Биосүзгі - сүзу материалы салынған бетон ыдыс түрінде болады, онда толтырылған қиыршық тастар бетінде органикалық қалқыма заттар аэробты қышқылданатын биоүлдіргі түзіледі. Осылайша, тазарту табиғи жағдайларда топырақ бетіне түзілетін биоүлдіргіде өтетін - шайу, сүзу алқаптары мен биологиялық тоғандарда тазартудан, сүзгі қабаты көлемінде өтуімен ерекшеленеді.
Аэротенк -тік бұрышты бетон резервуар, оның бетінде белсенді тұнба үлдіргісі түзіліп, биологиялық тазарудың қарқынды процесі жүреді.
Биологиялық тазартудан өткен соң, су залалсыздандырылып, су қоймасына жіберіледі.
Бақылау сұрақтары:
Лас сулардың су қоймасына әсері.
Лас сулардың ластану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер.
Лас суларды механикалық тазарту.
Лас суларды биологиялық тазарту.
Лас суларды қоймаға тастау кезінде қойылатын талаптар.
Қалалардың лас суларын тазартуі тәсілдері.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 8, ҚӘ 2
№14 Дәріс
Тақырыбы: «Тасымалдаушы құралдар»
Кран, лифт (жеделсаты), автокөліктерді пайдалану. Зауыттың ішкі транспортын қолдану
Жүктеу-жүк түсіру жұмыстары кезіндегі ережелер.
Дәрістің мақсаты: жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді пайдаланумен танысу: кран – манипуляторлармен қоса барлық типті жүк көтергіш крандармен; жүк электрлік арбашалармен және т.б.
Жүк көтергіштер (крандар ) келесідей түрлерге бөлінеді:
1) құрылымдық орындалуымен: кабель типті , көпірлі, оқты;
2) жүк ұстаушы құралының түрі бойынша: ілмекпен, грейфермен, магнитті қармаумен құралданған ;
3) орын ауыстыру тәсілі бойынша тұрақты, қозғалмалы, өздігінен жүретін;
4) жүрістік құрылғы бойынша: рельсті, автокөлікті, шынжырлы.
Жүк көтергіш машиналарды жұмысқа жіберудің алдында, олар мемлекеттік техникалық бақылау аумақтық өкілдерінде (аймақта, инспекцияда) тіркелген болуы тиіс. Жүк көтергіш машиналар және алынатын жүк қармаушы құралдар жұмысқа жіберілмей тұрып толық техникалық куәландырылуы тиіс.
Жұмыс барысында орналасқан жүк көтергіш машиналар периодикалық техникалық куәландырылуы тиіс: бөліктеп – 12 ай бір реттен аз емес; толықтай – 3 жылда бір реттен кем емес, аз қолданылатын машиналарды ескермегенде.
Жүк көтергіш машинаның толықтай куәландырылуы келесі жағдайларда жүргізіледі:
а) жаңа орында жүк көтергіш машинаны орнатудағы жинақтаудан кейін;
б) жүк көтергіш машинаны қайта құру кезінде;
в) ауысымды оқты құрылғыны орнату немесе оқты ауыстыру кезінде;
г) күрделі жөндеуде немесе жүк (оқ) арбасын ауыстыру кезінде;
д) ілмекті немесе ілмектің ілгектерін ауыстыру кезінде.
Лифт (жеделсаты) келесідей негізгі бөліктерден тұрады: шахта, машина және блок бөлмелерінің кабинасынан, қарсы салмақтан, көтеруш механизмінен және электр құрылғысынан. Жеделсаты шахтасы деп барлық жақтан шектелген кеңістік, онда жеделсатының кабинасы мен қарсы салмағы қозғалады. Шахта барлық жағынан бүкіл ұзындығының бойына шектелген болуы және оның едені мен жоғарғы қақпасы болуы тиіс. Шахтаның төменгі бөлігінде кабинаның төменгі жұмыс орнының сыртында ойықша орналасуы тиіс. Шахтаның есіктері екі жаққа кең ашылатын да, жылжытылатын, қолмен немесе жетек арқылы ашылып жабылатын болуы мүмкін. Екі жаққа кең ашылатын есіктер тек сыртқа ашылуы тиіс. Жеделсатылардың кабиналары адамдардың немесе жүктің қауіпсіз қозғалуы үшін қажет. Кабина мен қарсы салмақты ілу үшін қажетті арқандардың құрылымы және диаметрі бірдей болуы тиіс. Жолаушы, жүк тасымалдау, ауруханалық және жүк жеделсатылары үшін арқандардың диаметрі 9,5 мм-ден аз болмауы тиіс.
Жеделсаты ілінетін арқанда беріктіктің белгілі бір қоры болуы тиіс. Жеделсатының әрбір кабинасын сақтандырушы құрылғымен – ұстаушымен қамтамасыз етеді, олар арқан үзілген жағдайда немесе төмен қарай қатты жылдамдықпен жүрген кезде мықтылап ұстап алуы тиіс.
Автокөліктерді пайдалану. ҚР жол қозғалыс ережелерінде тасымалдаушы құрылғылардың пайдалануға жіберілуі бойынша негізгі ережелер бекітілген және тасымалдаушы құрылғыларды пайдалануға тыйым салынған шарттар мен бұзылулардың тізімі көрсетілген. Автокөліктің техникалық жағдайы сәйкесті стандарттардың, ережелердің және оларды техникалық пайдалану бойынша басқару талаптарына сай болуы тиіс. Авто транспорт үшін соларға қарастырылған жерлерде сәйкес нұсқада тіркеуші белгілер орнатылуы тиіс. Автокөліктерді пайдалануға тыйым салынады: егер олардың техникалық жағдайы және құрылғысы, тасымалдаушы құрылғыларды пайдалануға тыйым салынатын бұзылулар тізімі мен шарттарының талаптарына сай болмаса; мемлекеттік техникалық қарауды өтпегендерге; сәйкесті рұқсаттамасы жоқ қайта құрылғылармен қамтылғандарға. Борт тұғырнамасы бар, адамдарды тасымалдайтын жүк автокөлігі орындықтармен қамтылуы тиіс, олар еденнен 0,3-0,5 м және борттың жоғарғы бөлігінен 0,3 м аз емес қашықтықта орналасуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |