Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Практикалық сабақтардың жоспары



бет49/59
Дата05.12.2022
өлшемі268.86 Kb.
#466473
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
k-20-1u,k-19-1,3keshen. kazak adebi tilinin tarih zhane dialektologiyas

Практикалық сабақтардың жоспары:


1-семинар
Тақырыбы: Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты.
Апта: 1
Сағат саны: 1
Мақсаты: Қазақ әдеби тілі туралы ұғымдарды айта келе, әдеби тілдің нормалары мен стильдер жүйесінен, жалпыхалықтық тілмен арақатынасы жөнінде мәлімет беру.
Сабақ барысы: Сабаққа қатысуды тексеру, үй тапсырмасын сұрау, кеңес беру, түсіндіру, пікірталас, іскерлік ойындар ұйымдастыру.
Бақылау түрі: семинар сұрақтары байынша жазбаша, ауызша жауаптарын көру, конспектілерін тексеру.
Мазмұны:

  1. Әдеби тіл туралы ұғым.

  2. Әдеби тіл туралы көзқарастар мен пікірлер.

  3. Әдеби тілдің нормалары.

  4. Әдеби тілдегі стильдер жүйесі.



Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Әдеби тіл, ауызша әдеби тіл, жазба тіл, жалпыхалықтық тіл, әдеби тіл нормасы, ауызекі сөйлеу тілі, стильдер жүйесі.
Әдебиеттер:
1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А. Ел-шежіре, 2014.
2.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. А.,2007.
3.Момынова.Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А, 2011.
2-семинар
Тақырыбы: Көне түркі тілінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы рөлі.
Апта: 2
Сағат саны:
Мақсаты: Қазақтың ауызша дамыған әдеби тілінің тарихи арналары, қайнар көзі - көне түркі жазба әдеби ескерткіштерінің тілі екендігінен мәлімет беру.
Сабақ барысы: Сабаққа қатысуды тексеру, үй тапсырмасын сұрау, кеңес беру, түсіндіру, пікірталас, іскерлік ойындар ұйымдастыру.
Бақылау түрі: семинар сұрақтары байынша жазбаша, ауызша жауаптарын көру, конспектілерін тексеру.
Мазмұны:

  1. Көне түркі жазба ескерткіштері- қазақ әдеби тілінің қайнаркөздерінің бірі.

  2. Көне түркі жазба ескерткіштері туралы мәліметтер.

  3. Көне түркі ескерткіштер тілінде түркі тілдеріне ортақ, мағынасы жағынан қазақ тіліндегі сөздермен бірдей немесе жуық келетін сөздер мен топонимикалық атаулар кездесетіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет