Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет68/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   115
акушерство китап

Ұрық қабықтарының ісінуі. Ұрық қабықтары шеменімен бірге немесе өздігінен кездеседі. Қан айналымының бұзылуы инфекция немесе инвазия қоздырғыштарының енуі салдарынан байқалады.
Ұрық қабықтары қабырғалары іркілдеген, қамыр консистенциялы, олардың түсі ақ-сары, кейде сарғыш немесе қызғылт. Қабынған орын қалындығы кейде 10- см-ден асады, ал ұрық қабықтарының салмағы 75 кг-ға дейін жетеді. Төлге домбығу қайшы және оның ұрық қабықтарының тамырлары қысылуы салдарынан қан айналымы әсерінен қоректенуі бұзылады және анасы мен төл плацентасының бөлектерімен байланысы тоқталады.
Клиникалық зерттеу арқылы домбығу анықталмайды, бірақ іш тастауларды зерттегенде ескеру керек.
Ұрық маңы сұйығының аздығы (Ofigohydramnion). Ұрық маңы сұйықтығының мөлшері әдеттегіден азаюы аз сұйықтық деп аталады. Себебтері белгісіз. Этиологиялық факторлар ретінде қан айналымының бұзылуы, амнионның жарылуы және ұрық маңы сұйықтығының ағуын атайды. Ұрық маңы сұйықтығының аздығы ұрық дамуын бұзады. Жиырылатын жатырдың қысымынан ұрықтың органдары мен қаңқасы бұзылып, өзгереді. Іш тастау әдетте буаздылықтың екінші жартысында байқалады, кейде төл аяғына дейін дамиды. Егер буаздылық анасының жағдайының нашарларумен өтсе, онда жасанды іш тастау туғызады.
Ұрық қабықтарының қабынуы. Әдетте аналық плацентаның бөліктерінің зақымдалуымен бірге дамиды және катаральды, фибринозды, геморрагиялық, іріңді немесе гангренозды түрде өтеді.
Себептері болып инфекция және инвазия қоздырғыштарының патогендік әсері, жарақаттар, эндометрияның созылмалы қабыну процестері саналады.
Клиникалық белгілерінен плацентаның әртүрлі қабыну түрлері әдетте анықталмайды. Қабынудың сепсиспен асқынуы кезінде малдың жалпы жағдайының қатты нашарлауы байқалады.
Катаральды, іріңді және плацентаның басқа қабыну түрлерінде жатыр мойынынан әлсін-әлсін экссудат бөлінуі байқалады, осының құрамына қарап қабыну үрдісі анықталады. Сиыр мен саулықта бруцеллездік инфекция ұрық және анасы плацентасы бөлектерінің некрозын тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет