Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Өзгергіштік заңдылықтары -



Pdf көрінісі
бет56/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

6.1.2. Өзгергіштік заңдылықтары - тұқымқуалаушылық сияқты 
өзгергіштік те барлық тірі ағзаларға тән. Өзгергіштік дегеніміз — ағза 
бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта әсерлеріның 
әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады 
немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады. Өзгергіштіктің екі түрі 
бар, олар: 1) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік, бұған 
модификациялық өзгергіштік жатады; 2) генотиптік немесе тұқым қуалайтын 
өзгергіштік; бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады.
Модификациялық өзгергіштік - генотиптері ұқсас, бірақ әр түрлі орта 
жағдайларында өсіп дамитын ағзалардың фенотиптері түрліше болып 
қалыптасады. Дарақтардың осылайша фенотипті жағынан әр түрлі болып 
өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды. Модификациялық 
өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни ағза 
белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады. Мысалы, сиырдың үш 


80 
қасиетін алайық: оның сүттілігі азығы мен күтіміне тығыз байланысты. 
Дұрыс рацион құрып, қажетті мөлшерде азықтандыра отырып оның сүтін 
молайтуға болады. Бұл тез және көп өзгеретін қасиет. Ал сүтінің майлылығы 
сүттілікке қарағанда азық және күтім жағдайларына аз мөлшерде байланысты 
және ол сиырдың тұқымына тән біршама тұрақты қасиет. Дегенмен, құнарлы 
азық беру арқылы оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым аз өзгеретін, 
тұрақты белгі — сиырдың түсі. Бірақ сиыр жүнінің түсін сыртқы орта 
жағдайларына мүлдем байланыссыз деуге болмайды, ол да аздап болса 
өзгереді. Бұдан біз қандай белгі-қасиет болсын сыртқы ортаның әсерінен 
белгілі бір мөлшерде модификациялық өзгергіштікке ұшырайтындығын 
көреміз.
Модификациялық өзгергіштік ағзаның көбею жолдарына, қандай 
биологиялық түрге жататындығына және өсу ортасына байланысты. Ол жер 
бетіндегі барлық тірі ағзаларда кездеседі.
Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, 
сондықтан олар тұқым қуаламайды. Бірақ гендердің қызметіне және 
ферменттердің белсенділігіне әсер етуі мүмкін. Мысалы, төменгі 
температурада кейбір ферменттердің белсенділігі кемиді. Соған байланысты 
зат алмасу үдерісі өзгереді де, ағзаның өсіп-дамуы баяулайды. Олай болса, 
сыртқы орта әсерлерінің әсерінен көптеген физиологиялық, биохимиялық 
және морфологиялық үдерістер өзгереді. Бірақ бұлар тек фенотиптік қана 
өзгерістер. Себебі мұндай жағдайда гендердің құрылымында ешқандай 
өзгеріс байқалмайды.
Тағы да бір айта кететін жай, жоғарыда келтірілген модификациялық 
өзгергіштіктің қалыпты әрекеттесуі (реакциянормасы), яғни белгі-
қасиеттердің өзгеру шамасы генотип арқылы анықталады.
Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері. 
Өткен тақырыпта ағза белгілерінің сыртқы орта жағдайларының әсерінен әр 
түрлі мөлшерде өзгеретіндігі туралы айтылды. Енді осыған зер салып 
қарайық. Мысалы, бір ағаштан үзіп алынған жапырақтардың ұзындығы мен 
енін өлшесек, олардың әр түрлі екендігіне көз жеткіземіз. Бұл 
жапырақтардың өсіп-дамуына орта жағдайлары, күннің түсуі, қоректік заттар 
мен судың тамыр арқылы жеткізілуі және т.б. бірдей әсер етпейтіндігіне 
байланысты болатын өзгергіштік. Егер жапырақтарды ұзындығы бойынша ең 
кішісінен үлкеніне дейін бір қатарға орналастыратын болсақ, бұл белгінің 
өзгергіштік қатарын көреміз.
Мұны вариация қатары деп атайды. Ол варианттардан тұрады, сонда 
варианта дегеніміз — белгі дамуының жеке көрінісі. Мұндай 
модификациялық өзгергіштік статистикалық әдіспен зерттеліп анықталады. 
Мысал ретінде бидай масағындағы масақшалар санының өзгергіштігін 
қарастырайық. Зерттеу үшін таңдамастан 100 масақты алып, олардың 
әрқайсысындағы масақшалардың санын есептейміз (27-сурет). 


81 
27-сурет. Сан арқылы көрсетілген лавр жапырақтарының өзгермелі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет