Төлдеуден кейінгі мезгілде анасын күту. Төлдеуден кейін анасы құрғақ және желсіз қорада болуға тиісті, өйткені ол жиі терлейді және суық тию ауруларына шалдығуы мүмкін, 1-2 сағаттан кейін төлдеген малды жылы сумен суарады, сабан иірімімен ысқылайды, құйрық тамырын бинттейді. Бірінші күндері малға жоғары сапалы, жеңіл қорытылатын азықтар (витаминдік шөп, жармалар) олардың ішек-қарын жүйесінің ауруларын тудырмау үшін аз мөлшерде береді.
Анасы жиі бақылауда болады оны күніне екі рет термометриялану қажет. Әдетте күніне 2 рет оның сарпайының терісін жуып, оны дезинфектант ерітінділермен лохийдің бөлінуі аяқталғанша дейін бүркейді. Қынапты бүркіп жуу көрсетілмеген, өйткені жыныс жолдары өздігінен тазалану қасиетіне ие. Төлдеуден кейінгі кезеңнің сәтті аяқталуының көрсеткіші жалпы жағдайының және тәбетінің жақсаруы, дене қызуының қалпына келуі.
Жұқпалы ауру қоздырғыштары енуінің алдын алу үшін үнемі төлдеген малдың астында қалың сабан төсенші болуын қадағалау керек. 3-4 күннен кейін әдеттегі дене қызуы бар төлдеген малға таза ауада белсенді серуен ұйымдастыру керек. Белсенді серуенді күйіттеуші–аталықпен бірге қиылыстырып өткізсе төлдеуден кейінгі кезең тез аяқталады.
5.5. Туу акті динамикасының түрлік ерекшеліктері
Анасы жағдайының туу ағымына тигізетін әсері. А) Сиырдың төлдеуі. Сиырдың жамбасының кұрылысы басқа түрге жататын малдардың жамбасының құрылысымен салыстырғанда туу актісіна онша қолайлы емес.
Жатыр мойының ашылу сатысы 12 сағатқа дейін созылады. Сиыр биеге қарағанда өзін салмақтылау ұстайды. Кейде ақырын ұзақ мөңірейді. Жатыр жиырулуы әсерінен, ашық жатыр мойынынан тамырлы және ұрық жанындағы қабықтардан тұратын, ұрық көпіршігі томпаяды. Әдетте ұрық қабықтары қынапта жарылады, шығу кезінде туу жолдарынан бос аяқтары шығып тұрады.
Төл шығу сатысы 20 минуттен 3-4 сағатқа және одан көп уақытқа созылады. Осындай ұзақ төл шығу уақыты, бірнеше комплекстік себептермен түсіндіріледі, ең алдымен жамбастың кұрлысымен. Күйіс қайыратын малдардың төлдеуден кейінгі сатысы, биелерге қарағанда ұзақ. Әдеттегі уақытпен төл шыққаннан кейін 10 сағатқа дейінгі уақытты санауға болады. 2-3 сағаттан кейін жатыр қуысы көлемі жағынан кішірейді. Карункулдар барлық оның саңылауын толтырады. Жатыр тығыз, оның сыртқы беткейінде қатпарлар байқалады. Төл жатқан жатыр мүйізі, екінші бос мүйізден үлкен. 3-5 күнде жатыр мойыны жолының саңылауы, 2-3 саусақ сиятындай ғана болып тарылады. Оның жабылуы лохийдің бөлінуі біткен соң аяқталады. Бірінші рет бұзаулаған сиырларда, төлдегеннен кейін 20 сағатқа дейін ортаңғы жатыр артериясының дірілі байқалады ( С.С.Стоянов)
Сиыр лохийлерінің бөлінуі 10-14 күнде аяқталады. Бас кезінде олар қан аралас, сосын олар шоколад түсті болады, ал 8-ші күннен кілегей түсті, 14-ші күннен кейін лохийлердің бөлінуі - жатыр ауруының белгісі болып саналады. Буаздылықтың сары денесінің инволюциясы төлдеуден кейінгі 16–ші күнде аяқталады және фолликулдардың интенсивті өсуімен өтеді.
Б) Саулық пен ешкінің төлдеуі
Саулықтарда туу алдында құйымшақтың түсуі, сарпайдың үлкеюі жақсы байқалады. Уыз 3-4 күн бұрын, кейде төлдеуге бірнеше сағат қалғанда бөлінеді. Жатыр мойыны ашылу кезінде, саулық мазасызданады, қарынына қарайды, жиі жатады және тұрады.
Төл туу сатысы 7-25 минутке созылады. Шудың бөлінуі әдетте төлдеуден кейінгі бірінші сағатында аяқталады. Лохийдің бөлінуі 7-10 күннен кейін аяқталады. Жатыр инволюциясы 21-25 күнде аяқталады, осы уақыттан кейін саулықтарды ұрықтандыруға болады.
В) Биенің төлдеуі. Биенің жамбас құрылысы туу процессіне қолайлы. Биенің жатыр мойынының ашылу сатысы бірнеше сағаттан 1-2 күнге, кейде 30-50 минутке созылады. Ашылу сатысының белгілері көп жағдайда байқалмайды, өйткені бие мінезінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Сәл мазасыздану, қарынына қарау және терлеу секілді белгілері көрінеді.
Төл шығу сатысы 5-30 минутқа созылады. Жатыр көлемі екінші күнде, екі ретке кішірейеді. 8 күннен кейін лохий бөлінуін аурудың белгісі деп білу қажет. Жатыр топографиясы 20–ші күнде қалпына келеді. Биенің қүйіті төлдеуден кейін 3-ші күннен бастап жүреді, өйткені қозу сатысы 7-ші – 12-ші күндері байқалады осы уақытта биелер буаз болады.
Г ) Мегежіннің төлдеуі. Жатыр мойынының ашылу сатысы 2-6 сағатқа созылады. Сәл мазасыздану және өзіне қарататын ол «туатын төлге орын дайындау» аузымен барлық заттарды бір жерге апару.
Төл шығу уақыты 2-6 сағатқа созылады. Төлдеуден кейінгі саты 3 сағатқа дейін. Туу кезінде үнемі ыдыста суу болу керек, өйткені су болмаған жағдайда ол өз торайларын жеуі мүмкін.
Төлдеуден кейінгі кезең 18-21 күнге созылады. Лохийлерінің бөлінуі 8-ші күнде аяқталады. Ұрықтандыруды төлдеуден кейін 2-3 аптадан кейін бастауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |