Бартерлік айырбас – бұл тауардың тауарға ақша құра-лысыз тікелей айырбасталуы. Бартерлік айырбас тауарлы өнді-рістің алғашқы кезеңінде жүзеге асты. Алайда олар қазіргі таңда да экономикалық дағдарыс, соғыс, табиғи апаттар кезінде пайда болады. Біртіндеп бартерлік айырбас ақшалай айырбасқа жол берді. Оған келесі себептер әсер етті:
барлық айырбасқа қатысушылардың мүдделерінің сәй-кес келмеуі;
айырбас эквивалентті деп негізделетін критерийлерді табудың қиындығы.
Ақшалай айырбас – бұл тауарды тауарға ақша құралда-рымен айырбастау болып табылады. Қазіргі уақытта экономи-када ақшалай айырбас айырбастың жетекші формасы болып табылады.
Тауарлы өндірістің даму кезеңі айырбастың, нарықтың, да-муымен байланысты. Нарықтың келесі үш типін бөліп қарасты-руға болады. Әр нарықтық типке тауар өндірісінің өз үлгісі тән болады:
дамымаған тауарлы өндіріс (жай тауарлы өндіріс);
еркін нарықтағы тауарлы өндіріс (классикалық тауарлы өндіріс);
нарықпен реттелетін тауарлы өндіріс (социалды тауар өндірісі).
Қалыптаспаған нарықтағы тауар өндірісі (кеңестік типтегі тауар өндірісі
Натуралды өндірістің күйреуі, тауар өндірісінің пайда бо-луы және орнығуы экономикадағы маңызды алға басу қадамы болды. Тауар өндірісі жұмыс уақытын үнемдеу мен еңбек өнім-ділігін арттырудың тиімді механизімін жасады.
Тауарлы шаруашылықтың белгілері:
ашық экономикалық жүйе;
тұтынушы мен өндіруші арасындағы жанама байланыс-тар;
Тауарлы өндірістің соңғы нәтижесі тауар болып табылады. Тауар пайдалылық қасиетіне ие, яғни адамдардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру. Бұл мысалға, тұтыну заттарының (алма, аяқ киім) және өндіріс құралдарының (компьютер, трак-тор) табиғи-заттық қасиеттері. Тауарды түрлі экономикалық мектептер әртүрлі түсіндіреді:
1. Маркстік теорияда, тауар сатуға арналған, адамға пай-далы еңбек өнімі ретінде қарастырылады.
тауар деп адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағат-тандыратын заттарды айтады;
тауар деп еңбекке жұмсалған заттарды айтады.
тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.
2. Австрияның экономикалық мектебінде “тауар айыр-басқа арналған игіліктердің ерекше түрі” деп анықтама береді.
Жоғарыда аталған анықтамалардың ортақ ұқсастығы мы-нада: екеуінде де тауар еңбек нәтижесі ретінде қарастырылады. Сонымен тауар дегеніміз сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек нәтижесі болып табылады.
Тауар екі қасиетті иеленеді: біріншіден, қандайда бір адам-ның сұранымын қанағаттандыруы - тұтыну құны немесе құны, екіншіден, зат бола отырып, басқа затқа айырбасталу қабілет-тілігі – айырбас құны.
Заттың пайдалылығы, оның адамның қандайда бір сұраны-мын қанағаттандыру қасиеті – тұтыну құны деп аталады. Кейбір тұтыну құны адам сұранымын тікелей қанағаттандырса (тамақ өнімі, киім, тұрғын үй, кітап және т.б.), басқалары – жа-нама (машина, құрал сайман, өндірістік ғимараттар) түрде қана-ғаттандырады.
Тұтыну құнға ие болған тауар, құнға да ие болады. Құн –бұл тауарға сіңген қоғамдық еңбек пен айырбас арқылы байқа-лады. Айырбас құны – бұл тауардың белгілі бір сандық пропор-цияда басқа пайдалы заттарға айырбастала алу қабілеті. Тауар-дың екі жақты қасиеті (тұтыну құны және құны) еңбек сипаты-ның екі жақтығынан туындайды: бір жағынан бұл белгілі тұты-ну құнын жасайтын пайдалы еңбек, екінші жағынан – бұл адам-ның жұмыс күші шығындары, оның түріне тәуелсіз жалпы еңбегі.
Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Айырбас құнын жасайтын еңбек – абстракты еңбек деп атала-ды, оның түрі дерексізденген. Демек, нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын еңбектің екі жақтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |