79
кезінде фенотиптен жіберілген қателерден пайда болған өзгергіштікті
реализациялық өзгергіштік немесе «үшінші өзгергіштік» деп атады. Басқа
сөзбен айтқанда айырмашылықтар
популяциялар арасында емес, олардың
жеке мүшелерінде байқалады.
Реализациялық өзгергіштіктің басты ерекшілігі, оның өте жоғары
көрсеткіштері
бар индивиттері жоғалып, төменгі көрсеткішті өкілдердің
көбеюінде. Осының салдарынан таралу қисығы және арифметикалық орта
көрсеткіші төменге ауытқиды. Ал генетикалық немесе модификациялық
өзгергіштіктерде сандық белгілер корсеткіштері
арифметикалық орташадан
не төмен не жоғары бола береді, осының есебінен олар өзгермейді.
Реализациялық өзгергіштіктен анықталған онтогенез барысында пайда
болған сандық белгілер көрсеткіші, модификацияларға қарағанда ешқашан да
ұрпақтан көрінбейді, тіпті ата
-аналарының генотипі
мен онтогенез жағдайы
қайталанады. Реализациялық өзгергіштіктің көмегімен гетерозис құбылысын
түсіндіруге болады. Егер мұндай өзгергіштік сандық белгілерде жоғарыласа,
онда осыдан бұрын айтылғандай, олардың орташа арифметикалық мәні
азаяды және керісінше өзгергіштік төмендесе орташа көлемі көбейеді.
Сондықтан өмірсүргіштігі жоғары будандардың генотипі толық жүзеге
асырылудың нәтижесінде тек қана өмірсүргіштік қабілеті ғана емес сандық
көрсеткіштерінің
мәні де жоғарылайды, ал жақын туыстық шағылыстыру
жүргізгенде олар өте төмен болады.
Тұқым қуалаушылық көбінде генотиптің жүзеге асырылу дәрежесіне
байланысты. Неғұрылым кейбір белгілер бойынша генотип фенотипте іске
асырылса, соғұрылым бұл белгілердің
болашақ ұрпақтан көріну
ықтималдығы артады. Осыған байланысты реализациялық өзгергіштің
табиғатын білу, бұл өзгергіщтік білінбейтін селекциялық популяцияларды
бағытталған түрде жасауға көмектеседі,
сондай-ақ тұқымға жақсы
қасиеттерін өзінің келесі ұрпақтарына бере алатын түрлерді таңдап алуға
мүмкіндік береді. Бұл нәтижелер жібек құртымен жүргізілген жұмыстарда
толық дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: