Мезгілсіз толғақ пен күшенулер - деп буаздықтың аяғына жетпей ерте басталған толғақты айтады. Көбіне биеде кездеседі. Ең негізгі себеп аналықтарды ұстау және асырау кезінде қате жіберушіліктен дамиды. Мал төлдеу алдынан бірнеше ай немесе апта бұрын келетін толғақты мезгілсіз деп атайды. Биелерде мезгілсіз толғақтар буаздылықтың екінші жартысы бойы, ал сиырларда тууына 3-4 апта қалғанда байқалады.
Мезгілсіз толғақтың, әдеттегі толғақтан айырмашылығы - туу актісі белгілерінің көрінбеуі.
Клиникалық белгілері. Мезгілсіз толғақ кезінде жатыр мойыны көбінесе жабық болады, биелерде бұл ауру 2-12 сағатқа дейін созылып барып тоқтайды. Жиі толғақтар күшейіп іш тастау тудырады. Ал сиырда мезгілсіз толғақ сәтті аяқталса 3 тәулікке дейін созылады, күшенулер аяқталысымен жатыр мойыны жабылады. Іш тастау болмай буаздық аяғына дейін жетіп мал өз уақытында төлдейді.
Болжау - күмәнді.
Емі. Ауру малды бөлек, қараңғы, едені еңкіш, төсеніші қалың бөлмеге ауыстырады. Құйымшақ көлеміне майда шөпте дайындалған ыстық зат басады. Сиырларға (наркотикалық дозасы) алкоголь ішкізеді, биелерге - хлоралгидрат 30,0 г тері астына 0,1-0,4 г морфий. Толғақты тоқтату үшін сиырлар мен биелерге төменгі сакральды анестезия (10-20 мл новокаиннің 1-2% - ерітіндісі) жасайды. Егер ұрық өлсе, онда оны жатырдан тез уақытта алып шығу қажет.
Буаз малдың ісінуі (Нydrеps gravidarum) – буаз мал (әсіресе сиыр мен биеде) тері асты клетчаткасында транссудат жиналады және венозды қанның жергілікті немесе жалпы жиналуы болады. Патологиялық процесті тудыратын себептерге буаз малды асырауда қате жіберушілік, серуеннің болмауы, сапасы төмен азық пен азықтандыру жатады.
Клиникалық белгілері - артқы аяқтарында, сүт безінде, құрсақ қабырғасының вентральдық жағында жайылған ісіктер пайда болады. Ісінген ұлпалардың беткейі жанындағы ұлпаларға қарағанда суықтау: саусақпен басқанда көп уақытқа дейін тегістелмейтін ісік пайда болады. Кішігірім ісіктер ұлпа функциясын бұзбайды, оларды буаз малдың организміне тән физиологиялық көріністер деп қарайды.
Болжау - қолайлы. Буаз малдың асырауы мен ұстауын жақсартса ісіктер жойылады. Төлдеуден кейінгі ісіктер сыртқы әсерсіз жойылады.
Бірінші буаздылық кезінде пайда болған ісіктер ерекше көңіл аударуды талап етеді, өйткені ол уақыт өткен сайын ұлғаяды және ішкі органдардың ауытқуы жайында мәліметтейді. Бұл жағдайда болжау - қолайсыз.
Емі - симптоматикалық. Зәр шығаратын және ішек қарын функциясын әлсірететін дәрі қолдануға болады. Моцион, суаруды азайту, сапасы жоғары азықтардың көлемін азайту, іскен тканьдерді массаждау ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |