Теодолит аспабы жазық жəне тік бұрыштарды өлшеуге арналған. 10529-97 ГОСТ бойынша теодолиттер дəлдігіне қарап оларды жоғарғы дəлдікті ТО5, Т1 (бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қатесі 0,5 – 1//), дəл Т2, Т5 (бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қатесі 2 – 10//) жəне техникалық Т15, Т30 (бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қатесі 15 – 30//) деп бөледі. Соңғы топтағы теодолиттер құрылыс-монтаждау жұмыстарында кеңі- нен қолданылады. Теодолиттердің маркасы олардың дəлдігін көрсетеді, мысалы, Т30 теодолитімен бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қатесі ± 30//.
Теодолитті күту жəне жұмысқа дайындау.Теодолит аспа- бын пайдалануда, оны күтіп ұстау, ақау түсірмеу, дұрыс тасымал- дау, қорапқа салу, буып-түю өлшеу нəтижелеріне көп ықпалын тигізеді, сондықтан төмендегі жағдайлармен таныс болу керек:
Теодолитті буып-түйіп қорабына салумен тиянақты танысу;
Теодолиттің көтергіш бұрандалары ортаңғы жағдайына келіп тұрулары керек;
Аспап бөліктері, жетекші бұрандаларының айналуы бір- қалыпты жəне шайқалыссыз болуы керек;
Есеп алу цифрлары, заттардың дүрбіден көрінуі жəне дүрбі ішіндегі жіп торының кескіндері анық болулары керек;
Тасымалдағанда аспаптың қорап ішінде немесе үштағанға (штатив) дұрыс бекітілгенін қадағалап отыру керек;
Тасымалдау кезінде аспапты тік қалпында ұстау қажет.
2Т30, Т30М, 2Т30М теодолиттерінің құрлыстары. Бұл тео- долиттер мынадай негізгі бөліктерден тұрады: теодолит табаны
1 (32-сурет) тұғырықпен – 2 жалғасқан, оның теодолитті қалыпты жағдайға келтіру үшін
жасалған арнайы үш бұралмалы көтергіш аяқшалары – 3 бар. Жазық бұрыштарды өлшеуге арналған, лимб жəне алидада орналасқан дөңгелек қорап – 4. Лимбты бе- кіту жəне жайлап бұру (жетекші) бұрандалары – 5. Алидаданы бекіту жəне жайлап бұру бұрандалары –
6. Тік бұрышты өлшеуге арналған, лимб жəне алидада орналасқан тік дөңгелек қорап – 7. Көру дүрбісі
8. Дүрбіні жайлап бұру жəне бе- кіту бұрандалары – 9. Есеп алу құрылғысының окуляры – 10. Есеп
Достарыңызбен бөлісу: |