Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет61/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Бақылау сұрақтары 
1. Мутациялық өзгергіштік дегеніміз не? 
2. Төмендегі терминдер (дефишенсия; делеция; инверсия; дупликация) 
қандай өзгергіштікте кедеседі?
3. Жаңа аллельдер қандай мутацияда пайда болады?. 
4. Полиплоидия дегеніміз не? 
5. Мутагендер дегеніміз не?. 
6. Автополиплоидияға мысал кетіріңіз? 
7. Мутагенезге анықтама беріңіз. 
 
Тапсырма: 
1. Полиплоидия құбылысын түсіндіріп мысал келтіріңіз. 
2. Хромосома аймағының 180° бұрылуы қалай аталады мысал келтіріңіз. 
а) инсерция; 
б) инверсия; 
в) трансверсия; 
г) транзиция 
6.2. Онтогенездің генетикалық негізі 
Мақсаты: онтогенездің генетикалық негіздерін олардың жіктелуін, 
таза линиялар, популяциялық генетика, Харди-Вайнберг заңы және сандық 
сапалық белгілер туралы мәліметтермен танысу. 
Материал және жабдықтар: тақырыпқа сәйкесәр түрлі нобайлар, 
баннерлер, кестелер, микроскоп, зертханалық құрал жабдықтар, дәнді 
дақылдар. 
6.2.1. Онтогенетикалық жіктелу (дифференцировка) дегеніміз - даму 
барысында ағзада морфологиялық өзгергіштердің пайда болуы. Онтогенездің 


93 
барысында жасушалар мен ұлпалар мүшеленуінің генетикалық механизмдері 
өте күрделі. Онтогенезді генетикалық зерттеудің бастапқы кезеңі: бір ген - 
бір белгі, немесе ген ДНҚ-РНҚ - ақуыз- ... - белгі заңдылығына сәйкес 
белгінің қалыптасуындағы геннің әсеріне талдау жасау болып табылады.
Жасушалардың жіктелуі деп ұрықтанған жұмыртқа жасушасының 
бөлінуі кезеңіндегі бірте-бірте бір бірінен айырмашылығының қалыптасудың 
соңында әр түрлі «мамандандырылған» арнаулы ұлпалардың пайда болу 
үдерісін айтады. Микроскоп арқылы бір ағзаның ұлпалардың жасушалары 
бір бірінен құралысы, көлемі сырт пішіні өзгеше екенін көруге болады. 
Сонымен қатар әр түрге жататын жануарлардың бір түрлі ұлпалардың 
жасушаларының ұқсастығы байқалады. Бұл жасушалардың әр түрінің өзіне 
тән ерекше қызмет атқаруына бейімделуіне байланысты. жасушалардың 
жіктелу механизмін анықтау қазіргі биологияның басты мәселелерінің бірі. 
Жіктелу қамтамасыз үдеріс болғандықтан кейбір авторлар жіктелу негізінде 
әрбір жасушаларға гендердің әр түрлі саны болады деп түсінген. Бұл 
ұғымның қисықтығы дәлелденді. Біздің ғасырдың басында әрбір сомалық 
жасушаның 
ұрықтанған 
жұмыртқа 
жасушасындағыдай 
мөлшерде 
хромосомалары болатыны көрсетілді. Жасушалардың жіктелуі кезінде 
гендердің түсіп қалуы жөніндегі сұраққа арнаулы эксперименттерде 
ядроларды ауыстырып салу жауап береді. Бұл зерттеулер ішек 
жасушаларының ядролары ағзадағы барлық жасушалар типінің жіктелуіне 
жететін гендері бар екенін көрсетеді. Кейінгі жұмыстарында Гердон алғашқы 
он рет бөлінгенде бақа эмбрионының дамуында ядроларда РНҚ 
синтезделемейтінін көрсетті.
Көп жасушалы ағза жасушаларында гендердің ұқсас жиынтықтары 
болады, бірақ түрлі уақытта әр түрлі ұлпаларда сан алуан гендер әрекет етеді, 
солардың арқасында жіктелу іске асады. Ген әсерінің реттелуі әр түрлі: 
репликация, транструкция және трансляция деңгейлерінде болады.
Жануар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің мүшеленген ұлпалардың 
жасушаларында эндомитоз және политения құбылыстары байқалады. 
Мысалы 
кейбір 
өсімдіктердің 
крахмал 
түзетін 
жасушаларында, 
сүтқоректілердің бауыры мен ішек эпителиінде эндомитоз жүреді, соның 
нәтижесінде полиплоидия орын алады. Бұндай жағдай сілекей бездерінің 
интенсивті қызмет жасап жатқан ядроларына, ішекке және қосқанаттылар 
личинкаларының мальпингий түйіршіктеріне де тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет