Ұрық шіруімен өтетін іш тастау (Pulrescerital felus эмфизематозды төл). Егер іш тастау төл ұлпасына ірітетін микробтардың (анаэробтардың) енуімен өтсе, күкіртті сутек, сутек, аммиак, азот, көмір қышқылдары және ұлпалардың шіру кезіндегі пайда болатын өнімдерінің бөлінуімен төл жылдам шіруге шалдығады. Түсіктің тері және бұлшық ет арасындағы клетчаткада, кеуде және құрсақ қуыстарында газдар жиналады. Денесі көлемі жағынан үлкейеді, контурлары жойылады, ал өзі қапшық тәрізді түрге енеді.
Төл көлемінің үлкеюі және газ жиналуы жатырдың қатты созылуына, кейде оның үзілуіне әкеледі. Көп жағдайда анасы сепсистен өледі. Шірітетін микроорганизмдер инфекцияның қоздырғыштары жатырға жиі жатыр мойыны (генитальды жолмен) кейде қан арқылы (гематогенді жолмен) енеді.
Клиникалық белгілері. Малдың жалпы жағдайы қатты күйзелген, күшенулер әлсіз байқалады немесе болмайды. Күйіс қайыратын малдарда асқазан тимпаниясы, атониясы және гипотониясы, ал биелерде - коликтер байқалады. Қынап арқылы зерттеу кезінде туу жолдарының құрғақтығын немесе ихорозды сұйықтық бөлінуін, жатыр мойыны ашық екенін анықтауға болады. Шешуші диагностикалық маңызды фактор төлді пальпациялау кезіндегі крепитация, тері асты эмфиземасы.
Болжау анасы организмі үшін өте күмәнді, өйткені төлдің шіруі әдетте септикопиемияның үрдісіне тән интоксикацияның ауыр симптомымен және клиникалық белгілерімен өтеді .
Емі. Тез арада жатыр қуысын шіріген төлдің және оның пайда болған өнімдерінен босату қажет, соңғылары жатырды жиыртатын заттарды (патогенетикалық терапия және басқалары) қолданғанда мүмкін болады.
Әдеттегі тарту әдісі арқылы төлді сыртқа шығару мүмкіндік бермейді, өйткені ол көлемі жағынан үлкейіп жамбастан шыға алмайды. Күшпен тартқан кезде төлдің бөлшектері үзіліп туу жолдарына зақым келтіреді. Төлдің көлемін кішірейту үшін әрбір бағытта оның терісінде және басқа ұлпаларында терең кесік жасалынады, ал қажет болған жағдайда ішін жарып ішкі органдарын алады.
6.2. Идиопаттық жұқпайтын іш тастаулар
Идиопаттық жұқпайтын іш тастаулар барлық мал түрлерінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |