Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Дәстүрлі экономика – бұл ресурстарды пайдалану тә-жірибесі салт-дәстүрмен анықталатын экономика



бет17/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Дәстүрлі экономика – бұл ресурстарды пайдалану тә-жірибесі салт-дәстүрмен анықталатын экономика.
Дәстүрлі экономика қалыптасқан елдерге көп ағымдылық қасиеті тән, яғни, меншіктің алуан түрлі формаларын негіздел-ген шаруашылық формаларының көп түрлілігі. Ағымадар эко-номикалық шешімдердің қалай қабылдануына байланысты әр түрлі болып бөлінеді. Натуралды-қауымдық ағымда экономика-лық шешімдер ақсақалдардың кеңесімен немесе ру басшысымен қабылданады. Ал шаруалар мен қолөнершілер мұндай шешім-дерді өздіктерінен шешеді.
Нарықтық экономика немесе еркін бәсеке кезеңіндегі ка-питализм. Бұл жүйе ресурстарға, экономикалық әрекетті үйлес-тіру және басқару үшін бағалар мен нарықтар жүйесін қол-дануға деген жеке меншіктің болуымен сипатталады. Еркін нарықтық экономикада ресурстарды бөлуде мемлекет ешқандай роль ойнамайды, барлық шешімдер нарық субъектілерімен тәуе-келге бара отырып, өздігінен қабылданады. Бұл жүйеге Гонконг-тың экономикасын жатқызуға болады.
Аралас экономика. Бұл жүйеде барлық материалдық игіліктерді өндіруде, қайта бөлуде, айырбастауда және тұтынуда мемлекет те, жеке меншік те маңызды роль атқарады. Бұл жүйе АҚШ, Англия, Франция, Германия сияқты дамыған елдерге тән.
Адамзат қоғамының дамуында өтпелі экономика ерекше орын алады. Бұл өзгеру сатысындағы, бір жағдайдан екінші жағдайға, шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне өтетін эко-номика. Өтпелі экономикаға сәйкес қоғам дамуындағы өтпелі кезеңді де айта кету керек. Өтпелі кезеңде қоғамдық қатынастар бір типтен екінші типке өтеді.


Тақырып 5. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауар өндірісі. Ақша.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі қоғамдық шар-уашылықтың әрекеті екендігі баршаға мәлім. Барлық қоғамдық шаруашылықта жеке еңбекті қоғамдық өндірісіне қосу пробле-масы туындайды. Осыған байланысты қоғамдық шаруашылық-тың екі түрі қарастырылады:

  • Натуралды;

  • Тауарлы;

Натуралдық шаруашылық еңбек өнімдері рынокқа түсетін айырбас үшін емес, ең алдымен өндірушілердің өз қажеттілік-терін өтеу үшін ұйымдасатын шаруашылық (ол алғашқы қауым-дық, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдістері тұсында кеңінен орын алған). Яғни еңбек өнімі өндірушінің де жеке басының қажетін қанағаттандыруға арналады да, ол тұтынушы-ның қолына тікелей бөлу жолмен тиеді. Натуралды шаруашы-лыққа патриархалдық шаруалар қожалығы және феодалдық игіліктегі шаруашылықтар жатады.
Натуралды шаруашылыққа келесі белгілер тән:

  • жабық экономикалық жүйе;

  • өндірістің жалпылығы мен шектеулігі;

  • дәстүрлі;

  • дамудың баяу қарқыны.

Натуралдық шаруашылық әмбебаптық еңбекке негіздел-ген және қоғамдық еңбек бөлінісін білмеген және өздерінің өнімдерін бір-бірімен айырбастамайтын алғашқы қауымдық ел-дерде жүзеге асырылады. Өндірістік күштің жағдайы және оны ұйымдастыру қарапайымдылығымен сипатталады, ғасырлар бо-йы жылдан-жылға өндірілген тауарлар жиынтығы өзгермейді және сол мөлшерде болады (жай ұдайы өндіріс).
Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлық өндіріс күрделі экономикалық пішін. Тауарлы шаруашылық – бұл өнім-ді тұтыну үшін емес, сатуға немесе айырбастауға арналған өнді-ріс. Бұл кезде адамдар арасындағы нарық арқылы жүзеге асыры-лады. Тауар өндірісінің пайда болуы мен дамуы үшін екі жағдай керек: қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық дербестігі. Өйткені қоғамдық еңбек бөлінісі болмаса айырбас-тың қажеті болмайды. Сонымен қоғамдық еңбек бөлінісі айыр-бастың міндетті шарты болып табылады. Қоғамдық еңбек бөлі-нісінің тарихын үш кезеңге бөледі:

  • Бірінші кезең - мал шаруашылығының ауыл шаруашы-лығынан бөлінуі. Бұл тайпалар арасында айырбас жағдайын туғызды;

  • Екінші кезең – қолөнердің ауыл шаруашылығынан бө-лінуі. Бұл тауарлы өндірістің пайда болуын білдірді;

  • Үшінші кезең - өндірістің саудамен ерекшеленуі және саудагерліктің бөлінуі процессі.

Еңбектің бөлінуі экономикалық еркіндікті ұйғарады, яғни шаруашылық әрекеттер саласын таңдауға мүмкіндік береді. Өндірушінің экономикалық дербестігі кезінде еңбек құралдары-ның иесі, не болмаса уақытша пайдаланушылары болады.
Тауарлы шаруашылық алғашқы қауымда жеке меншіктер және өнімнің қажетті мөлшерден артылуында пайда болады. Бұл еңбек нәтижесін сату сатып алу арқылы айырбастауға сеп-тігін тигізеді. Айырбастың негізгі формалары ақшалай және бартерлік болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет