5-сурет. Екі құбырлы ашық жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысы
1- жылу өндіргіш; 2- желілі насос ; 3- қорек насос; 4- беруші магистралі; 5- кері магистралі; 6- элеватор; 7-жылыту жүйесі; 8- ыстық сумен жабдықтау жүйесі;
Ыстық сумен жабдықтаудың жүктеме графигін "түзету" үшін қоректендіру құбырлар жүйесінде дайындалған (жұмсатылған және деаэрацияланған) су қоры жиналатын бактар жинағыштар орнатылады.
Жылумен жабдықтаудың "ашық" схемасында жылу торабының бір құбырлы жүйесі де қолданылады. Бұл жағдайда жылыту жүйеден кейінгі барлық торап суы абоненттерді ыстық сумен жабдықтауға пайдаланады. Соның нәтижесінде жылу тораптың кері магистраль құбырларын салу қажетсіз болады (жылу тораптарды құру бастапқы қаржылар көлемі азаяды). Бірақ, мұндай жылумен жабдықтау жүйелерде ЖЖ және ЫС жылу жүктемелерін реттеу процестері күрделі болады.
Жылумен жабдықтау ашық жүйелердің жабық жүйелермен салыстырғандағы негізгі артықшылықтары:
1) абоненттік кірмелердің жеңілденуі және арзандалуы;
2) ыстық сумен жабдықтау жергілікті жүйелердің төзімділігінің артуы (ыстық су-жұмсатылған және деаэрацияланған);
3) бір құбырлы жылумен жабдықтау жүйелерді қолдану мүмкінділігінің болуы.
Ашық жүйелердің кемшіліктері:
1) су дайындайтын қондырғылары күрделі және қымбат (қуаты жоғары) болады;
2) ыстық сумен жабдықтау жүйені санитарлы бақылау көлемінің күрделенуі және артуы;
3) ыстық су қажеттіктеріне судың өзгерісті шығынына байланысты жылу торабының гидравликалық тәртібі тұрақсыз болудан пайдаланудың күрделенуі;
4) жылумен жабдықтау жүйе саңылаусыздығын бақылауының күрделенуі.
Жылумен жабдықтаудың бу жүйелері. Жылумен жабдықтаудың бу жүйелері бір, екі және көп құбырлы болуы мүмкін, конденсаттың қайтаруымен немесе қайтарусыз (егер бу толығынан технологиялық процестердің орындалуына жұмсалатын немесе егер бу конденсаты ыстық сумен жабдықтау қажеттерге қолданса).
Егер аймақтық өнеркәсіптік кәсіпорындары параметрлері әр түрлі бу қажет ететін болса екі және көп құбырлы бу жүйелері қолданылады.
Егер жылу жүктемелердің талаптары бойынша будың бір ғана түрі жеткілікті болса жылумен жабдықтаудың бір құбырлы бу жүйелері қолданады.
Жылу тораптардың салу тәсілдері. Салу тәсілдері бойынша жылу тораптары жер асты және жер бетіндегілерге (әуедегілер) бөлінеді.
Құбырларды жер бетімен салу (бөлек тұратын дінгектерде, эстакадаларда, ғимараттардын қабырғаларына бітеп тасталынған тіреуіштерде) жылу торабы қаланың сыртында салынғанда қолданылады, жыраларды кесіп өтуінде, өнеркәсіпті кәсіпорындардың аумағында, сонымен қатар жер астылық сулардын жоғары денгейдегі жағдайында қолданылады.
Жылу торап құбырларын жер астымен салу әдісі кең қолданылады.
Жылу торап құбырларын жер астымен салу:
а) әрлі-берлі өтетін каналдарда және коллекторларда (басқа коммуникациялармен бірге);
б) жартылай өтетін және өтүсіз каналдарда;
в) каналсыз жағдайларда қолданылады.
Бірнеше үлкен диаметрлі құбырларды орналастыруға арналған (6-сурет) әрлі-берлі өтетін каналдарда жылу құбырларды салу - ең жетілген, сонымен қатар ең қымбат тәсіл болып табылады.
6- сурет. Әрлі-берлі өтетін каналдарда жылу құбырларды салу
1- жылу оқшаулағышпен қапталған жылу тораптың құбырлары; 2- темір-бетонды әрлі-берлі өтетін жер канал; 3- жабу; 4- ұсақ тас негізі.
Каналдардағы өту жолының ені 900 мм, биіктігі – 2 м кем болмау керек. Ұзындығының әр 200-250 м бойынша каналға өту үшін сатылармен жабдықталған люктар тиісті алдын ала ескерілген болу керек. Ауа температурасы 30° С артпау үшін әрлі-берлі өтетін жер каналдар табиғи желдету мен жабдықталу керек, сонымен қатар төмен күштену электрлік жарықтандыруымен (30 В дейін), каналдан су бұруына арналған құрылғылармен жабдықталу керек.
Жартылaй өтетін каналдар қарқынды көшелік қозғалысы жолдардың астында, темір жолдар астында және т.с., яғни жылу құбырларды байқауға және ұсақ жөндеуді жүргізу үшін қайта ашуы қиынға түсетін жағдайларда қолданады (7- сурет).
7- сурет. Жартылaй өтетін каналдар
1 – жылу тораптың құбырлары; 2 –жартылай өте алынатын темір бетонды канал; 3 – жапқыш; 4 – ұсақ тас негізі.
Жартылай өтетін каналдардың жабын биіктігі әдетте 1400-1600 мм тен болады (жартылай енкейген күй-жағдайда адам өтуі), ал өту ені -400 мм тең.
Жылумен жабдықтау тәжірибесінде жалпақ темірбетонды тақталармен жабылған (8- сурет) тартпа элементтерден тұратын әрлі-берлі өте алынбайтын жер каналдар ең кен қолданылады.
Жер астымен салынған жылу өткізулердің (құбырлардың) жолымен арнайы камералар және арматура құруына арналған құдықтар, өлшеу құралдар, сальникті компенсаторлар және т.б., сонымен қатар П - бейнелі компенсаторларға арналған қуыстар орналасады.
8- сурет. Әрлі-берлі өте алынбайтын жер каналдары
1- құбыр; 2 – темір бетон тартпа; 3- жабу тақта; 4- ұсақ тас негізі
Жер асты жылу өткізулер каналдарда қозғалмайтын және қозғалатын арнайы (жылжымалы, доңғалақтық немесе сырғанайтын) тіректерде орналастырылады (9- сурет).
9- сурет. Қозғалмайтын және қозғалатын арнайы тіректерде орналастырылу
а) Жылжымалы тірек: 1- құбыр;2 - сырғанамасы; 3 - тіреу конструкциясы.
б) Доңғалақтық тірек: 1- құбыр; 2 - тірек; 3 – доңғалақ.
в) Домалау тірегі: 1- құбыр; 2 - тірек; 3- каток.
г) темір бетон қалқанды қозғалусыз тірек: 1- құбыр; 2 – темір бетоннан қалқан.
Жылу өткізулерді каналсыз салу тәсілі ең арзан болып келеді (көбік бетонды тұтас қабықпен қапталған, битумоперлиттік тұтас оңашалауда және т.б.) (10- сурет).
10 - сурет. Жылу өткізулерді каналсыз салу тәсілі
1- құбыр; 2-пенобетон қабығы; 3- құм қабаты; 4- бетонды табан; 5- топырақ жапқыш.
Каналсыз салынатын жылу құбырлар блоктары зауытта жасалынады, ал трасса бойындағы монтаж барысында блоктар автокөтергішпен дайын траншеяларға салынады, тиектері дәнекерленіп, оңашаланады.
Бақылау сұрақтары:
Достарыңызбен бөлісу: |