Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет27/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Зауыттың ішкі транспортын қолдану Заводтың ішкі транспортын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету ГОСТ 12.2.003-91 «ССБТ. Өндірістік құрылғы. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары», ГОСТ 12.3.002-7555 «ССБТ. Өндірістік үрдістер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары», ГОСТ 12.3.020-80 «ССБТ. Кәсіпорындарда жүктердің орнын ауыстыру үрдістері. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» сәйкесті, ПОТ РО-200-01-95 автокөлікте еңбек қорғау Ережелеріне, салалық актілерді қосқанда, еңбек қорғау бойынша басқа құқықтық актілерге сәйкес орындалуы тиіс.
Заводтың ішкі транспортына келесі тасымалдаушы құралдар жатады: электркаралары, электр тартыстары, электр жүктеушілері, электрлік реттеп салғыштар, қолмен басқарылатын арбаша-реттеп салғыштар, жүк және такелажды арбашалар.
Кәсіпорында іштен жану қозғалтқышымен тасымалдаушы құрылғыларды пайдалану автокөлікті транспортта еңбекті қорғау бойынша ережелермен сәйкесті орындалуы тиіс.
Кәсіпорынның аймағындағы, жүктеу-жүкті түсіру жұмыстары орындалатын жерлерде және бөлмелердің ішінде барлық тасымалдаушы құрылғылардың қозғалысы кәсіпорын басқарушысы бекіткен сұлбаға сәйкес орындалады, бұл сұлба нақты бір көліктің қозғалысының бағытын, оның бұрылыстарын, рұқсат етілген тоқтауларын, шығуы мен кіруін, сондай ақ автокөлікті құралдардың тұрақ орнын, нұсқаулықтар мен жол белгілерімен, және теміржол көлігінде қабылданған белгілермен реттеліп отырады.
Кәсіпорынның жеке цехтары мен қызметтерінің технологиялық байланыстарына сәйкес заводтың ішкі көлікті құралдарының қозғалыс бағыты дайындалуы қажет: электрокөліктің, автожүктеушілердің, жүкті мотороллерлердің және қозғалыс сұлбасын ескеретін мотоциклдердің. Қозғалыс бағыты осы көлікті құралдардың барлық жүргізушілерінің хабарлануы тиіс.
Электркөлігінің, қолды жүк арбашаларының техникалық жағдайы дайындаушы-зауыттардың нұсқаулығының (паспортының) талаптарына сай болуы қажет. Электркөлігі: электрокаралар, электржүктеушілер, электртартқыштары жылдам әрекет ететін тежегіштермен, сигналдармен, жарықтаушы аспаптармен және бекітпелі құрылғысы бар ажыратқыштармен қамтылуы тиіс, ажыратқыштар басқа тұлғаларға құрылғыны қолдандырмайды.
Стреласы бар электржүктеуіште оқтың шығуына тәуелді жүк көтергіштігін көрсететін кесте болуы қажет.
Өртке қауіпті қоспалардың құрылуы мүмкін бөлмелерде және басқа құрылғыларда жұмыс істеу үшін өрттен қорғалып жасалған электркөлігі қолданылуы тиіс. Электржүктеуіштерде және автожүктеуіштерде келесі сынаудың мерзімін көрсететін кесте (жазба) болуы тиіс.
Жылдам өртенетін және жанатын заттарды тасымалдау үшін арналған көліктік құралдар статикалық электрдің зарядтарын бұрып жіберетін құрылғымен қамтылуы тиіс. Кәсіпорыннан тыс жол қозғалыстарына қатысатын электркөлігінің жүргізушілері өзінде Мемавтоинспекция мүшелерімен берілген куәлігі болуы керек. Қауіпті және аса қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберілген жүргізушілер арнайы оқытылуы тиіс, оқудан кейін олардың білімдері тексеріледі. Көлік тек басқару құқығы берілген Куәлікті көрсеткен жағдайда бекітілген жүргізушілерге ғана берілуі тиіс. Жүргізушілерге жол парағы беріледі. Ол парақта көлік берілетін жауапты тұлғаның фамилиясы көрсетіледі. Желіге шығу үшін көлікті техникалық жөнделетін қалпында шығаруға жауапты тұлғаның рұқсат ететін қолтаңбасымен бекітіледі.
Электркөлігі: электрокаралар, электржүктеушілер, электртартқыштары, автожүктеуіштер, такелажды жұмыстарға арналған жүк арбашалары, қолды арбашалар пайдалануға берілудің алдында техникалық куәландырудан өтуі тиіс, ал пайдаланудағылар – периодты куәландырудан өтеді, 12 айда бір реттен аз емес.
Жылдам өртенетін, жанатын сұйықтарды және сұйық қышқылдарды тасымалдау электрокараларда рұқсат етіледі, олардың құрылымында аккумулятор батареялары және электрқозғалтқышы жүк тақтасының астында орналаспаған.
Бөшкелерді тасымалдағанда олар тақтасында тігінен бір ярусқа және құлаудан бекітіліп орналастырылуы керек.
Жүктеу-жүк түсіру жұмыстары ереже бойынша механизацияланған тәсілмен, көтергіш-көлік құрылғының және кіші механизация құралдарының көмегімен орындалады. Жүктеу-жүк түсіру, қоймалық және тасымалдау жұмыстарын жауапты тұлғаның басқаруымен орындау керек, ол кәсіпорын басқарушысының бұйрығы бойынша тағайындалады және технологиялық үрдістің барлық бөліктерінде қауіпсіз ұйымдастыруға, қауіпсіздік талаптарын орындауға жауап береді. Аса ауыр үлкен габаритті және қауіпті жүктерді жүктеу (түсіру) кезінде жұмыс орнында әрқашан осы үшін жауапты тұлға болуы шарт. Тасымалдау жолдарын, жүктеу-жүк түсіру аудандарын жөнделетін қалпында, тазалықта және ретті түрде ұстау керек, кешкі және түнгі уақыттарда жарықтандырып, қыста қардан,мұздан тазалап және құммен жабу керек.
Автокөлікті жүктеу-жүк түсіру аудандарында орналастыру кезінде бір-біріне (тереңдік бойынша) жақын тұрған автокөліктердің ара қашықтығы 1 м-ден аз болмауы керек, ал (фронт бойынша) тұрған автокөліктердің қашықтығы – 1 м кем емес. Егер автокөліктерді жүктеу үшін ғимараттың жанында орналастырса, онда ғимарат пен автокөліктің артқы бортының аралығы 0,5 м-ден кем емес болады. Автокөлік пен жүктің аралығы 1 м кем емес. Қозғалмалы құрамадан жүктеу немесе жүкті түсіру кезінде жүктердің құлауы мүмкін аумақтарда адамдардың болуы және көлік құрылғыларының жүруі рұқсат етілмейді. Кәсіпорындарда кең қолданылатын көлік құрылғыларына сондай ақ конвейерлер жатады. Конвейерлерде ГОСТ сәйкес сызығының қозғалу жылдамдығы 0,1 м/с аспайды.

Бақылау сұрақтары:


1. Жүк көтергіштер (крандар ) түрлерге бөлінуі?
2. Лифттің (жеделсаты) негізгі бөліктері?
3. Автокөліктерді пайдаланудың алғы шарттары?
4. Заводтың ішкі транспортын қолдану тәртібі?
5. Жүктеу-жүк түсіру жұмыстары ереже?

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 2, ҚӘ 2


15 Дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет