Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет23/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Ішкі газ құбырларының құрылымы. Тұрғын ғимараттқа газ құбырлары баспалдақ алаңдары, ас бөлмелер немесе коридор арқылы тартылады. Ғимаратқа кірер алдында жаппа арматура орнатылады. Пәтерлерге газбаспалдақ алаңында, ас бөлмелерде немесе коридорларда тартылған желілер арқылы беріледі. Ғимарат ішіне болаттан жасалған құбырлар тартылады. Фланец және ойма қосылыстар тек арматуралар немесе газ аспабы орнатылар жерде орындалады. Әрбір газ аспабы алдында тығынды кран орнатылады.
Газ желілерін сорап, машина бөлімдері және ғимаратқа енгізудің өз тәртіптері бар (63, 64-суреттер).

63-сурет. Ғимаратқа газ желісін енгізу


1- футляр қақпағы; 2 –сыртқы газ желісі футляры; 3 - болат гильза; 4- люк есігі; 5 – битумдық толтырғыштар; 6 - тығын; 7 -ілмек; 8 дәнекер жалғанулар



64-сурет. Пәтер ішілік газ желісінің схемасы
1 - газ плитасы; 2 - газ колонкасы; 3 - газ есептегіш; 4 – тығындық крандар; 5 – газ желісі; 6 – газ құбырын енгізу; 7 – ауа сору каналы
Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғи және жасанды газдардың сипаты.

  2. Қаланы газбен қамту схемасы және газ тарату құбырларының қысымы бойынша жіктелуі.

  3. Газ реттеу орындары және қондырғылары.

  4. Газ тармақтары құрылымы мен жабдықтары.

  5. Ішкі газ құбырларының құрылымы.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 6, ҚӘ 2


МОДУЛЬ 4. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

12 Дәріс


Тақырыбы: «Ауа бассейнін қорғау жүйелері»

Ауа бассейнін қорғау жүйесінің маңызы. Атмосфераны ластау көздері. Атмосфераның құрылымы. Шекті рұқсат етілген концентрациясы және оның түрлері. Зиянды заттардың бұл шекті мөлшерлері. Шығарыс көзі биіктігі мен орналасу орнына байланысты жіктелуі. Желдету және технологиялық шығарыстарды қатты зиянды қоспалардан тазарту.


Дәрістің мақсаты: желдету және технологиялық шығарыстарды қатты зиянды қоспалардан тазарту, ауа бассейнін қорғаудың инженерлік желілері туралы жалпы мәліметтермен танысу.


Табиғат – бұл өзара теңгеріліп тұратын көптеген байланыстардың біртұтас жүйесі, бұл байланыстардың бірінің бұзылуы табиғаттағы заттар мен энергия айналымын теңгеудің бұзылуына әкеліп соғады.


Көлік, энергетика және өнеркәсіптің дамуы табиғаттағы қалыптасқан айналымдардың орасан өзгерістерге ұшырауына әкеліп соғуда. Қазіргі заманда, адам әрекеті түрлі табиғи ресурстарды пайдалумен тығыз байланысты, сондықтан да қоршаған ортаны қорғау – адам үшін маңызды мәселенің бірі. Бұл мәселенің маңыздылығы Жер бетіндегі адам санының, мысалы ХХ ғасырда 1,5-нан 5,5 млдр. дейін артуына, сонымен қатар, табиғат ресурстарын өндіру мен өңдеудің артуына байланысты. Мысалы, қазіргі уақытта әлемдік энергетика қуаты әрбір он екі жылда, ал өнеркәсіптік өндіріс көлемі әрбір он бес жылда екі есе өсуде. Жер қойнауынан жыл сайын 100 млрд. астам пайдалы қазбалар алынып, егістіктерге 500 млн. тоннадан астам минералдық тыңайтқыштар және 3 млн.тоннадан астам түрлі улы химикаттар себіледі, өзен суларының 13 %-ы қолданылып, су қоймаларына 700 млрд. мөндірістік және тұрмыстық лас сулар құйылады, атмосфераға 250 млн. тонна шаң, 200 млн. тонна СО, 100 млн. тонна SO2, 65 млн. тонна NOx, 50 млн. тоннадан астам көміртегі және 15 млрд. тонна СО2 шығарылады екен. Зиянды заттардың қоршаған ортаға әсерін екі аспектіде қарастыруға болады: глобальді - яғни, біртұтас биосфераға зиянды әсерін тигізетін және локальді – биосфераның жергілікті аумақтарына зиянды әсерін тигізетін. Тарихта табиғатқа антропогенді әсерін тигізетін глобальді катострофалар болмағанымен, локальді катострофалар болды.
Табиғатқа антропогенді әсерлердің артуы көптеген экологиялық проблемаларды туғызуда. Әсіресе, олардың арасында айта кететін мәселе, атмосфера мен гидросфераның күйі.
Ауа бассейнін қорғау жүйесі. Атмосфераны ластау көздері: көлік (70 %), ЖЭС және қазандықтар (17 %), өнеркәсіптік мекемелер (12 %) және т.б. (1 %).
Атмосфера дегеніміз – планетамен бірге айналатын, қалыңдығы 1000 км болатын планетаның газ қабығы. Атмосфераның салмағы 5,2*1015 тоннаны құрайды. Атмосфера шартты түрде физико-метеорологиялық қасиеттері әр түрлі бірнеше зоналарға бөлінеді (65-сурет). Атмосфераның негізгі зоналары арасында «пауза» деп аталатын өтпелі зоналар- тропопауза, стратопауза және мезопауза орналасады.






Экосфера

Бірнеше жүзден 1000 км-ге дейін және одан жоғары

Термосфера

80 – 85 км-ден бірнеше жүз км-ге дейін

Мезопауза

Мезосфера

50 - 55 км-ден
80 - 85 км-ге дейін

Стратопауза

Стратосфера

8 - 18 км-ден
50 - 55 км-ге дейін

Тропопауза

Тропосфера

8-ден 18 км-ге дейін

65-сурет. Атмосфераның құрылымы


Біздің тіршілік әрекетіміз төменгі тропосфераға байланысты.


Тропосфера – атмосфераның негізгі қабаты, мұнда жалпы атмосфера ауасының 75 %-ы жинақталған, турбуленнтік пен конвекция өте дамыған, су буының негізгі бөлігі бұлтқа айналады, циклондар мен антициклондар туындайды. Тропосфера аумағындағы ауа құрамы өзгермейді, оның құрамы: N2=78,09 %; O2 = 20,95 %; Ar=0,93 %; CO2=0,03 %, сонымен қатар, мардымсыз мөлшерде неон, гелий, криптон, ксенон, сутегі, озон және су буы бар. Тропосферадағы ауа температурасы шамамен теңіз бетінен +15 0С-дан стратосфераға шектесуінде -570С-ға дейін, яғни 6,5 0С/км өзгереді.
Жер мен атмосфера – сыртқы энергия көзі – Күн бар, күрделі динамикалық жүйе. Бұл динамикалық жүйеге Күн әсерінің сипаты бойынша атмосфераны екіге бөлуге болады: «жоғарғы» және «төменгі» аймақ. Жоғарғы тропосферадан жоғары орналасқан аймақта күн радиациясы әсерінен фотонизация, фотодиссоциация, терістік құбылу және т.б. процестер болып жатады. Төменгі тропосфераға сәйкес келетін аймақта күн әсерінен жер беті қызып, нәтижесінде атмосферада конвективті ағындар мен ауа турбуленттігін туғызатын температура, қысым градиенттері орын алады.
Технологиялық (жалпы көлемнің 90 %) және желдету (жалпы көлемнің 10 %) жүйелерінің шығарыстарымен түсетін зиянды заттар қоршаған ортаны ластауда, оның ішінде ауа бассейнін және флора мен фаунаға, сондай-ақ, адамның өмір сүру ортасына (ғимараттар, құрылымдар және т.б.) зиянын тигізуде.
Қоршаған ортаны, оның ішінде атмосфераны қорғау мақсатында, санитарлық бақылау органдары атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК/ПДК) мен шекті рұқсат етілген шығарыстарды (ШРШ/ПДВ) бекітіп берді.
Шекті рұқсат етілген концентрация деп - зиянды заттардың қоршаған ортаға және адамға зиянын тигізбейтін, яғни организмде патологиялық өзгерістер, ауру немесе рефлекторлық реакциялар туғызбайтын мөлшерін айтады.
Қазіргі уақытта зиянды шығарыстардың жұмыс аймағындағы шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРШжз, ПДКрз, шекті рұқсат етілген бір реттік максималды концентрациясы (ШРК мб/ПДКмр) және орташа тәуліктік шекті концентрация (ШРКот/ПДКсс) деген ұғымдар қалыптасқан.
Кейбір зиянды заттардың бұл шекті мөлшерлері төмендегі 2-кестеде берілген.

2-кесте. Зиянды заттардың шекті мөлшерлері





ШРК түрі

NO2

SO2

CO

Усыз шаң

Күйе

V2O5

Бенз(а)пирен

ПДКРЗ

2,0

10

20

4,0

-

-

-

ПДКМР

0,085

0,5

5,0

0,5

0,15

-

-

ПДКСС

0,04

0,05

3,0

0,15

0,05

0,002

0,000001

2-кестеден ПДКрз мәндері ПДКмр мәндерінен едәуір артық екенін көруге болады, себебі, ПДКрз 8 сағаттық жұмыс жасайтын денсаулығы жақсы адамдар үшін тағайындалған, ал атмосфералық ауада науқас, егде және жас балалар да дем алады.


Нормативтік құжаттар бойынша, қоршаған ортаны ластаушы кез-келген заттың жер бетіндегі концентрациясының максимал мәні СМі (мг/м3) сол заттың шекті рұқсат етілген мөлшерінен ПДК артық болмауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет