Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет54/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Өзгергіштік
Цитоплазмалық 
Комбинативті 
Тұқымқуаламайтын
Тұқымқуалайтын
ын 
Мутациялық
Модификациялық
Гендік
Хромосомдық
Геномды
қ


78 
Зоотехникалық 
малдәрігерлік 
жұмыс 
үшін 
корреляциялық 
өзгергіштікті оқып білудің маңызы зор. Мысалы жоғары сүттілік пен 
бордақылауға бейімділік бір біріне қарама қайшы. Сондықтан әрі сүтті, әрі 
етті бір тұқым шығарылған жоқ. Ауруға төтеп беретін қасиетпен кейбір өнім 
беретін қасиеттер дұрыс не теріс байланыста болуы мүмкін. 
Мутациялық өзгергіштік. Ата тегінде болмаған кейбір жаңа 
ерекшеліктердің кенеттен ұрпақтың жекелеген ағзасында пайда болуы. 
Мутация тұқым қуалайтын материалдың өзгеруіне байланысты, яғни тұқым 
қуалайтын ақпараттың өзгеруі арқылы болашақ ұрпаққа беріледі. Олар 
табиғатта зертханалық жағдайда және үй жануарларында кездеседі. Егер 
табиғи жағдайда олардың тіршілікке қабілеті төмендесе табиғи сұрыпталуға 
түсіп көп сақталмайды, керісінше бұрынғы түрлерге (формалар) қарағанда 
жоғары болса оларды сұрыптау іліп әкетеді. 
Мутациялар жануарлар мен өсімдіктер эволюциясында өте маңызды 
орын алады, олар комбинативтік өзгергіштікпен бірге отырып табиғи және 
қолдан сұрыптауға көп мәліметтер береді. 
Модификациялық өзгергіштік. Жануарлармен өсімдіктерде қоршаған 
ортаның тікелей әсерінен пайда болады. Көбінде модификациялық 
өзгергіштікке бейімделушілік немесе адаптацияның маңызы зор.
Модификациялық 
өзгергіштік 
тұқым 
қуаламайтын 
генотипті 
өзгертпейтін фенотифтік өзгергіштік. Ол топтық сипаттама көрсетеді, яғни 
адапациялық мәні бар әрбір белгі популяция мүшелерінің бәрінде де ұқсас 
өзгереді де белгілер көрсеткіші өзара тығыз байланыста болады. 
Модификациялық өзгергіштік табиғатта кеңінен таралған, себебі ағза 
белгісінің дамуына қоршаған орта әсер етеді. Бір аналық жасушадан пайда 
болған ұқсас егіздер, генотиптің бірдейлігіне қарамастан әртүрлі ортада 
өсірілсе белгілерінде айырмашылық пайда болады. Сондықтан белгілерге 
(сүт мөлшері, тері салмағы, жүннің салмағы т.б.) ортаның әсері өте күшті 
болғандықтан оларда модификациялық өзгергіштік көбірек пайда болады. 
Сапалық белгілер (қанының тобы, түсі т.б.) негізінен тұқым қуалаушылық 
қасиетпен бақыланады. 
Жануарлардың ортасында қоршаған ортаның әсері кейде оның 
генетикалық айырмашылығын жоққа шығарады. Онда генотипті жағынан 
жақсы да жаманы да бірдей өнім беруі мүмкін. Сондықтан ортаның жағдайы 
нашар болса, фенотипі бойынша сұрыптау ешқашанда нәтиже бермейді. 
Мысалы: нашар азықтандыру бірінші ұрпаққа ғана емес сонан кейінгі 
қатардағы ұрпақтарға әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда созылған (ұзақ) 
модификацияны байқауға болады.
Модификациялық өзгергіштік шектеулі (реакция ережесі) яғни 
генотипте қатаң түрде жоспарланған. Бірақ бұл қоршаған ортаның жақсы 
әсерінен пайда болған белгілері бар индивиттері таңдап алынған, болашақ 
ұрпақтың осыған сәйкес жоспарлануына себеп бола бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет