Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Таза линиялар мен популяциядағы теріп алу нәтижелігі



Pdf көрінісі
бет63/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

6.2.4. Таза линиялар мен популяциядағы теріп алу нәтижелігі. 
Популяцияның құрлымын генетикалық және статистикалық әдістермен 
зерттеуді алғаш рет 1903 жылы В. Иоганнсен қолдады. Тұқымының көлеміне 
қарап үрме бұршаққа сұрыптау жасаған Иоганнсен олардың ұрпақтарының 
себілген тұқым көлеміне қарай ауытқуларын бақылады. Атап айтқанда егер 
ірі тұқым себілсе ұрпағы ірі, кішкене тұқым себілсе ұрпақтарының көлемі 
кішірейетіндігін байқаған (2-кесте). 
Ол тұқым белгілері көп гендермен анықталатын және сыртқы ортаның 
әсеріне қатты ұшырайтын бұршақ тұқымының салмағы мен көлемін зерттеді. 
Бұл белгілерде модификациялық өзгергіштіктің сипаты айқын көрінеді. Ол 
үрме бұршақтың тұқымын өлшеп, көрсеткіш бойынша вариациялық карта 
жасады. Салмағы 150-350 және 550-5-650 мг-ға дейін болды. Онан әрі 
салмағы 250-350 және 550-650 мг болған тұқымдар бөлек өсіріліп, әр 
өсімдіктің тұқымы қайта өлшенеді. Популяция құрайтын сұрыптан таңдап 
алынған ауыр (550-650мг) және жеңіл (250-350 мг) тұқымдар бөлек егіліп, 
олардан салмағы әр түрлі өсімдіктер алынды.


96 
2-кесте 
Аналық тұқымның салмағына қарай әр кластағы ұрпақтардың 
өзгергіштігі (Иогансен бойынша) 
Аналық 
тұқымның 
класстары (мг) 
Тұқымның 
саны 
Орта мөлшері және 
ז(мг) 
Х ± m 
∑ 
150-250 
250-350 
350-450 
450-550 
550-650 
650-750 
Жиынтығы 
180 
835 
2238 
1138 
609 
494 
5494 
437,8±0,56 
444,7±0,31 
461,7±0,19 
489,4±0,28 
518,7±0,42 
560,3±0,45 
479,2±0,13 
7,47 
9,03 
8,93 
9,34 
10,24 
10,02 
98,7 
Ауыр тұқымдардан өскен өсімдіктер тұқымының орташа массасы -578,7 
мг, ал жеңіл тұқымынан - 444,4 мг болды. Осы арқылы үрме бұршақтың 
сұрып-популяциясы әр қайсысы генетикалық құрамы жағынан әртүрлі 
өсімдіктерден тұратынын және әрқайсысы таза линияның басы бола 
алатынын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет