Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет41/59
Дата05.12.2022
өлшемі268.86 Kb.
#466473
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
k-20-1u,k-19-1,3keshen. kazak adebi tilinin tarih zhane dialektologiyas

Қырық күнде той қылып дәурен етті,
Қырық қара нар артырып қыз жөнелтті.
Шырағым жұрттан жалғыз шықпасын деп,
Қырық нөгерді Баянның қасыны ертті /Қозы Көрпеш Баян сұлу/.
«Ақшадан» сөзі батыс қазақтардың тілінде л-мен «ақшалай» болып айтылса, жергілікті жерде ақшадай формасында айтылды. Мысалы: Мен істеген жұмысыма ақына ақшадай алдым. Киіз сөзі жергілікті жерде г дыбысы сақталып кигіз түрінде айтылады. Неше қатар үй тігіп ақ кигізден, келгендерге сыйлығын бере берді (Б.Майлин). Ақмола, Қарағанды облыстарында да кигіз формасында қолданылады. Жергілікті халық тілінде метатезалық құбылыстар да кездеседі. Мысалы: дорба добра, қақпан қапқан, айналу айлану, сепкіл секпіл, жалаң аяқ жаңал аяқ.
В.Радловтың пікіріне сүйене отырып, профессор А.М.Позднеев те қазақ тілінде диалектілік ерекшелік кездеспейді деп санаған. Ол: «Қырғыз сахарасының ұлан-байтақ кеңістігінде қырғыз-қайсақтардың тілі диалектілерге бөлінбейді», – дейді.
Зерттеуші А.Старчевский 1878 жылы шыққан кітабында батыс говорына тән мынадай сөздерді келтіреді: аду//ату – мәсі, әше – ендеше, бостан – бостандық, мәстемір – қысқаш т.б.
Ал Н.Ф.Катанов Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданында ч, дж аффрикаттары кездесетінін айтқан. Экспедиция материалдары мұны растайды.
В.Катаринский де қазақ тіліндегі кейбір фонетикалық ерекшеліктердің бар екенін байқаған. Ол жүз сөзі кейде дүз болып, жүз көріс – дүз көріс болып айтылатынын сөз етеді.
Профессор П.М.Мелиоранский бастапқыда қазақ тілінің диалект, говорларға бөлінуін жоққа шығарғанмен, кейіннен Орынбор губерниясында қазақ, башқұрт, татар тілдері араласуынан туған ауыспалы говорлардың бар екенін айтады. Қазақ әдеби тіліне жат кележақ, бережақ сияқты формалардың кездесетінін атап көрсетеді.
Сонымен, Қазан төңкерісіне дейінгі орыс ғалымдарының қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерге бөліну-бөлінбеуі жайындағы пікірлерін екі топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Қазақ тілінде диалектілік ерекшеліктер жоқ дейтіндер (В.В.Радлов, А.М.Позднеев, П.М.Мелиоранский (бастапқыда) т.б.)

  2. Қазақ тілінде диалектілік ерекшеліктер бар дейтіндер (Н.И.Ильминский, Н.Ф.Катанов, П.М.Мелиоранский, М.Терентьев т.б.).

Жергілікті диалектілерді зерттеу шын мәнінде ХХ ғасырдың 30-жылдарының аяқ шенінен бастау алады. 1937 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы алғаш рет Алматы облысының Кеген, Нарынқол, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Қарағанды облысының Нұра аудандарына диалектологиялық үш экспедиция шығарады. 1939-1940 жылдары да Мақтаарал, Сарысу, Маңғыстау, Торғай, Арал, Орда өңіріне де ғылыми экспедициялар жіберіліп, тілдік материалдар жинақталды. Тіпті бұл жұмыс соғыс жылдары да бір сәт тоқталған жоқ. Мәселен, 1943 жылы академияның кейбір қызметкерлері Түлкібас; Жуалы, Талдықорған аймағында болып, бірқатар деректер жинаған. 1944 жылы осы жиналған материалдар негізінде Ж.Досқараев қазақ диалектологиясынан тұңғыш рет «Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал 1948 жылы С.Аманжолов «Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары» деген тақырыпта қазақ диалектологиясынан тұңғыш докторлық диссертация қорғайды.
Ұлы Отан соғысы жылдары диалектологиялық жұмыстар мүлдем тоқтатылды. Бұл жұмыстар тек қана 1946 жылы өз жалғасын тапты. 1948-1949 жылдары Қазақ ССР ҒА Тіл мен әдебиет институтының диалектологтары әрдайым алшақ аудандарға шығып, көптеген зерттеулер жүргізілген. Ол еңбектерде көбіне Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының аудандары мен Батыс Қазақстан, бұрынғы Гурьев, Ақтөбе облыстарының бірнеше аудандарының тіл ерекшеліктері туралы мәліметтер жиналған. Сонымен экспедиция Қазақстанның 200 ауданынан тек қана 40 ауданын ғана қамтыған.
Жалпы диалектологиядан қол жеткен табыстардың басым көпшілігі 1950-жылдарға сәйкес келеді. Оған дейін қазақ диалектологиясының зерттелу дәрежесі жекелеген мақалалар аясында ғана болып келсе, енді көлемді монографиялар мен сөздіктер жарық көре бастады. Мәселен, Ж.Досқараев 1955 жылы «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» деген диалектологиялық сөздік шығарды. Ал қазақ тіліндегі диалектілер мен говорларды топтастыру мәселесіне келсек, онда негізінен, екі түрлі көзқарас бар:
1. С.Аманжолов қазақ тілінде үш диалекті (оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс диалектілері) бар десе;
2. Н.Сауранбаев пен Ж.Досқараев диалектілердің екі (оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс диалектілері) үлкен тобы бар деп есептейді.
С.Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болу мен қалыптасу тарихын қазақ жеріндегі бұрынғы тайпалық одақтармен, жүздермен байланыстырады. Қазақ тіліндегі диалектілер ру-тайпа дәуірінен басталған. Соның негізінде үш жүздің өз диалектісі пайда болған, – дейді де, солтүстік-шығыс диалектісін қазақ әдеби тіліне негіз болған «супер диалекті» деп атап көрсетеді.
Ал Ж.Досқараевтың айтуынша, қазақ тілінде рулық, тайпалық диалекті болған жоқ, тек территориялық диалект бар. Ол – ХV ғасырға тән құбылыс, – деп есептейді.
Диалектілерге қатысты Қазақстан Ғылым академиясының Тіл білімі институты зерттеу жұмыстарын арнап, ғылыми жинақтар шығарып келеді. 1958 жылдан бері оннан астам ғылыми жинақ жарық көрді. Бұл жинақтарда республика және одан тыс жерлердегі қазақтар тілінің жергілікті ерекшеліктері мен кәсіби сөздер туралы біршама материалдар қамтылды. Диалектологтер Қазақстанның оңтүстік облыстарын қамтитын диалектологиялық атластың бірінші томын жасап бітірді. Диалектология саласында филология ғылымдарының докторлары Ж.Болатов, Ә.Нұрмағамбетов, Ғ.Айдаров, С.Омарбеков, О.Нақысбеков, Ғ.Қалиұлының, филология ғылымдарының кандидаттары Ш.Бектұров, Н.Жүнісов, Б.Бекетов, Ю.Абдуалиев, А.Тасымов, А.Жартыбаев т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.Халық тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттеп жүрген диалектологтар кейінгі 50 жыл ішінде жиырмаға таяу монографиялық еңбек жариялады. Олар көлемді монографиялардан басқа жоғары оқу орындары студенттеріне арналған арнайы оқулық және көмекші оқу құралдары ретінде бірнеше кітаптар шығарды. Бұл еңбектер говорларды топ-топқа бөлуде, оларды лингвогеографиялық әдіспен зерттеуде, әдеби тілге қатысын анықтауда көп пайдасын тигізуде. Осы уақытқа шейін он шақты докторлық диссертация, жиырмадан астам кандидаттық диссертация қорғалды. «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздіктері» бірнеше рет жарық көрді. Аталған еңбектерде мынадай мәселелер сөз болды: говорлардың ара жігі ажыратылды; кәсіби сөздерге анықтама берілді; көршілес тілдердің әсері жүйеленді; тарихи диалектілер сөз болды; аймақтық лексикография теориясы жасалды; диалектілердің әдеби тілге қатысы жайлы кең түрде сипаттама берілді т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет