немесе:
фундаменталды
қолданбалы
Ғылыми танымның басты ерекшеліктері:
дүниенің объективті заңдарын ашу
ғылыми танымның мақсаты – рационалды тәсілдері арқылы объективті ақиқатқа жету
практикамен байланысы
ғылыми таным шексіз және әрдайым дамып отырады
ғылыми зерттеу процесінде ғылыми құралдар мен идеалды тәсілдер қолданылады
ғылыми танымға дәлелділік, негізділік, сенімділік тән
Қоғамдық ғылымдардың ерекшелігі:
негізгі пәні – адам әлемі, сондықтан ол субъективті өлшемде қабылданады, қоғамдық ғылымдар адамдар іс-әрекеті мен олардың арасындағы қатынастарды зерттейді
қоғамдық ғылымдар субъективті және этикалық құндылықтармен байланысты
әлеуметтік танымда сапалық өлшемге ерекше көңіл аударылады
қоғамдық ғылымдар ғылыми құралдармен емес, абстракциялық ойлаумен жұмыс жасайды
қоғамдық ғылымдарда ортақ парадигмалар болмайды (парадигма-белгілі бір кезеңде болатын ғылыми тұжырымдардың ортақ үлгі, шеңбері)
Ғылыми таным құрылымы:
объект, субъект, таным құралдары мен тәсілдері немесе эмпирикалық тәжірибе арқылы алынған деректік мәлімет
алғашқы зерттеу нәтижелері
деректерге сүйенген ғылыми тұжырымдар (гипотеза)
одан туындайтын заңдар мен теориялар
философиялық негіздеме
әлеуметтік-мәдени негіз
ғылыми таным нормалары, идеалдары, қағидалары
ойлау стилі
Ғылыми таным деңгейлері:
эмпирикалық
теориялық
Методология ұғымының екі негізгі мағынасы бар:
әлде бір іс-әрекетте қолданылатын белгілі бір тәсілдер, әдістер жүйесі;
осы жүйе туралы ілім, тәсілдер теориясы.
Ғылым методологиясы ғылыми білім құрылымы мен дамуын, ғылыми зерттеу тәсілдерін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |