92
Ботаник, генетик, географ. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын
анықтады. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар заңын ашып,
дүние жүзінің 40-қа жуық аймағында экспедициялық зерттеулер жүргізген.
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас қатарлары заңы селекцияда
кеңінен қолданылады. Ол көптеген мутацияның
ішінен қажеттілерін дұрыс
таңдап алуға мүмкіндік туғызады және бір түрде болатын мутацияны білу
арқылы оған туыстас екінші түрде де, дәл сондай мутация тудыруға болады.
Мысалы, Н.И.Вавилов Абиссинаға барған сапарында қатты бидайдың
қылтанақты түрлерін тапты. Кейіннен белгілі селекционер А.П.Шехурдин
соған сәйкес жұмсақ бидайдың да қылтанақсыз сұрыпын (сортын) шығарды.
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас қатарлары жануарларда да
кездеседі. Мысалы, альбиностар (түстің ақ болуы) қояндарда,
теңіз
шошқасында және т.б. кеміргіштердің барлығында да кездеседі. Әр түрлі
микроорганизмдерден де тұқым қуалайтын ұқсас биохимиялық өзгерістер
байқалған.
Достарыңызбен бөлісу: