Құнның еңбек теориясы.
Құнның еңбек теориясының негізгі мазмұны келесідей қағидалардан көрінеді:
нарықтық айырбастың түрлі өнімдері бірдей ішкі маз-мұнға – құнға ие. Сондықтан олар белгілі бір айырбас пропор-циясында бір-біріне теңестіріле алады;
барлық тауарлардың құны тауар өндірушілердің қоғам-дық еңбегімен жасалады. Құн - тауарға негізделген қоғамдық еңбек;
құнды құрайтын еңбектің өзі оның күрделігі немесе са-пасы бойынша ерекшеленеді. Еңбек қарапайым және күрделі ең-бек болып бөлінеді. Күрделі еңбек – бұл көбейтілген қарапайым еңбек. Күрделі еңбектің барлық түрлерін қарапайым еңбектің белгілі бір санына әкелу - бұл еңбек редукциясы;
еңбектің ішкі өлшемі бар, ол – жұмыс уақыты;
жеке жұмыс уақытын (қызметкер, кәсіпорын) және қо-ғамдық қажет жұмыс уақытын (нарықтық) бөліп көрсетеді. Та-уар құны жұмыс уақытының қоғамдық қажеттілігімен анықта-лады;
Қоғамға қажетті жұмыс уақыты – бұл төменде көрсе-тілген кездерде өнімдерді дайындауға жұмсалатын уақыт:
а) өндірістің қоғамдық дұрыс жағдайы кезінде;
б) жұмыстың орташа шапшаңдығы кезінде;
в) қызметкерлердің біліктілігі орташа кезінде.
Егер құнның еңбек теориясы қоғамдық шығындардан шыға отырып құнға түсініктеме берсе, шекті пайдалылық теориясы игіліктердің құны мен бағасына тұтынушылардың экономика-лық психологиясы тұрғысынан түсініктеме береді. Осы теория-ның негізгі қағидалары төмендегідей:
пайдалылық – бұл өзінің жеке қажеттіліктерін қанағат-тандырудағы белгілі бір игіліктердің ролі туралы әр сатып алу-шының беретін субъективті бағасы. Пайдалылық (utility) – бұл тұтынушының тауар және қызметтен алатын қанағаты;
игілік құндылығы – бұл адамның өмірі мен әл-аухаты үшін тұтынатын заттың маңыздылығын түсінуі;
пайдалы игіліктер екі түрге бөлінеді;
а) шексіз көлемде бар игіліктер (ауа);
б) салыстырмалы түрде сирек кездесетін және оларға деген қалыптасқан қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткіліксіз бо-лып табылатын игіліктер;
адам өз қажеттіліктерін олардың маңыздылық дәрежесі төмендеуіне қарай орналастырады және оларды өз иелігінде бар игіліктер санымен қанағаттандыруға тырысады;
жеке тұтыну процесінде құлдыраушы пайдалылық заңы әрекет етеді. Егер бір өнімді үздіксіз пайлана берсек, оның қана-ғаттандыру дәрежесі біртіндеп төмендеп, соңында ол қанықты-рып жібереді;
игіліктер құндылығын шекті пайдалылық анықтайды, яғ-ни осы сияқты өнімге деген өте қажеттілікті қанағаттандыра-тын “шекті дананың” субъективті пайдалығы.
Достарыңызбен бөлісу: |