Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі



бет34/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
Қанның буферлік жүйесі.
Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың қанының әрекетшіл ортасы әлсіз сілтілік болады (рН- 7,35-7,45). Бұл көрсеткіш Н және ОН мөлшерінің ара қатнасымен анықталады. Артерия қанының рН-7,45, ал вена қанының рН-ы ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7,35 шамасында сақталады. Зат алмасу процесі барысында қанға көмір қышқыл газдың , сүт қышқылының т.б. қышқыл алмасуөнімдерінің бөлінуіне қарамастан қанның әрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда сақталады. Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады.

  1. Бикарбонатты буф. жүйе: ол көмір қышқыл мен натрий

бикарбонаттарынан тұрады.
2. Фосфатты б.ж: бір және қос негізді фосфорқышқылды натрийдан тұрады.
3. Белокты б.ж: плазма белоктарынан құралады. Белоктар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның әрекетшіл ортасына қарай не Н, не ОН иондарын бөледі де, қанның сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды.
4. гемоглабиндік жүйе; гемоглабиннің К тұзына (КНвО) байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан оған өзінің К ионын береді де, Н ионын қосып алып, баяу диссоциацияланатын қышқылға айналады. Қанның сілтілік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглабинге байланысты.
Қан әрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік қоры деп 100 мл қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан құрамында қышқылдық және сілтілік эквиваленттер белгілі арақатынаста болады да, қышқыл- сілтілік тепе- теңдік қалыптасады.
Бақылау сұрақтары
1.Қанның плазмасы және сары суы
2..Қанның формалары элементтері.және олардың қызметі.
3.Қан түзілу физиологиясы.Қан түзілуінің реттелуі
4..Эритропоэтиндер,олардың қан түзілудегі маңызы.
5. Қаннң мөлшер салмағы, коллоидтық-осмостық қысым және қанның буферлік қасиеті. 6.Қан құрамындағы жынысқа, жасқа және қан т.үзілу процесіне байланысты айврмашылықтар.


Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Қанның буферлік жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет