Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі



бет33/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Лейкоциттердің қызметі.
Лейкоциттер- ақ түсті, ядролы, ірі торшалар. Олардың қандағы жалпы саны эритроциттер санынан 600-800 есе кем болады да, организмнің физиологилық күйіне байланысты көп шамада айытқып отырады. Қабыну процесі, жұқпалы аурулар лейкоциттер санын көбейтеді.
Лейкоциттер түйіршікті және түйіршіксіз болып бөлінеді. Түйіршікті лейкоциттерге базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер, ал түйіршіксіз лейкоциттерге - моноцит және лимфоцит жатады.
Организмде лейкоциттер қорғағыш қызмет атқарады. Оларға фагацитоз құбылысы тән және лейкоциттер әр түрлі денелер түзуге , организмде бөгде белоктарды залалсыздандыруға қатысады.
Тромбоциттің қызметі.
Тромбоциттер- ядросыз, майда, нәзік, өте тез бұзылатын торшалар. Қанның 1мм мөлшеріндегі олардың саны 200 - 400 – мың , тіршілік мерзімінің ұзақтығы 2-5 күн . Олар сүйек кемігінде түзіліп, көк бауырда бұзылады. Бұл торшалар қанның ұю процесіне қатысады.
Тромбоциттерге ерекше қасиеттер тән, атап айтқанда жабысқақтық (адгезия) және желімденгіштік (агрегация). Организм жарақаттанып, тамыр қабырғалары зақымданса олар жарақаттанған қан тамырлары қабырғасына жабысады да, бір- бірімен желімдене бастайды. Тромбоциттердің тамыр қабырғасына жабысуына зақымданған беткейдің теріс зариядының оң зариядқа алмасуы да себепкер болады.
Тромбоциттердің фосфолипидтерден түзілген екі қабатты қабығы болады. Осы қабықта олардың барлық қызметін қамтамасыз ететін құрылымдар (тромбин, адреналин, АДФ сияқты заттардың сигналдарын қабылдайтын рецептор, өсінділер т.б.) орналасады. Тромбоциттер бұзылғанда олардың денесіндегі ретрактозим, серотонин, антигепарин, антифибринолизин т.б. бөлінеді де, ұйықтың пайда болуына қолайлы жағдай туындайды.
Қанның осмостық қысымының маңызы.
Осмостық қысым деп жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (су) өтуіне жұмсалатын күшті айтады. Организмде қан тамырларының қабырғасы осы жартылай өткізгіш жарғақтың қызметін атқарады. Оның іш жағында қан, сыртқы жағында торшааралық сұйықтық жатады.
Қанның осмостық қысымының деңгейі оның құрамындағы электролит иондарының , белок молекулаларының мөлшерімен байланысты қалыптасады. Қанның бұл көрсеткіштерінің тұрақты болғандықтан оның осмостық қысымы да тұрақты- 7,8-8,1 атмосфера аралығында сақталады. Осмостық қысымның тұрақылығын реттеуде әр түрлі бөлу мүшелері (бүйрек , тер бездері т.б.) маңызды рөл атқарады. Олардың қызмет әрекеттерінің арқасында зат алмасу кезінде организмде түзілген түрлі зиянды ыдырау өнімдері сыртқа шығарылып, осмостық қысымның ауытқуына мүмкіндік берілмейді.Бұл процесте әр түрлі ұлпалардың минералды тұздарды сіңіріп алып, оларды қанға жайлап бөліп отыратын қабілеті де маңызды рөл атқарады.
Қанның осмостық қысымының тұрақтылығының үлкен биологиялық маңызы бар. Дененің кез келген торшаларының (қан түйіршіктері, нерв, ет, эпителий торшалары) осмостық қысымы оларды қоршап тұрған сұйықтың (қан, лимфа, торшааралық сұйық ) осмостық қысымына тең. Сондықтан да торшаны қоршап тұрған сұйықтың осмостық қысымы өзгерсе, онда торшалардағы су алмасу процесі бұзылып, гемолиз (торшаның ісіп, жарылуы), не плазмолиз (торшаның су жоғалтып, бүрісуі) құбылыстары байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет