Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет5/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Дәрістің мақсаты: жылумен жабдықтау, тасығыштар және өндіргіш жүйелері инженерлік жүйелері туралы жалпы мәліметтермен танысу.

Қалалар мен елді мекендерді орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың технологиялық процесі ретпен орындалатын үш операциялардан тұрады:


1) жылу тасығышты дайындау;
2) жылу тасығыш транспорты;
3) жылу тасығышты пайдалану.
Жылу тасығыштың дайындалуы жылу өндіргіш қондырғыларда-жылу электрорталықтарында (ЖЭО) және қазан қондырғыларда орындалады.
Жылу тасығыш тасымалы жылу торабы көмегімен орындалады.
Жылу торабы деп жылу энергия көзін (жылу өндіргішті) тұтынушымен жалғайтын құбырлар жүйесін атайды.
Жылу тасығышты қоғамдық, коммуналдық-тұрмыстық, өндірістік ғимараттарды жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау мақсаттарына және өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіктеріне пайдаланады. Сонымен жылу тасығыш жылу торап арқылы жылуды қолдану сипаты әр түрлі болатын түрлі тұтынушыларға апарылады.
Жылуды пайдалану сипатына қарай жылу жүктемелерін екі негізгі топқа бөлінеді:
1) мерзімді жүктемелер;
2) жылдық жүктемелер.
Мерзімді жүктемелерге шамалары мерзімді климаттық жағдайларға тәуелді болатын жүктемелер жатады.
Агрегаттық күйіне (түріне) байланысты отын қатты, сұйық және газ тәрізді болады. Мысалы, қатты отын мынадай негізгі әдістермен жағылады: тығыз сүзгі қабатында, қайнаудағы қабатта, жалынды әдіспен, құйынды әдіспен.
Алғашқысы - сыртқы ауаның температурасы және басқадай климаттық жағдайлар (күн сәулеленуінің қуаты, желдің жылдамдығы, ауаның ылғалдылығы ж.б.).
Олай болса, мерзімді жылу жүктемелерге коммуналдық- тұрмыстық, қоғам және өндірістік объектілерді (тұтынушыларды) жылыту, желдету және кейбір жағдайларда ауаны кондиционерлеуге шығындалатын жылу жүктемелер жатады.
Жылыту мен желдету жүктемелер қысқы жылу жүктемелер болып табылады. Ауаны кондиционерлеу жүктемесі (абсорбциялық және эжекциялық тоңазытқыштарды қолданған жағдайда) жазғы жылу жүктемесіне жатады.
Негізгі мерзімді жылу жүктемелер әр түрлі ғимараттармен құрылғыларды жылыту және желдету жүктемелер болып табылады.
Жылдық жылу жүктемелерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіктерінің жылу жүктемелері және коммуналдық-тұрмыстық, қоғам, өндірістік тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау, яғни сыртқы ауаның температурасына іс жүзінде тәуелсіз (немесе тәуелділігі елеусіз аз) жылу жүктемелер жатады.
Тек қана ауылшаруашылық шикізатын өңдеу мен байланысты өнеркәсіптің кейбір салалары жұмысы мерзімді болғандықтан төтенше жағдайға жатады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарының технологиялық қажеттерінің жылу жүктемесін технологтар сәйкес есептер негізінде анықтап береді.
Ыстық сумен жабдықтаудың жүктемесі едәуір мөлшерде тұтынушылардың құрылымымен анықталады (тұрғын қоры, қоғам, мәдениетті-тұрмыс және өнеркәсіптік кәсіпорындардың арақатынасы).
Жылу жүктемелердің өзгеру графиктері. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелердін жобалау және пайдалану тәртіптерін өндеуінде жылу жүктемелердің тәулік бойынша және жыл бойынша өзгеру графиктері есепке алыну керек. Жылу жүктемелердің өзгеру графиктері жылудың пайдалану графиктеріне байланысты болады.
Мерзімді жылу жүктемелердің (жылыту, желдету және ауа кондиционерлеу үшін - ЖЖ және АК) тәуліктік графиктері бір қалыпты, тұрақты ал жылдық графиктері өзгергіш болады.
Өндірістің технологиялық қажеттеріне және ыстық сумен жабдықтауға жылдық жүктемелерінің тәулік графигі керісінше, өзгергіш, ал жылдық графигі тұрақты болады.
Мысалға тұрғын ауданды ыстық сумен жабдықтау жылу жүктемесінің тәуліктік графигі (2-сурет) және қала ауданы жылу тұтынуының жылдық графигі (3-сурет) келтірілген.



Q



t

2-сурет. Ыстық сумен жабдықтау жылу жүктемесінің тәуліктік графигі



Q

t

3- сурет. Жылу тұтынуының жылдық графигі

Жылудың көзінен тұтынушыға дейін жылудың тасуы жылу тораптар арқылы жүзеге асады. Жылуды үлкен ара қашықтыққа тасымалдау үшін әдетте су және су буы қолданылады. Жылыту, желдету, (ЖЖ), ауа кондиционерлеу (АК) және ыстық сумен (ЫС) жабдықтаудың жылу жүктемелерін компенсациялайтын жылу тасығыш орнына су, ал өндірістің технологиялық мұқтаждығының жылу жүктемелері үшін-су буы қолданылады.


Қолданылатын жылу тасығыштардың сипатына қарай жылумен жабдықтау жүйелер су және булы жүйелерге бөлінеді.
Жылумен жабдықтау су жүйелері. Жылумен жабдықтау су жүйелері екі түрлі болады:
1) жабық (бекітулі);
2) ашық (алшақ салынғандар).
Жылумен жабдықтау жабық жүйелерінде жылу торабымен айналып жүруші су тек қана жылу тасығыш түрде қолданылады, бірақ тораптан бұрып әкетілмейді.
Жабық жүйеде параллель жүрістердің саны екіден кем болмау керек, өйткені абоненттік құруларда жылуды қалдырғаннан кейін жылу тасығыш жылу көзіне (жылу өндіргішке) қайта оралады.
Мысалға 4-суретте қос құбырлы жабық жылумен жабдықтау жүйесінің схемасы келтірілген.
Тұрғын үйлер мен қоғам ғимараттардың жылыту жүйелері су жылу тораптарына араластырғыш құрылғы (мысалы элеватор) арқылы жалғанады.
Себебі тұрғын және қоғам ғимараттардың жылыту аспаптарына түсетін судың температурасы санитарлық нормалары бойынша 950С аспау керек.
Сол мезгілде жылу тораптың тура құбырындағы судың температурасы 1500С дейін жетуі мүмкін (температуралық графигі 1500-1700С болған кезде) және одан да жоғары (1800С) болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет