б. з. Бұрынғы ІІ-ІІІ ғ. мен біздің заманымыздағы І ғасыр аралығы (ғұн дәуірі)
Көне түркі тілдері дәуірі (V-Х ғ.)
Түркі тілдерінің орта ғасырлық дәуірі (Х-ХІІ ғ.)
Түркі тілдер дамуындағы жаңа дәуір (ХV-ХІХ ғ.)
Түркі тілдер дамуындағы ең жаңа дәуір (ХХ-ХХІ ғ.)
Осы уақыт аралығында ұлт тілінің сөздік құрамы жан-жақты дамып, грамматикалық құрылысы әлдеқайда жетілді; халық тіліне қарағанда ұлт тілінің бірлігі, біртұтастығы артты, мұның өзі тілдегі жергілікті ерекшеліктердің азаю сипатына байланысты; ұлттық тілмен бірге белгілі нормаға түскен, стиль жағынан сараланған бүкілхалықтық сипаты бар
әдеби тіл қалыптасты. Сонымен бірге ұлттық тілдің басқа да сапалық белгілері әлі де жетілу, қалыптасу үстінде деп айта аламыз.
Диалектілердің әдеби тілге негізі жайлы
Диалектілердің әдеби тілге қатысы туралы да, тіл білімін зерттеушілер бірден ортақ пікірге келе қойған жоқ. Олардың араларындағы ұзақ айтыс пікір таластары қазіргі күнге дейін жалғасуда. Ол – әдеби тілге диалектілердің негізі болды ма, жоқ па? деген талас. Бұл қазірге дейін шешілген жоқ. Сонымен бірге әдеби тіл мен диалектілердің қатысына байланысты тұжырымдар да бір ізге түскен жоқ. Тілдегі осындай талас пікірлер туралы айта келіп, академик Ә.Қайдар былай дейді: «Әдеби тіл мен диалектілер арасында қытай қорғаны жоқ. Әдеби тіліміз атқаратын қызметіне байланысты жергілікті халық тіліне ықпал жасап, оны игеруге, өз кәдесіне жаратуға тырысады және де ол тіл дамуына қажетті процесс» («Қазақ әдебиеті» газеті, № 6, 1983).
Жалпы әдеби тіл мен диалектілердің қарым-қатынасын ажырату үшін екі мәселені шешіп алудың қажеттілігі туындайды:
Әдеби тілде диалектілерді пайдалану жайлы
Диалектілердің әдеби тілге негізі жайлы
Әдеби тілде диалектизмдерді пайдалану жайлы
Кез келген әдеби тілдің негізі жалпыхалықтық тіл негізінен бастау алады. Әдеби тіл мен жалпыхалықтық тіл бір-біріне қарама-қарсы құбылыс емес, екеуінің арасында тығыз байланыс бар. Әдеби тіл сөйлеу процесінде халық тіліне, жергілікті диалектілерге ықпал етіп, қарапайым, тұрпайы сөздер мен диалектілерді ығыстырса, екіншіден, халық тілі есебінен өзі де байып, толығып отырады. Әдеби тіл бүкіл ұлттық тілдің байлығын түгелдей қамтымайды. Оған халық тіліндегі неғұрлым дәл, айқын сөздер мен сөз тіркестері, тұрақтанған грамматикалық тұлғалар ғана енеді. Кейде әдеби тілде де, сөйлеу тілінде де жарыса қолданыла беретін сөздер ұшырасады. Мысалы: қазір – қазыр, кәзір, қане – кәне, қадыр – кәдір, қадір, мағына – мағана, төрт – дөрт, патша – патса, және – жана, өмір – ғұмыр т.б.
Сонымен қатар әдеби тілде күні бүгінге дейін қатар жұмсалып орфоэпиялық нормасы айқындалмаған сөздер де аз емес, Мысалы: зәбір – жәбір, әшейін – әншейін, балуан – палуан, бәле – пәле, сайтан – шайтан, тілмар – ділмар, бірдеңе – бірдеме, пенде – бенде, нақыс – нақыш, бәйге – бәйгі, сопаю – сопию, ыржың – ыржаң т.б. Мұндай сөздерді синоним ретінде қарауға болмайды. Себебі олар – айтылудағы аздаған өзгерістері болмаса, негізі бір сөздер. Диалектизмдерге де жатпайды, өйткені бұлар белгілі бір облыс, аймақ көлемінде ғана емес, жаппай барлық жерде айтыла береді, жалпыхалықтық сипатқа ие деуге болады. Айтылуындағы мұндай тиянақсыздық әдеби тілдің нормалануына зиянын тигізеді, сондықтан оларды бір ізге түсіру керек.
Ал диалектизмдердің әдеби тілге қатысына келетін болсақ, олардың әдеби тілді байытуы сирек кездеседі. Әдеби тілге енген диалектизмдер санаулы ғана. Тек белгілі бір ұғымды білдіретін сөздер әдеби тілде жоқ болса ғана, жергілікті сөздердің кейбірін баспасөз арқылы әдеби тілге енгізуге болады. Мысалы: пәрменді (қарқынды), немелтай (шөберенің балалары), мелжемді (азулы) т.б.
Жергілікті тіл ерекшеліктерінде тіліміздің, лексикамыздың баюына қажетті, әдеби тілде баламасы жоқ сөздер аздап болса да кездеседі. Мысалы, мал егіз тапса, егіз дейміз, үшеу, төртеу тапса, оны бір сөзбен атайтын әдеби сөз жоқ. Ал батыс облыстарда мұны үшен (үшем), төртен деп атайды. Әдеби тілде еркектің көйлегін де, әйелдің көйлегін де көйлек дейміз. Ал Жетісу қазақтары әйелдердің көйлегін көйлек, ер адамдардың көйлегін жейде деп екеуін екі атаумен атайды. Сондай-ақ зембіл (носилка), арасан (минералды бұлақ), құбыр (су трубасы) сияқты говорлық атаулар әдеби тілді байыта түседі. Мұндай сөздерді орнықтырып қалыптастыру керек.
Ал басқа диалектілердің әдеби тілге қатынасына келсек, олар әдеби тілдің толығып баюына өз үлестерін қосуда. Әсіресе белгілі бір кәсіп, шаруашылық түрлеріне байланысты кәсіби сөздер әдеби тілді байыта түседі. Мәселен, оңтүстік өңірінде бау-бақша, мақта, егіншілік, ұсақ қолөнер кәсіптері жақсы дамыған. Ќазіргі әдеби тілде оңтүстік говорлары арқылы еніп, ауыл шаруашылық терминдеріне айналған сөздер аз емес. Қазақстанның батыс өңірінде Каспий, Арал бойындағы балық шаруашылығы туралы да осыны айтуға болады. Бұлар – бір аймақта қолданылғанымен, тілімізді байытатын және әдеби тіліміздің өсуіне, дамуына қажетті сөздер. Мұндай сөздерді көркем шығармаларда қолдану арқылы жалпыхалықтың кәдесіне жарату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |