94
кемтарлыққа ұшырататыны анықталды. Бұл кезеңдерде ортаның өзгеруіне
ұрықтың өте сезімталдығы байқалады. Мұндай кезеңдер - балықтардан,
қосмекенділерден, құстардан және тауықтан табылған. Мұны
қатерлі
кезеңдер деп атайды. Бұл кезеңдер соңғы бластулада көрініп, негізгі
морфогенез үдерісінің алдын алады. Құстарда қатерлі кезеңде -
инкубацияның 2-3-ші күні қан айналым жүйесі қалыптасқанда; 8-9-шы күні
құстарға тән мүшелер
мен ұлпалар айқын жіктелерде; 19-шы күні жіктелу
үдерісі қайта ұлғайған және дем алу түрі өзгерер кезде. Сонымен қатерлі
кезеңдер морфогенездің негізгі өзгерістерінің алдында - зат алмасу
үдерістерінің қайта құрылуы жүргенде байқалады.
6.2.3. Популяциялар генетикасы.
Жаңа биологияның жауапты міндетінің бірі - популяциялар мен
түрлердің эвалюциясын саналы түрде басқарып,
қажетке қарай бағыттау
болып табылады. Түрлер мен популяциялардың эвалюциясы табиғаттың
заңдылығына байланысты, ол жануарлар, микрооргонизмдер мен вирустарда
адам сана-сезімімен басқарылып бағытталуы тиіс. Эволюция мен селекция
өте күрделі факторлардың жиынтығына негізделген, олардың ішінде ең
бастылары: табиғи және қолдан сұрыптау, ортаның әсеріне немесе адамның
мақсатына сәйкес, топтардың генетикалық жүйелігі өзгереді. Бүгінгі күнге
дейін анықталып, суреттелген жарты миллионға жуық осы күнгі өмір сүретін
өсімдіктер мен бір миллионға таяу жануарлар түрі бар, ал, әлі ашылып
суреттелмеген түрлердің саны кем дегенде бір-екі миллионнан асады.
Ғалымдардың есебі бойынша, бір кезде жер бетінде өмір сүріп кеткен, қазір
жоқ өсімдіктер мен жануарлардың түрлері қазіргіден бес-тоғыз есе көп.
Түрлер эволюциялық жолмен табиғи сұрыптау арқылы соңғы үш млрд. жыл
бойы пайда болды деген жүз жыл бұрын
айтылған пікір биологиядағы
ашылған елеулі жаңалықтардың бірі болып табылды. Мал тұқымын
асылдандыру, одан алынатын өнімді арттыру үшін тек жеке өкілдерінің ғана
емес топтың бүкіл тұқымының генотиптік жүйесін білу керек. Тұқым қуалау,
өзгергіштік заңдылықтарын, табиғи жағдайда жануарлардың өсіп-өнуін,
зерттеудің маңызы өте зор.
Өзіміздің ішкі сезімімізге байланысты біз түрге бір-біріне ұқсас
ағзаларды, мысалы, адамдар, жылқылар немесе теректерді жатқызамыз.
Түрдің ғылыми анықталуы бірнеше рет өзгертілген, қазіргі кезде «Түр
дегеніміз морфологиялық
жағынан өте ұқсас, шыққан тегі бір және табиғи
жағдайда бір-бірімен шағыласа алатын бір топ ағзаларды айтады». Бір түрге
жататын өкілдер бір-бірімен жақын немесе бірге жүруі шарт емес. Олар бір-
бірімен оқшауланып жекеленген топтар - популяциялар құруы мүмкін.
Популяция -деп Н. В. Тимофеев-Рессовскийдің анықтауы бойынша
өмір сүретін ортақ мекені бар, сол жердің жағдайына бейімделген,
туыстастас жиынтықтардан оқшауланған (аралық кеңістікте, мезгілдік,
физиологиялық, генетикалық) және өзара шағылыса алатын бір түрге енетін
ағзалардың жиынтығын айтады. Мысалы Колгуев
аралығындағы бұғылар
Қиыр солтүстік материктегі бұғылардан теңізбен бөлінген. Осының
95
нәтижесінде Колгуев бұғылардың ерекше популяциясы пайда болған. Олар
осы түрдің қалған бұғылармен салыстырғанда генотипіде, фенотипі де
өзгеше ірі және өімр сүру қабілеті жоғары болғандығын байқаған. Популяция
түрдін бір бөлігі. Ол тағы мәдени өсімдіктерде және үй жануарларында
кездеседі. Популяция «таза күйінде» өсірілетін ауыл шаруашылық
малдарының тұқымын келтіруге болады. Егер бір шаруашылықта малдың екі
түрлі тұқымын бір-бірімен шағыстырылмай жеке өсірсе, онда екі тұқымдағы
малдар екі популяцияға жатады. Мал шаруашылығындағы
жеке табындағы
малдар, тұқым және туыстарға жатады. Әдетте популяция тұйық топ. Оған
басқа жерден әкелмейді, оның ішінен алып кетілмейді, сондықтан
популяцияда жұп таңдау өз ішінде жүреді. Әрбір популяция өзінің белгілі
генефондымен, яғни құрамына кіретін ген аллельдерінің жыиынтығымен
сипатталады.
Популяциямен
қоса генетикада аталық із немесе
таза линия деген
ұғым бар. Таза линия - бір атадан тараған және оған генотипі жағынан өте
ұқсас болып келетін ұрпақтар. Малда оны «аталық із» деп атауға болады.
Негізінде «
таза линия» малда жоқ, ол өз бетімен тозаңданатын бір өсімдіктің
ұрпақтарында кездеседі. Қолдан тозаңдандырылатын өсімдіктерде таза линия
алу үшін кемінде сегізінші ұрпаққа дейін қолдан өзі-өзін тозаңдандыру керек.
Таза линияның популяциядан айырмашылығы - толық гомозиготалығында.
Соның арқасында онда сұрыптау жүргізілмейді, өйткені таза линияның
өкілдерінің гендер құрамы бірдей.
Популяциялар эволюциясының қозғаушы үш факторы: тұқым
қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыптаудың өзара әрекеттесуі негізінде
тіршілік жағдайларының «лайықтаудың» мәнісі болып табылады.
Популяциялардың қалыптасу үдерістері
мен олардың өскелең дамуы
микроэволюцияны құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: