальцемиядан т.б. себептерден клиникалық белгілері ерекше емес. Шала дамыған ұрықтардың жыныс жолдарынан қуылуы немесе буаздылықтың екінші жартысында іш тастау байқалады. Ұрық қабықтарында және түсік органдарында ешқандай патологиялық өзгерістер байқалмайды, сондықтан бұндай іш тастаулар жиі травматикалық іш тастаулар деп тіркеледі. Мегежіндер рациондарында йод жетіспегендіктен іш тастау болған жағдайда ұрықта қылдар дамымайды.
Диагноз (ауруды айыру). Диагноз қою үшін рацион анализінің қорытындысы және қан сарыоуын жалпы ақзатқа, каратинге, кальцийға, фосфорға зерттеу нәтижелері манызды роль атқарады.
Іш тастаулар жиі ретинол мен токоферол аздығынан болады. Ретинол эпителиальдік тканнің функциясына және морфологиясына үлкен әсер етеді.
Азықта токоферолдың аздығы немесе болмауы, әдетте жасырын іш тастауларды туғызады.
Мегежіндерде Е-авитаминозы ұрықтардың мумиеленуіне, сіңіп кетуіне әкеп соғады.
Авитаминоздан туатын іш тастаулардың алдын алу үшін, күнде немесе қүнара буаз малдарға өскен бидайды 200-500 г (ірі малға) және 50-100 г (ұсақ малға) мөлшерінде беру қажет.
Рационға балық майын, көк шөп, сәбіз қосу емдік, сақтандыру шаралары болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет