Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі



бет18/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі. Қажетті тазалықты және адамдардың жұмыс істеуіне, тұрмысына қолайлы жағдай туғызу үшін желдету және ауа баптау жүйелері бөлмелерде тиімді ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.
Ау алмасу – бөлмедегі «қызған» немесе лас ауаны жартылай немесе толығымен таза атмосфера ауасымен алмастыру.
Бөлменің ішкі көлеміне шаққанда бір сағатта ішке берілетін немесе одан әкетілетін ауа мөлшері ауа алмасу еселігі деп аталады.
Бөлмелерде талап етілетін саитарлық-гигиеналық жағдайларды ауа алмасу қамтамасыз ететіндіктен, яғни бөлмеден лас ауаны әкетіп, таза ауа беретіндіктен, желдету жүйелері жұмыс түріне байланысты ауа беру және ауа шығару жүйелері болып бөлінеді.
Бөлмеден әкетілетін және бөлмеге берілетін ауа қозғалысын тудыру тәсіліне байланысты желдету жүйелері табиғи (ұйымдасқан және ұйымдаспаған) жәнемеханикалық желдету жүйелері болып бөлінеді.
Ұйымдаспаған табиғи желдету кезінде бөлмедегі ауа алмасу ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен қоршау конструкцияларының саңылаулары, ойықтар арқылы жүреді.
Ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен, бірақ, сыртқы қоршауларда арнайы орнатылған, ашалып-жабылуы реттелетін фрамугалар арқылы орын алатын ауа алмасу түрі – табиғи ұйымдасқан желдету жүйесі немесе аэрация деп аталады.
Бөлмеге ауа беру немесе одан ауа әкету механикалық қозғалыс туғызатын қондырғылар, яғни желдеткіштер көмегімен жүргізілетін болса, ондай жүйелерді механикалық желдету жүйелері деп атайды.
Бөлмелерде ауа алмасуды ұйымдастыру тәсіліне байланысты желдету жүйелері жалпы алмасу, жергілікті, локализациялық, аралас және апатты жағдайдағы желдету жүйелері болып бөлінеді.
Жергілікті желдету жүйесі бөлменің белгілі бір жерлерінде, атап айтсақ жұмыс орындарында (мысалы, жұмыс орнына бағытталған ауа ағыны - «ауа себезгісі») қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызады.
Локализациялық желдету жүйесі – бөлме ауасына зиянды зат тарамауы үшін өндірістік қондырғылардың зиянды зат бөлінетін жеріне орнатылатын, арнайы жабындармен, шатырлармен жабдықталған ауа шығару жүйесі.
Желдетудің аралас жүйесі деп – жалпы алмасу жүйесінің жергілікті немесе локализациялық жүйемен бірге қолданылуын айтады.
Апатты жағдайдағы желдету – кенеттен зиянды заттар бөлінуі мүмкін ғимараттарда орнатылады. Апатты желдету жүйелерін тек зиянды заттарды тез шығару керек болған жағдайларда іске қосады.
Желдету жүйесінің түрін бөлменің арналуына, ондағы зиянды заттар түріне, ауа ағындары қозғалысының схемасына қарай таңдайды. Мысалы:
- «Ыстық» цехтарда аэрация, жергілікті ауа шығару және ауа себезгілері кеңінен қолданылады;
- «Салқын» цехтарда ауа беру және шығарудың жалпы алмасу схемаларын, ал қақпаларға ауа перделерін қолданады;
- Қоғамдық ғимараттарда (театр, мәжіліс залдары, дүкендер және т.б.) ауа беру және шығарудың жалпы алмасу жүйелерін таңдайды;
- Мардымсыз ғана ауа алмасуды қажет ететін бөлмелерде ауа шығару жүйелерін ғана қарастырады, ал сыртқы ауа ішке ашық терезелер, фрамугалар және ойықтар арқылы кіреді;
- Тұрғын үйлерде, әдетте, ас бөлмелер мен әжетханалардан ауа шығару жүйелерін ғана қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет