Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет69/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   115
акушерство китап

Плацентаның патологиясы. Плацента - негізгі провизорлы орган, сондықтан ол ұрық қабықтарының бөлігі болса да оның аномалиялары ерекше болады. Негізінен плацентада патологиялық процесстер оның хорионының, түтікшелерінің өзгеруімен және функциялары бұзылуымен көрінеді.
Көпіршік енуі. Плацента түтікшелерінің өсіп кетуі және оның дәннен тауық жұмыртқасына дейінгі көлемдегі қуысқа (кистаға) айналуы. Әдетте сиырда, биеде байқалады, қуыстың қабырғалары жұқарған, бір шоқ жүзімге ұқсайды, олардың ішінде кілегейлі немесе сілікпелі сұйық болады. Қуыстағы өзгерістер хорионның кейбір бөлімдерінде немесе ұрық плацентасының барлық беткейін жайлай орналасады. Плацентаның өзгеру дәрежесіне байланысты буаздылық әр сатыда үзілуі мүмкін, егер зақымдалу шағын жермен шектелсе, төл аяғына дейін дамиды. Өскін өлгеннен кейін кейде сіңіп кетеді, ал ұрық қабықтары плацентаның аналық бөлігімен байланыста қалады және туу мезгілі келгенше өсе береді. Бұндай жағдайда жатырдан әр түрлі пішінді және көлемді кистозды өзгерілген ворсиналармен жабылған (көпішіршік ену) заттар бөлінеді.
Көпіршітің енуі жаңа туған төлдің өлген және сіңірілген егізінің ұрық патологиясы түріндегі өзгеруі болуы мүмкін. Сондықтан ол әдетте туған төлмен бір уақытта бөлінеді.
Ворсинкалы ену көбіне сиырда кездеседі. Ворсинканың гиперплазиясы және гипертрофиясымен, плацентаға қырыққабат гүлі сипатын берумен сипатталады. Ворсинкалар жұмсақ және ұзын (2см-ге дейін) немесе тығыз, фиброзды болады. Олар плацентаның аналық бөлігімен тығыз байланысқа бармайды немесе керісінше онымен қосылып өсіп кетеді де шудың кешеуілдеуін тудырады. Құлын түсігінің плацентасында хорионның кейбір ворсинкаларында гипертрофия белгісі байқалады, әдеттегі ворсинкалардан олар көлемі жағынан ерекшеленіп көзге түседі.
Ет енуі - шар тәрізді немесе сопақша, я болмаса кейбір жерлері жылтыр беткейлі өте көп тамырлармен өткізілген дәнекер тканьнен және бұлшық ет негізінен құралған туынды. Ет енуі - толық емес іш тастаудың симптомы, бөлінбеген ұрық қабықтарынан немесе өліп қалған ұрық көпіршігінен пайда болады. Осы көріністің пайда болуына жатыр іші қан ағуынан кейін қалатын қан ұйығы басты себеп болады.
Диффуздық плацента (Plasenta difusa) сиырда кездеседі. Хорионның шектелген жерін немесе барлық беткейін біркелкі жауып тұратын бөлшектенген бейплаценталарлы, тұтас ворсинкалы ткань тудырады.
Ворсинкалар ворсинкалы енуге тән өзгерістерге ие болады. Диффуздық плацентаның бар болуын буаздылықты анықтағанда плацентаны пальпациялау кезінде ескеру қажет. Диффуздық плацентада іш тастау байқалмайды.
Ұрық қабықтарының қабынуы әдетте плацентаның аналық бөлігінің бұзылуымен бірге дамиды және ірінді, геморрагиялық, фибринозды катаральды немесе гангренозды түрде өтеді.
Ұрық қабықтары қабынуының себептері инвазиялық және жұқпалы ауру қоздырғыштарының патогендіқ әсері немесе жарақат, буаздылыққа дейін болған эндометрияның созылмалы қабыну процесстерінің шиеленісуі саналады. Жатырдағы қабыну процесстері түріне байланысты плацентаның аналық және ұрық бөліктерінің арасында экссудат жиналып ворсинкалардың қыртыстануын және олардың ыдырауын тудырады. Кейде керісінше қабыну процессі ворсинкалардың гипертрофиясына және плацентаның ұрық бөлігін аналық бөлігімен тығыз байланысуына әкеледі, сиыр мен ешкіде көбіне эндометрияның ірінді қабынуы плацентаның ыдырауымен, олардың сары массаға айналуымен өтеді деген тұжырым бар (Л.Г. Субботина).
Әдетте клиникалық белгілеріне қарап плацентаның әр түрлі қабынуы анықталынбайды. Қабыну процессі сепсиспен шиеленсе, онда малдың жалпы жагдайы ауырлайды осының салдарынан жатыр қуысынан өлген төлді қуып шығаруға үлгермей ауырған мал өзі өледі немесе төл анасы өлер алдында жатырдан қуылып шығады.
Плацентаның катаральды, ірінді және басқа түрлерде қабынуы жатыр мойынынан әлсін-әлсін экссудаттың бөлінуімен өтеді. Оның құрамына қарап қабыну процессінің түрін анықтауға және іш тастаудың соңын болжауға болады.
Жұқпалы іш тастауларда ұрық қабықтарында өзгеше өзгерістер болады. Сиыр және саулықта бруцеллезді инфекция плацентаның ұрық және аналық бөліктері некрозын тудырады. Сұлы және зәр қабықтары транссудатпен сіңіріліп оларға қоймалжың түр береді. Осындай инфильтрация көбіне кіндікке де жайылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет