Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Дәріс №12 Қазақ диалектологиясы туралы жалпы түсінік



бет40/59
Дата05.12.2022
өлшемі268.86 Kb.
#466473
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
k-20-1u,k-19-1,3keshen. kazak adebi tilinin tarih zhane dialektologiyas

Дәріс №12
Қазақ диалектологиясы туралы жалпы түсінік

  1. Диалектология ғылымының мақсаты мен міндеттері.

  2. Диалектология пәнінің негізгі зерттеу объектілері

  3. Қазақ диалектологиясының Қазан төңкерісіне дейінгі зерттелу жайы

  4. Қазақ диалектологиясының Кеңес дәуірінде зерттелу жайы

Қазақ тіл білімінің үлкен бір саласы диалектология деп аталады. Ол–грек тілінен енген сөз, «диалектос» – сөз, сөйлеу, «логос» – ілім деген мағынаны білдіреді. Диалектология пәнінің негізгі мақсат-міндеті жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Ол диалектілер мен говорларды (сөйленістерді) зерттеп айқындауды мақсат тұтады. Ал диалект, говор деп халықтық немесе ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар тармақтарын, бөліктерін айтады. Ол – жалпыхалықтық тілден өзгеше белгілі бір аймақты, территорияны қамтитын тілдік ерекшеліктер. Осы тілдік ерекшеліктер фонетикалық, лексикалық, грамматикалық болып 3-ке бөлінеді.
Диалект – жалпыхалықтық тілдің бір тарауы, бөлігі, бірақ одан тыс жатқан құбылыс емес. Диалект жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақта ғана жұмсалатын тілдік ерекшеліктердің жиынтығын қамтиды. Ол жалпыхалықтық тілдің бір бөлігі ретінде қолданылады.
Ал говор (сөйленіс) шағын аймақты ғана қамтитын жергілікті тіл ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей ғана жерді қамтуы мүмкін. Әрине мұның бәрі шартты түрде ғана. Олардың қаншалықты аймаққа таралуы жергілікті тіл ерекшеліктерінің қалыптасу тарихына, ондағы нақты жағдайларға байланысты болады. Кейде бір диалектінің ішіне оның басқа диалектілерден айырмасын көрсететін бірнеше ұсақ говорлар енуі мүмкін. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің таралуына орай кейде говорлар подговорларға бөлінеді. Негізгі диалектілік ерекшеліктері біркелкі болып келетін говорлардың тобы наречие деп те айтыла береді.
Жоғарыда аталған диалект, говор, подговор, наречие сөздері бір-бірінен онша алыс емес ұғымдар, кейде бұлар синоним ретінде де жұмсала береді. Сайып келгенде, бәрі де жергілікті тіл ерекшеліктері дегенді аңғартады.
Зерттеуші ғалымдар диалектілерге байланысты әр түрлі атаулар ұсынды. Мәселен, С.Омарбеков осы сөздерді айтылым деп атауды ұсынды. Ал зерттеуші Ғ.Бегалиев диалекті сөздерді сөздік диалекті және дыбыстық диалекті деп екіге бөліп қарастырды. Ғалымдар арасында бұл қолдау тапқан жоқ. Тек тілдік жергілікті ерекшеліктер деген атау ғана қолдау тапты.
Сөз диалектизм болу үшін екі түрлі шарт болу керек:

  1. Әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір говорға, диалектіге тән сөз болу керек. Әдеби тілде баламасы болу керек.

  2. Диалектизмнің өзінің таралу шегі, аймағы (изоглоссасы) болу керек.

Яғни сөздің жалпыхалықтық тіл нормасынан өзгеше ерекшеліктері болса ғана диалектіге жатады. Мысалы: шалбар – сым, құман – құмған, үй – там, шаңырақ – шаңғарақ, шаңқобыз – шаңғауыз, берешек – бережақ, алашақ – алажақ, мұғалімнен оқу – мұғалімге оқу, ағасыз ба? – ағасыңыз ба? т.б.
Диалектілердің пайда болу, қалыптасу тарихы халық, ұлт тарихымен, оның этнографиясымен (әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі т.б.) тығыз байланысты болады. өйткені жергілікті ерекшеліктер этнографиялық белгілермен ұштасып жатады. Мысалы, әдеби тілдегі тандыр сөзі оңтүстік өңірлерде қабырғаларына нанды (тандыр нан) қарып пісіруге арналған пеш атауын білдіреді (тандыр сөзі жалпыхалықтық тілде қатты, жарамсыз, құрғақ деген мағыналарды білдіреді: тандыры шыққан жер). Сондай-ақ, Ќостанай облысында тайтұяқ сөзінің халықтық тілдегі мағынасынан (тай тұяғының көлеміндей сом күміс) басқа мұз оятын құрал деген мағынасы тағы бар. Бұл атау жергілікті халықтың мұз оятын құралды тайдың немесе аттың тұяғынан жасау әдетінен туған.
Қазақ диалектологиясы – қазақ тіл білімінің тек Қазан төңкерісінен кейін пайда болып, қалыптаса бастаған кенже саласы.
Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктерді кең түрде зерттеу ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап қолға алына бастады. Содан бері республика аймақтарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, тіліміздегі диалектілік ерекшеліктерді танытатын көлемді материалдар жинақталды. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалектологиясы жоғары оқу орындарының филология факультетінде арнаулы пән ретінде оқытылып келеді.
Қазақ диалектологиясы туралы деректер жүйелі түрде тек соңғы 60-70 жылда, яғни 1937-1938 жылдардан бастап жинала бастаған. Қазақ тілі революцияға дейін де зерттелген, бірақ ол кездегі түркологтер өз алдына тіл ерекшеліктерін зерттеуді мақсат етіп қоймаған. Өйткені олар қазақ тілін зерттегенде өз еңбектерін тек қана қазіргі Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысы қазақтарының тілін зерттеу арқылы жазған. Олар Қазақстанның кең аймағының түкпірлеріне барып зерттемеген. Сондықтан да қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктер туралы білмеген де.
Қазақ тілі жүйесі құрылысының зерттеле бастауы кеңес дәуірінде болғанмен, олардың зерттелу тарихы Қазан төңкерісінен бұрын басталған болатын. Осы кезеңдегі қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар мен грамматикаларда жекелеген диалектілік ерекшеліктерге бөліну-бөлінбеуі жайында айтылған бірлі-жарым пікірлер кездеседі. Мәселен, орыс ғалымы Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» еңбегінде батыс қазақтарының тілінде ж дыбысы сөз басында кейде түсіріліп, кейде й дыбысымен алмасып айтылатынын сөз етеді: барып атыр – барып жатыр, бара йатыр – бара жатыр, со йерде – со жерде; сондай-ақ -улы, -улі жұрнағы өткен шақ есімше қосымшасымен мәндес екенін де айтады (барулы – барған, келулі – келген).
Ал академик В.В.Радлов қазақ тілі біртұтас тіл деп есептеп, ондағы диалектілік ерекшеліктерге назар аудармаған. Ол батыстағы және шығыстағы қазақтар тілінде айырмашылық жоқ деп есептеген.
Академик В.Радлов 1870 жылдың өзінде Қазақстанның солтүстік облыстарында тұратын қазақтардың тілінде орыс сөздері көп ұшырайтынын сөз еткен еді. В.Радловтың өз сөзімен айтқанда: «Солтүстікте орыс көршілерінің әсері арқасында және оңтүстік сарттардың әсері арқасында қазақ едәуір сөздермен байып отыр». Жоғарыдағы келтірілген материалдар В.Радловтың осы сөзін растайтын сияқты. Жергілікті жерде бау-бақша, огород егістерін кейін еге бастаған. Сондықтан халықтың сөйлеу тілінде овощ, жеміс аттарының қазақша төл аты жоқ. Олардың көпшілігі орысша аталады.
Жергілікті халық тілінде ерекшеліктер жоқтың қасы. Бұл, бір жағынан алып қарағанда, говордың фонетикалық, грамматикалық нормалары әдеби тілдегі нормаға жақын. Жергілікті халық тілінде азын-аулақ фонетикалық ерекшеліктер кездеседі. Бірақ олар жүйелі түрде кездесіп отырмайды. Кейде әдеби құрамындағы дыбыстармен басқа ұқсас дыбыстармен алмасып отырады. Мысалы, кейбір сөздерде з, ш, ж дыбыстары алмасады. Мысалы, келемеш келемеж, іждене ештеңе, нәжік нәзік. Біреулер ойнап бірін-бірі келемеш етіп келеді. Бірақ бұл мысалдардан көрсетілген алмасулар жергілікті халық тілінде дәйекті, системалы түрде кездесетін құбылыс деген ұғым тумау керек. Олар бес-алты сөздің шеңберіндегі ғана құбылыс. Жергілікті халық тілінде әйел, пеш сөздері аял, меш формасында да айтыла береді. Нокер сөзін ногер түрінде г арқылы айту – бұл жақтағы халық тіліне тән нәрсе. Ногер сөзін біз кейбір халық жырларының тілінен де кездестіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет