Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


– сурет. Қос құбырлы жабық жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысы



бет6/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

4 – сурет. Қос құбырлы жабық жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысы:


1- жылу өндіргіш (су қыздыратын қазан); 2- желілі насос; 3- қорек насос; 4- жылу жүйелерінің беруші магистралі; 5- жылу жүйелерінің кері магистралі; 6- ыстық сумен жабдықтаудын жылытқышы; 7- элеватор; 8-жылыту жүйесі; 9- ыстық сумен жабдықтау жүйесі.
РР - шығын реттеуіші; РТ – температура реттеуіші

Жылумен жабдықтау жабық жүйелердің жетістіктері төмендегі тізімде келтірілген:


1) қорек судың шығыны аз болады, өйткені ол тек қана жылу тораптың "саңылаулары" арқылы судың ағып шығуын компенсациялайды, соған байланысты су дайындайтын кіші қуатты қондырғылар жеткілікті болады;
2) ыстық сумен жабдықтау жүйесіне түсетін судың сапасы бір қалыпты, және су құбырындағы судың сапасымен бірдей болады.
3) ыстық су сапасына санитарлық бақылау қарапайымы (жылытқыштың су бөлетін крандарға дейін ара қашықтықтың қысқа болуы);
4) жылумен жабдықтау жүйелері герметикалық бақылауының қарапайымдылығы, бақылау қорек су мөлшерімен анықталады).
Жабық жүйелердің негізгі кемшіліктері төмендегі тізімде келтірілген:
1) ыстық сумен жабдықтау жылытқыштардың орнатылу себебінен абоненттік кірмелердің құрал-жабдықтары мен пайдалануының күрделенуі;
2) қыздырғыштармен ыстық су құбырларында қақтың пайда болуы, әсіресе карбонаттық қатаңдығы аса жоғары (Қк ≥ 5 мг-экв/л) болатын су құбырлардың суы қолданғанда;
3) деаэрациядан өтпеген су құбырлары суды қолданғандықтан ыстық су құбырлардың коррозиясы.
Жылумен жабдықтау ашық жүйелерінде жылу торабына түсетін су жарым-жартылай (кейде толығымен) ыстық сумен жабдықтау үшін абоненттерге үлестіріледі.
Жылумен жабдықтау ашық жүйелер бір құбырлы, ал көбінесе екі құбырлы болады.
Мысалға 5- суретте екі құбырлы ашық жүйенің схемасы келтірілген.
Жылыту қондырғылардың жылу торабына жалғану схемалары жылумен жабдықтаудың жабық жүйелердегі схемалары жылумен жабдықтаудың жабық жүйелердегі схемалармен бірдей, ал ыстық сумен жабдықтау жүйелердің жалғану схемалары негізінде басқаша болады. Абоненттер жылу торабынан тікелей алынатын ыстық сумен жабдықталады (5- суретті қара).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет