Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет53/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

 
6.1.1. Өзгергіштіктің түрлері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік ұрпақта 
ата-аналарының ерекшеліктерінің әртүрлі қисындасуына, яғни олардың жаңа 
комбинация құруынан немесе жасушаның генетикалық аппаратының, геннің 


77 
басқада элементтерінің өзгеруінен кенеттен пайда болуы мүмкін. Осыған 
байланысты тұқым қуалаудың екі түрлі өзгергіштігі болады - ол 
комбинативтік (қисындасу), мутациялық (кенеттен пайда болған) және 
модификациялық (тұқым қуалайтын) сыртқы ортаның әсерінен туған 
өзгергіштік. Сонымен қатар коррлятивті өзгергіштік (өзара байланысты) 
маңызды орын алады (26-сурет). 
 
Комбинативтік (лат. «комбинацис»-үйлесу, қисындасу) өзгергіштік әр 
түрлі шағылыстыру, будандастыру арқылы алынған малдың, өсімдіктің 
ұрпақтарында байқалады. Бұл өзгергіштіктің салдарынан жаңа тұқым қуалау 
белгілері пайда болмайды, тек қана ата-анасының гендерінің алмасуының 
арқасында жаңа белгілер үйлесімі пайла болады.
Комбинативтік өзгергіштіктің практикалық маңызы өте зор. Оның 
заңдылығын пайдаланып малдың, өсімдіктің жаңа тұқымдарын шығаруға 
болады. Шығарылған мал тұқымын одан әрі асылдандыру, оларды дұрыс 
жұптау арқылы алатын өнімді арттыру осыған негізделген. Комбинативтік 
өзгергіштіктің негізінде көптеген мал тұқымдары шығарылады; жылқының 
желгір орлов тұқымы, ірі қара малдың кострома тұқымы, алтайдың биязы 
жүнді қойлары т.б. зебу мен ірі қараның еуропалық түрлерін будандастырып 
австралияның сүтті зебу тұқымы алынады. Жаңа тұқым зебулер секілді 
ыстыққа, кенеге төзімді және европалық малдарға ұқсас сүтті болып шықты. 
Архар мен прекос тұқымды қойды будандастыру архармеринос қой тұқымы 
алынды. 
26-сурет. Өзгергіштіктің жіктелуі. 
Коррелятивтік 
өзгергіштік 
(өзара 
байланысты). 
Тұқым 
қуалаушылықпен ортаның әсерінің ықпалымен ағза біртұтас өсіп, дамиды. 
Сондықтан бір ортаның немесе ұлпалардың өзгеруі басқа мүшелер, 
ұлпалардың өзгеруіне әкеп соғуы мумкін. Мысалы гипофиздің (мидың 
қосымша бөлігі) алдынғы бөлігінің жетілмеуі, бойының және жынысының 
өсуін тоқтатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет