Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Инфляцияның себептері, көрсеткіштері мен түрлері



бет45/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Инфляцияның себептері, көрсеткіштері мен түрлері
Инфляцияның пайда болуы ақшаның шығуымен, қызметімен байланысты. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. Инфляция – бұл жалпы баға деңгейінің өсуімен қағаз ақшаның құнсыздануы болып табылады. Инфляцияның себептері төмендегідей:

  • Жабу үшін қағаз ақшалар шығарылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы;

  • Мемлекеттің өндірістік емес шығындарының жоғары деңгейі;

  • Тауарлық тапшылық;

  • өздерінің тауарлары мен қызметтеріне негізсіз баға көтеруіне мүмкіндік беретін кейбір тауар өндірушілердің монополистік жағдайы;

  • өндірістің тоқырауы және т.б.

Инфляция – екі жақты үрдіс. Бір жағынан бағаның өсуі, екінщі жағынан ақшаның құнсыздануы. Әдетте инфляция деңгейі нақты кезеңдегі нарықтық және тұтынушылық қоржынның, яғни тауар және қызметтің белгілі жиыннының баға индексінің көрсеткіші көмегімен өлшенеді.
Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік зардаптары:

  • Инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық шиеленістерді тереңдетеді;

  • Бағаның әртүрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады;

  • Халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді;

  • Халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді;

  • Ұлттық табысты қайта бөледі, номиналды және нақты өсу қарқыны, қызметтер мен тауарлар бағасы күрт өзгереді.

Инфляцияға қарсы саясатақша айналымына, ақша көлеміне қысым жасауға және бағаның тез өсуін тоқтатуға бағытталған жиынтықты шараларды өткізуде мемлекеттің таңдаған бағыты.
Инфляцияға қарсы саясаттың Кейнсиандық үлгісі:

  • Ақша сұранысын шектеу;

  • Мемлекеттік шығындарды және ақша массасын қысқарту;

  • Табыстар саясаты: еңбек ақы және бағаларға бақылау жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет