Дәріс №6
ХУ-ХУІІ ғ.ғ ақын-жыраулар шығармаларының тілі
1.ХУІ-ХУІІ ғасырлардағы қазақтың ауызша төл әдеби тілінің нұсқалары
2.Асан қайғы, Қазтуған, Жиембет, Марғасқа және қазақ әдеби тілі
Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихын қазақ халқының хандық болып, жеке мемлекет (хандық) құрау кезінен, XV-XVIғ. басталатының мойындасақ, бұл кезеңнің әдеби тілін танытатын үлгілерге ең алдымен қазақ қауымында алғаш дүниеге келген хандық кезеңде өмір сүрген көркем сөз шеберлерінің (ақын-жыраулар мен шешендер) бізге жеткен қазірде мәлім болып отырған туындылары жатады. Кейінгі кездерде жарық көрген зерттеулер мен солардың нәтижесінде құрастырылған мәтің жинақтары мен хрестоматиялық еңбектерінде ол ақын–жыраулардың шығармалары беріліп жүр. Олар – Сүйінішұлы Қазтуған жырау, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Доспамбет жырау, Шалкиіз, Марғасқа, Шобан, Жиембет, Есет, Үмбетай, Тәтіқара ақындардың толғаулары мен есімі бізге жеткен осы кезеңдерде өмір сүрген би- шешендерінің сөздері, Жиренше шешен, Әз Тәуке ханның кеңесшісі, шешен биелер, бірге болған Төле би, Қазбек би, Айтеке би, Байдалы би, Қыпшақ Үзбасты сияқты шешендердің бізге жеткен шешендік арнау толғау сөздері шешендік сындары, өсиет нақылдары дау сөздері т.б. Бұл кезеңдегі ақын- жыраулар, би-шешендерінің арнау, толғауларынің тілдік жағынан талдағанда екі нәрсені мықтап ескерген жөн. Біріншіден, ол туындылар кейінгі ұрпаққа негізінен алғанда ауызша жеткен, демек, олар ұрпақтан ұрпаққа көшу сапарында белгілі дәрежеде тілдік жағынан кейбір өзгерістерге ұшыраған. Сөйтіп, ол туындыларының алғашқы түрі қырланып, жонылып, оның көпшілігі тіпті уақыт сынына төтеп бере алмай, кейінгі ұрпаққа жетпей қалуы да мұмкін Екіншіден, олар қаншалықты ауызша таралып, келешек ұрпақтарға ауызша жетіп отырса да, нақыл түрінде айтылған. Белгілі ұйқасқа, буын санына, өлшемге, мағыналық ойға құрылған өлең, жыр болғандықтан, бұл туындылар әуел бастағы тілдік ерекшелігін кейінгі ұрпақтар айтуында да барынша сақтап, біздің заманымызға қаймағы көп бұзыла қоймаған қалпында жетті. XV-XVIIғ. қазақ әдеби тілін танытатын үлгілерге, бір жағынан, ақын-жыраулар сияқты түрлерінен басқа үлкен екі топтағы дүниелер жатады. Оның бірі-алғашқы қазақ хандарының жарлықтары, бір-бірінен және өзге елмен арадағы қарым-қатынас қағаздары.Екіншісі-тарихи шежіре сипатындағы тарихи туындылар. Олардың қатарына Жалаиридың «Жамиғ-ат-тауарих», Әбілғазының «Шежіре-и-түрк» сияқты туындылары жатады. Бұлардың бір үлкен ерекшеліктері жазба нұсқалар болғандықтан, хатқа түскен кезеңнің жазба дәстүрін толық сақтап қалған. Бұл шығармалар X-XI ғ. қалыптасқан орта азиялық түркі тілі дәстүрінің негізінде туып, оның қазақ топырағында әрі қарай жалғасып, дамыған түрі болып табылады. Міне, осы тұстан бастап, осындай ерекшеліктері бар қазақ әдеби тілі тарихында қос тілдік құбылыс пайда болды. Оның бірі – сөйлеу тілі негізінде қалыптасып, негізінен поэзия мен шешендік сөздерде, ауыз әдебиетте өмір сүріп келген, кейін XIVғ. жана сападағы жазба әдебиет тіліне негіз болған әдеби тіл еді. Екіншісі – орта ғасырлық түркі әдеби тілінің дәстүрлерін сақтай отырып, қазақ топырағында әрі қарай дамыған, әр түрлі жазбалардан көрініп отырған дәстүрлі кітаби жазба тіл болды олардың әрқайсысының қазақ әдеби тілі тарихында өз орны бар. ХҮ-ХҮІІғ. қазақ әдеби тілі мұраларын лингвистикалық тұрғыдан танып-білуде олардың ауызша жетуімен байланысты туындайтын түрлі қиындықтар аз емес. Айталық, академик С.Кеңесбаевтың «Асан қайғының өлең сазы, лексикалық шалымына қарағанда, бертінгі заманда да халық қоспасын жамылып отырған»,-деуі тектен тек емес. Р.Сыздықова бұл ғасырлардағы әдеби тілді танытатын өкілдер мен олардың поэзиясы туралы үш түрлі принципті ұсынады: 1. ХҮ-ХҮІғ. өмір сүрген Жиренше, Асан, Доспамбет, Шалкиіз, Қазтуған, Шобандар ноғайлы-қазақ жыраулары болып саналуы тиіс. Бұл көзқарасты алғаш рет ғылыми тұрғыда проблема етіп көтерген зерттеуші Қ.Өмірәлиев екенін айта кеткен дұрыс. 2. Белгілі бір өлке тұрғындарына (Батыс Қазақстан) біршама түсінікті болып келетін бұл жырларда кейбір лексикалық және грамматикалық көнеліктерінің өзгермей жетуі жанрлық ерекшелікке байланысты етістіктің өзге тұлғалармен алмасуына жанр түрі (Мысалы,ар-дың басқа тұлғасы) көп мүмкіндік бермеген.3.Авторлы әдебиеттің фольклормен қатарласа өмір сүруіне қарамастан, автордың өзіне тән жырлау мәнері сүйіп қолданатын көркемдеуші элементтері сақталады. Сонымен қатар бұл туындыларда нақты оқиға, оның болған жері, нақты адамдардың аттары айтылатындықтан, фольклорлық шығармадағыдай өзгертіп айту еркіндігі шектеледі. Бұл авторлық даралықтың белгілері болып табылады. ХҮ-ХҮІғ. туындыларда ноғайлылық элементтері біраз сақталған, әсіресе Шалкиіз, Доспамбет, Шобандарда мұндай ерекшеліктер қатары мол. Тіл тарихын білу үшін осындай ноғайлық элементтер сол қалпында оқылғаны дұрыс. Бұл дәуірдегі әдеби тілінің өзіндік лексикалық сөз жасауға, сөз өзгертуге байланысты грамматикалық сипаты бар, белгілі бір нормалану дәрежесі қалыптасқан. Қазақ хандықтары бір-біріне тәуелсіз кейде уақытша тәуелді болғанымен де әрқайсысы жеке-жеке әкімшілік ретінде қатар өмір сүрді. Әр ханның тұсында сол хандықтың немесе ру-тайпа одағының идеологы ретінде өз ақындары, жыраулары болды. Бірақ көбінің аты, шығармалары бізге жеткен жоқ. Дегенмен ел есінде сақталып, әр кезде хатқа түскендері де толық жиналды, сұрыпталды деп те айта алмаймыз. Соңғы кезде ғана қолға алынып, жиналып, зерттеле бастаған материалдарға назар аударсақ, әдебиет тарихында болсын, әдеби тіл тарихында болсын бұл кезеңнің әлі де көлеңкелі жағы аз емес екенін көреміз. Сондықтан бұл жерде жарық көрген еңбектер мен материалдар ғана пайдаланылып, жеке ақын-жыраулардың шығармалары мен тілі жоғарыда көрсетілгендей сол көлемде ғана қысқаша баяндалады. Бір ескеретін нәрсе мынау: Хандық дәуірдегі ақын-жыраулардың толғау, жырлары кейінгі ұрпақтарға ауызша жеткендігі мәлім. Мұның өзі кейінгі кезеңде ол шығармаларға аз да болса өзгеріс енуі мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. Тіпті шығарманың толық түрінде сақталуын да қамтамасыз ете алмайды. Бұл-бір. Екіншіден, ақын-жырау шығармаларының барлық ұзын-ырғасы емес, жекелеген бөліктері ғана жетті, тіпті кейбір бөліктері кейінгі кезең ұрпақтарының көбірек айтуы салдарынан авторлығын жоғалта бастап, кейінгі ақын-жыраулар шығармаларында мақал-мәтел түріндегі дайын материал ретінде де қолданылатын болды. Сондықтан ХҮ-ХІХ ғасырлар арасындағы ақын-жыраулардың твор- чествосынан кейбір қайталаулардың орын алуы кездейсоқ та емес. Әр кездің әр ақын-жырауына телініп жүрген мына жолдарға назар аударайық. Доспамбет жырауда: Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым, өкінбен. Толғамалы ала балта қолға алып, Топ бастадым, өкінбен. Шалкиізде: Тебінгінің астынан Ала балта суырысып, Тепсінісіп келгенде, Тең атаның ұлы едің,Дәрежеңді артық етсе, тәңірі етті. Осы жолдар идеялық жағынан да, өлең құрылысы жағынан да Махамбет шығармаларынан бой көрсететіні ойымызды дәлелдей түседі. Махамбет пен Шалкиіз жыраудың арасындағы ұқсастықты мына жолдар айқынырақ көрсетсе керек. Шалкиізде: Махамбетте: Көктеп мінген еріннің Күнқақты ердің астында Астында көп жүгірер күлік бар, Көп жүгіретін күлік бар, Көн сандықтың ішінде Көп сандықтың ішінде Көбе бұзар жебе бар, Көбе бұзар жебе бар, Көрінгеннің бәрін де кісі Қарайғанның, жігіттер, демеңіз, Бәрін кісі демеңіз, Күбе-күндіз тал түсте Күне-күндіз жайраңдап Тайраңдап түзге кетер кісі бар. Түзге шықпас ерлер бар.
Атаның ұлы ерлерге Ата ұлының баласы- Малыңды бер де, басың қос, Асыл ерге малың бер, Басыңды қос та, бек сыйлас. Малың бер де, басың қос. Күндердің күні болғанда Басыңа тарлық түскенде Басың жауда қалар ма! Ардақтаған әділ жанын аяр ма? Үшіншіден, ақын-жыраулар шығармалары кейінгі ұрпаққа толық түрінде жете бермейді дегеннің өзінде де оларда өз кезінің ерекшеліктері, өз кезінің рухы сақталып отырады. Бірақ олардың тілінде сол кездегі жазба нұсқалардың тілінен айырмашылығы бар. Бұл, бәлкім, сол кездегі өзгерістерге түскен сөйлеу тілдің әсері де болар. Сүйінішұлы Қазтуған жыраудың (ХҮ ғасыр) Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт... немесе: Кежідегі адамға Белгілі биік көк сеңгір Басынан қарға ұшырмас, Ер қарауыл қарар деп, Алыстан қара шалар деп Түн ұйқысын таптырмас... Балдағы алтын құрыш болат Ашылып шапсам дем тартар, Сусыным қанға қанар деп,- деген жолдарынан, бір жағынан, көне түркі поэзиясының өлең құрылысы, ұйқас ерекшелігі білініп тұрса, екінші жағынан, ерлік, батырлық жігер байқалып, жаугершілік өмірді елестетеді. Доспамбет жыраудың (ХҮІ ғасыр) шығармаларынан мына жолдарға назар аударайық : Тоғынды сарты нар жегіп, Көш түзедім, өкінбен. Ту құйрығы бір тұтам Тұлпар міндім, өкінбен. Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім, өкінбен. Зерлі орындық устінде, Ақ шымылдық ішінде, Тұлымшағын төгілтіп, Ару сүйдім, өкінбен. Өлең құрылысы да, сөздердің бір-бірімен тіркесі де, «тоғынды» «түзедім» (құрдым деген мағынада), «ету», «дулыға», «ал»,(қызыл деген мағынада) «тұлымшақ», т.б. сөздердің қолданылуы оқушының көз алдына сол кезеңдерді елестетпей ме! Сондай-ақ «Көмбідей ару жаларға», «Жазыда көп-ақ жортқан екеміз», «Ал иіндігін аударып», «Сақ етер», «Сақсырым толды қаныма», «Жарақшылар жоқ па екен, Жармай білте соларға» деген тәрізді жолдар өз кезеңдерінің жемісі, ХҮІ ғасырдағы тіл құрылысының жемісі деуге болады. Бұл сияқты жолдар, сөздер тіркесі мен жеке сөздер кейінгі Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа жыраулар шығармаларында да кездесіп отырады. Сөйтіп, ХҮ-ХҮІІ ғасырдағы қазақ ақын-жыраулар шығармаларының тілі ортағасырлық түркі әдеби тілі, соның дәстүрі, орфографиялық принциптері негізінде қазақ тілі топырағындағы жазба кітаби тілден өзгеше, сөйлеу тілі арнасында, ауызша әдебиет аясында қалыптасып, сол бағытта да- мыды. Және ол шығармалар көбіне, жоғарыда көрсетілгендей, ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарады. Ал бұл құбылыстың, яғни шығармалардың ауызша таралуының өзіндік ерекшелігі болды: біріншіден, ол шығармалар тілінде ауызша тілдің элементі басым болып, бүгінгі тілімізге тым жақын келетін; екіншіден, халық жадында ол шығармалар толық сақталмай, қоғамға қатысты, келешекке, өмір құбылыстарына байланысты ой түйіні сақталып, тіпті тұрақталып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Дәл осы ерекшелікті билер, шешендер сөздеріне, толғауларына байланысты да айтуға болады. Оның үстіне поэзия үлгілерін, әсіресе өмір шындығын образды оймен жеткізіп, мағыналы, мәнді, философиялық шешім жасайтын поэзияны, сөз құдіретін халық дәріптей білген. Ол үлгілерді қастерлеп, келешек ұрпаққа өнеге еткен. Ақын-жыраулар мен жыршылар өлең сөз үлгілерінің өзіндік қасиетін, стильдік-жанрлық сипатын, буын санын, ұйқас ерекшелігін, өмір құбылыстарына лайық нақтылы ой түйінін негізінен өз қалпында сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізіп отырды. Осыған орай ол туындылардың тілдік жағынан көп өзгеріске ұшырамай, өз кезінің, яғни ХҮ-ХҮІІ ғасырлардың тілдік ерекшеліктерін көрсете алатынын айта кету керек. Рас, онда кейбір кейінгі қоспалар, аздаған өзгерістер болуы да мүмкін. Бірақ ол авторлы поэзия тілінің басты ерекшелігі емес. Сондықтан ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясына тән тағы бір үлкен ерекшелік-ондағы айтылған ой қазақтың мақал-мәтелдерімен астасып, ішкі мағынасы жағынан да, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру ерекшеліктері жағынан да үндесіп, қоғамдық құбылыс жайлы «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» беріледі. Асанқайғының: Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан сөз Жел толқытса, шығады. Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса, шығады деуі нағыз нақыл сөз. Мұндағы шумақтың алғашқы жартысы жалпы айналадағы табиғат құбылысына (кейде малға) байланысты да (тастың су түбінде жатуы) тек соңғы бөлігі өмір қисынына (сөздің ой түбінде жатуы) қатысты болады, сөйтіп, абвб түрінде 7-8, 7-8 буынды ұйқас құрап, а – субъектің б – предикаты, в – субъектің б – предикаты болып жұмсалады, сол арқылы өнегелі ой айтылады. Бұл – мақалға тән қасиет. Немесе «Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан Қарағай басын шалмай ма?!»- түріндегі астарлы ой халық ұғымында күні бүгінге дейін «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» түрінде мақал, нақыл түрінде айтылып, ойға сыймайтын, еске келмейтін өзгеріс заман да болар деген ұғым білдіреді. Қазтуған жыраудың «Азамат ердің баласы жабыққанын білдірмес, Жамандар мазақ қылар деп»,- дегенін оқығанда: «Бөрі арығын білдірмес, сыртқа жүнін қампитып»,-деген мақал еске түседі. Доспамбет жыраудың: «Дүниенің басы сайран, түбі ойран»,-деген өмір жайлы түйінін оқығанда, бір жағынан, «Мұхаббат-намедегі» «Жаһан йелдек, өмір гүлдек офасыз» тәрізді ой қисыны еске түседі. Екінші жағынан, кейінгі ақын-жыраулардың өмірді уақытша алдамшы нәрсе, адам өмірге күліп келіп жылап кетеді деп – жырлауы еріксіз ойға келеді. Мұндай ой түйіндері, нақыл сөздер Шалкиіз жырау поэзиясынан тіпті көп кездеседі: Бар күшіңді сынамай, балуандармен күреспе... Таң боларсың әлемге, сөз боларсың күлемге... Ақылсыз достыдан ақылды дұспан артықты... Қырға шықпас жаманның барынан да жоғы игі... Халық поэзиясын жақсы білген, оған өзі де үн қосқан Шалкиіз жырау кезі келгенде дайын мақалдарды тілдік материал ретінде пайдаланып отыр ма, әлде Шалкиіз аузынан сәтті шыққан сөз маржандары, өрелі ой кестесі нақыл болып, кейін халық мақалына айналып кетті ме? «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық»,- деп Шалкиіз бірінші айтты ма, әлде халық даналығын дайын күйінде алып отыр ма, «қырға шықпас» деген түсіп қалып, игі сөзі жақсымен ауысып, «Жаманның барынан да жоғы жақсы» болып қалыптасты ма? Бұл сұрақтарға нақты жауап бере қою оңай емес. Қайткен күнде де Шалкиіз жырау халық даналығын қастерлеп, ондағы мәнді ойды білдіретін дайын мақал-мәтелдерді қолданып қана қойған жоқ, кейінгі ұрпаққа мұра боп қалған көптеген нақылдардың да авторы оның өзі болған деген тұжырым айтуға болады. Ақтамберді жыраудың: «Қыздың көркі құлпыда, жігіттің көркі жылқыда!» дегені «Ағаш көркі-жапырақ, адам көркі-шүберек» деген халық даналығын құр қайталау ғана емес, дәлдеп, саралап, сахара өміріне лайықтап, кестелі ой өрнегін дамыта түскені деп қарауға болады. Немесе: Түйе мойнын тұз кесер, Жігіт мойнын қыз кесер,- деген жолдардан қилы-қилы ой аңғарылады емес пе?! Ақтамберді жыраудың: «Бұлаңдап жүрген жігіттің жомарт қолын жоқ кесер»,-дегені халық даналығына негіз болды ма? Сол сияқты «Қап түбінде жата ма болаттың асыл сынығы? Үмбетай жыраудың: «Қарап жатқан жы- ланның құйрығын неге басасың?», немесе «Үйіңдегі ұлың жаман болса, есіктегі құлмен тең, қойныңдағы қатының жаман болса, қаңтардағы мұзбен тең»,-сияқты сөздері халық даналығымен астасып жатқан жоқ па?!
Достарыңызбен бөлісу: |