Шекті пайдалылық игілікті тұтынудың түрлі деңгейінде туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда ол қандай да бір өнім-нің жаңа бірлігін тұтынуының өсуінен алынып, адам сезінетін қосымша пайдалылық көлемін білдіреді.
К. Маркстың теориясына сәйкес бағаның негізі құн болып табылады. Құнның көлемі оны өндіруге кеткен қоғамдық қажет-ті жұмыс күші шығынымен анықталады. Баға - бұл тауар құ-нының ақшалай көрінісі.
Сату және сатып алудың ерекше жағдайында баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен құнынан болуы мүмкін. Нарықтық экономикада баға үш маңызды қызмет атқарады:
бағыттаушы – сатушы мен сатып алушылардың әре-кетіне ақпарат береді;
ынталандырушы - өндірістің барынша тиімді жағдай-ларына және сұраныстың рационализациясына септігін тигізеді;
бөлуші – нарықтық экономикаға қатысушылар арасында табыстарды бөлу;
Баға жүйесінің көптүрлігін ескере отырып, бағаның төрт түрін қарастыруға болады:
келісімдік баға – бұл тұтынушы мен өндірушінің нақты тауарға деген сұранысы мен ұсынысын ескере отырып, келісім-мен белгіленетін бағасы;
мемлекеттік баға – монополист-кәсіпорындардың та-уарларына қойылатын баға. Мемлекеттік баға жүйесі екі эле-менттен тұрады:
тұрақты баға – бұл үкіметтің қатаң түрде белгілейтін бағасы;
реттелуші баға – нарықтағы сұраныс пен ұсыныс қаты-насын ескеретін баға.
Әлемдік баға – халықаралық саудада қабылданады және барынша ірі экспортты-импортты келісім бағасында бекітіледі. [Г.М. Гукасьян Экономическая теория].
Ақшаның мәні, түрлері және атқаратын қызметтері.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жал-пыға балама айрықша тауар. Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және айналысының пайда болуынан туындайды. Ақша өндіріс және бөлу процессіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономика-лық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мә-нін оның үш қасиеті көрсетеді:
жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
айырбас құнының дербес формасы;
еңбек өлшемінің заттай формасы.
алғашқыда барлық тауарлардың құнын өлшеуге мүмкін-дік беретін жалпыға бірдей эквивалент болмады. Алғашқы бір тауарды басқаға ауыстыру кездейсоқ және сирек орын алатын процесс болды. Тауар айырбасы жиі бола бастаған кезде, әрбір елдің жергілікті нарығында мал, тері сияқты өз эквиваленттері және басқасы пайда болады.
Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
|