Қазақ диалектілерін топтастыруда әлі де болса тартыс туғызып отырған сұрақтар көп. Диалектологияның классификациясы солардың бірі болып табылады. Диалектологиялық әдебиетте әлі де болса шешілмеген, ортақ шешімге келмеген мәселе говордың құрам саны және диалектінің түбірі жөнінде.
Осы мәселелермен ұдайы шұғылданып келе жатқан қазіргі қазақ диалектологтары Ш.Сарыбаев, Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Е.Нұрмағамбетов т.б. жергілікті тіл ерекшеліктерін сұрыптай келе, қазақ диалектологиясын төрт топқа бөліп қарастырады:
Оңтүстік говорлар тобы (таралу аймағы: Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары).
Батыс говорлар тобы (таралу аймағы: Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қостанай, Қызылорда облыстарының кейбір аудандары).
Шығыс говорлар тобы (таралу аймағы: Алтай өлкесі мен Шығыс Қазақстан, бұрынғы Семей облысының бірқатар аудандары);
Орталық және солтүстік говорлар тобы (таралу аймағы: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау және Қостанай облысының басым бөлігі).
Филология ғылымдарының кандидаты Ж.Досқараев өзінің басқа классификациясын ұсынады. Ол кісінің еңбегі бойынша қазақ тіліндегі диалектілер екіге бөлінеді:
Оңтүстік-шығыс тобы (таралу аймағы: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Талдықорған облысының оңтүстік-батыс аудандары, Қызылорда облысының бірқатар ауданы.
Солтүстік-батыс тобы (таралу аймағы: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда, Семей облыстарының бірнеше аудандары). Бұл топтарға бөлуге негіз болған фонетикалық ерекшеліктер.
Дәріс №13
Қазақ диалектологиясының салалары
Сәйкесті диалектизмдер.
Сәйкессіз диалектизм.
Диалектизмдер мен әдеби тілдің қатысы жайлы
Достарыңызбен бөлісу: |