Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


а) Диалектілердің әдеби тілге негізі жайлы



бет43/59
Дата05.12.2022
өлшемі268.86 Kb.
#466473
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
k-20-1u,k-19-1,3keshen. kazak adebi tilinin tarih zhane dialektologiyas

а) Диалектілердің әдеби тілге негізі жайлы
ә) Әдеби тілде диалектілерді пайдалану жайлы

Қазақ тілін зерттеуші диалектологтер диалектілердің шығу жолдарын үш түрлі жағдаймен байланыстырады:



  1. Тарихи жағдайларға байланысты

  2. Белгілі бір кәсіптік сөздерге байланысты, яғни белгілі бір кәсіптің, шаруашылықтың түрімен байланысты

  3. Көршілес тілдердің әсерімен байланысты

Жалпы қазақ тілі говорларындағы лексикалық ерекшеліктерді сипатына қарай, өзара қатысына қарай үш топқа бөлуге болады:
1. Сәйкесті диалектизмдер. Бұл топқа енетін сөздер – әр түрлі говордағы бір нәрсені, затты немесе бір ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер. Мысалы, шеге суыратын тістеуікті батыста атауыз десе, Семей облысының кейбір аудандарында жылқыауыз дейді. Ал Оңтүстікте, Оңтүстік шығыста кемпірауыз дейді. Бұл сөздердің тұлғасы әр түрлі болғанмен, мағыналары бір-біріне бара-бар, синонимдес яғни әр түрлі говорда бір-біріне ұғым жағынан сәйкес сөздер.
2. Сәйкессіз диалектизм. Белгілі бір говорда қолданылатын сөз түрлі географиялық немесе шаруашылық, әдет-ғұрып жағдайларына байланысты басқа говорларда болмауы мүмкін. Демек, белгілі бір сөздің басқа говорларда ұғым жағынан сәйкесті сөзі болмау ықтимал. Мысалы, Көкшетау облысының кейбір аудандарында егін суарылмайтындықтан, жергілікті халық тілінде Оңтүстік облыстарында тұратын халық тіліндегіндей әр алуан арық аттары жоқ. Сол сияқты Қазақстанның солтүстік аудандарында көкөніс, жеміс шаруашылығымен бұрын көп айналысқандықтан, жергілікті тұрғын адамдар оңтүстікте өсетін көптеген жемістердің аттарын білмейді. Бұлар көбінесе кәсіби сөздер тобына жатады.
3. Семантикалық диалектизм. Бұл топтағы сөздер тұлға жағынан әдеби тілдегі сөздермен ұқсас болады. Бірақ мағына жағынан әдеби тілдегі сөздерден бөлек, басқа мағынада да жұмсалады. Мысалы, Жетісуда әке деген сөз өзінің әдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, сонымен қатар қарағым, қалқам мағынасында да қолданылады.
Диалектология пәні тіл білімінің бір саласы ретінде қалыптасуымен байланысты, оның маңызы артып, зерттеу объектісінің шеңбері де ұлғая түсті. Зерттеу халық тіліндегі ерекшеліктерді жинаумен шектелмей, тіл тарихын жасауға да үлкен қызмет атқарады. Диалектология зерттеу объектісіне және сипатына қарай:
1. Сипаттамалы (описательная) диалектология
2. Тарихи (диахрониялық) диалектология болып екіге бөлінеді.
Сипаттамалы диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, жүйелі түрде түсінік беру. Яғни сипаттамалы диалектологияны терең зерттеп алмайынша тарихи диалектологияға жол ашылмайды. Ал тарихи диалектология жергілікті тіл ерекшеліктерінің пайда болуын, шығу тарихын зерттеуді мақсат етеді. Бұл халық не ұлт тілдерінің ру тілінен тайпа тіліне, тайпа тілінен халық тіліне, халық тілінен ұлт тіліне ауысып отырудағы даму жолдарын айқындауға жол ашады. Диалектологияның бұл екі саласы бірімен-бірі тығыз байланыста болып, бірін-бірі үнемі толықтырып отырады.
Жергілікті тіл ерекшеліктерін танып білу тіл тарихын (дыбыс, сөз, сөз тіркесі т.б.) зерттеумен тығыз байланысты. Оларды танып білудің халық тілінің сөз байлығын меңгеруде теориялық жағынан болсын, практикалық жағынан болсын маңызы өте зор.
Қазақ ұлттық тілінің қалыптасу тарихын, әдеби тілдің даму заңдылықтарын жетік білу үшін, жергілікті тіл ерекшеліктерінің тарихын қарастыру қажет. Бұған керекті материалдар көне тарихи жазба ескерткіштерде, туыстас түркі тілдерінде, халық тілінде жатыр.
Халық тілінің жергілікті ерекшеліктерінде қазіргі кезде әдеби тілде қолданылмайтын, әлдеқашан жойылып кеткен көне тілдік белгілер сақталып қалған. Олардың толық жойылып кетуі мүмкін емес, себебі халық дін аман тұрғанда олардың әйтеуір бір жұрнағы, сарқыншағы, қалдығы болсын сақталып қалады. Жергілікті тіл ерекшеліктерінен қазақ тілінің көптеген категорияларына қатысты материалдарды молынан табуға болады. Осылардың басым көпшілігі түркі тілдерінің көне ескерткіштер нұсқаларындағы тіл құбылыстарымен үндесіп келеді. Бұл тіл тарихын, атап айтқанда, оның тарихи фонетикасын, грамматикасын жєне лексикологиясын жасау жұмысын жеңілдетеді.
Мысалы: в, ф, ч, ц дыбыстары орыс тілі арқылы енген, сол тілдің әсерінен пайда болған деп айтып жүрміз. Әдеби тілде норма болмағанымен, қазақ тілінің дыбыс жүйесі дамуына көз жіберсек, ч дыбысы түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, бұрыннан бар дыбыс екен. V-VІІІ ғ. Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінде чур (титул-дєреже) (оғлан чур), чаб (даңқ), чығай (кедей), ічрә (ішкі), М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» (ХІ ғ.) сөздігінде чадан (шаян), чечек (шешек), черік (шерік), күч (күш), Ж.Баласағұнның «Құтты білігінде» чін (шын – Қытай), чүн (шын), чұқ (шық) т.б. сөздер кездеседі.
Ал қазіргі қазақ тілінде бұл дыбыс әдеби тілде қолданылмағанымен, ауызекі сөйлеу тілінде (диалектіде) Маңғыстау өңірінде, Жетісу қазақтарының тілінде (Алматы, Талдықорған), Оңтүстік-шығыс аудандарда (Жамбыл, Семей, Шығыс Қазақстан), Қытай, Монғолия қазақтарының тілінде көбінесе сөз басында, сөз ортасында ш дыбысымен алмасып қолданылады. Ч – ш: чикі – шикі, чық– шық, чеч – шеш, қамчы – қамшы, сонча – сонша, келгенче – келгенше, чаңырақ – шаңырақ т.б.
Ғ, г дыбыстары туралы да осыны айтуға болады: біз – бігіз, сурет – сүгірет, ие – еге, киіз – кигіз, құман – құмған, суар – суғар, шаңырақ – шаңғарақ т.б.
Сол сияқты ана тілінен сабақ беретін мұғалімдер үшін диалектологияны білудің практикалық маңызы бар. Мәселен, оқушылар тілінде жалпыхалықтық нормадан тыс жергілікті тіл әсерінен туған қарапайым сөздер, диалектизмдер, тіпті жаргондық сипаты бар сөздер кездесуі мүмкін. Шығарма, мазмұндама, диктанттағы кейбір қателіктер жергілікті тіл ерекшеліктерінің ықпалымен байланысты жіберілуі мүмкін. Сондықтан мұғалім сондай қателіктердің екіншілей қайталанбауы үшін жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби тілдегі баламасын салыстырып түсіндіруі, көркем әдебиет, баспасөз беттерін оқыту арқылы диалектілік сөздерге көңіл аудартып, дұрыс айтылмаған сөздер мен сөйлемдерді оқушылардың өздеріне түзеттіріп, оларды әдеби тіл нормасына үзбей үйретуі керек. Мысалы: барғайы жүрмін емес – барғалы жүрмін, жар газеті емес – қабырға газеті т.б.
Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу, жинау қазақ тілі сөздіктерін, диалектологиялық картасын, атласын жасауға мүмкіндік береді. Қазір халық шаруашылығының жеке салаларында әдеби тілді байыта түсетін жергілікті кәсіби сөздер аз емес. Кәсіби сөздер лексикасы әлі де қалыптасып болмаған процесс екенін ескерсек, жергілікті тіл ерекшеліктерін жан-жақты, толық зерттеу аса қажет дүние.
Диалектілердің келешегі, болашағы бар ма?
Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың күн санап дамуына байланысты қазақ тілі газет-журналдарының, оқулық, көркем шығармалардың бірыңғай біртұтас тілде жазылып шығуы және қазақ халқының бір-бірімен тығыз араласуына жасалған жағдай тіліміздегі кейбір диалектілік ерекшеліктерді жоюы мүмкін. Бұл құбылыс қазіргі кезде біртіндеп жойылып бара жатыр. Ал кәсіби сөздер сол кәсіп, шаруашылық өркендеп тұрған кезде ешқашан жойылмайды.
Қазіргі диалектологияның алдында мынадай 2 міндет тұр:
1. Говорлардың тіл жүйесін барлық жағынан сипаттай отырып, арнайы зерттеу.
2.Тілдегі говорлардың өзара қарым-қатынасын, байланысын, территориясын анықтай отырып, толық классификациясын жасау.
Тілдегі говорларды бұлай зерттеу арқылы тіл дамуының жалпы бағытын анықтауға болады, сондай-ақ бұл – диалектологиялық карта, атлас жасауға да қажетті материал береді. Белгілі бір ұлт, халық болу үшін тілдік бірлік, территориялық бірлік болу керек. Тіл – қоғамдық қатынас құралы. ұлттық тілге сол тілдегі барлық нормалар енеді. Ал әдеби тілге бұлардың ішіндегі кейбір қарапайым сөздер енбейді.
Зерттеуші ғалым Богородицкий халықтық говорлар мен әдеби тіл туралы айта келіп, «қай тілді болсын үйрену үстінде біз оның жеке әдеби қалпын ғана емес, халықтық говорларда қолданылуын зерттеуге тырысуымыз қажет», – дейді. Бұдан тіл мәселелерін ұлттық көлемде зерттегенде, бүкіл ұлт тілінің әдеби түрімен бірге, жергілікті диалектілерінің материалдарын қоса ескеру қажеттігі туады. Онсыз тұтас ұлт тілінің қалыптасу заңдылықтары туралы жан-жақты, терең зерттеу жүргізу мүмкін емес.
Сонымен, қазіргі диалектологтардың пікірі бойынша, диалект – жалпыхалықтық тілдің бір бөлігі, бөлшегі, одан тыс жатқан құбылыс емес. Диалектілердің грамматикалық құрылысы мен фонетикалыќ жүйесі, әдеби тіл немесе ұлттық тілдің грамматикалық, фонетикалық жүйесінен онша ерекшелене қоймайды, – деп есептейді. Дегенмен зерттеуші диалектологтар (С.Аманжолов, Ж.Досқараев, Ш.Сарыбаев, Ғ.Қалиев т.б.) кейбір грамматикалық ерекшеліктерін де жоққа шығармайды. Мысалы: барсай – барсайшы, келсей – келсейші т.б.
Диалектілік ерекшеліктер түрлі тілдерде әр түрлі мөлшерде сақталған, бірінде аз болса, енді бірінде көп кездеседі. Диалектілер алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тайпаның сөйлеу тілі болған. Зерттеушілер диалектінің алғашқы қауым кезінде ру, тайпа тілі ретінде, одан кейінгі ќоѓамдарда халыќ, ±лт тілдерініњ бір бµлігі ретінде адамдар ұжымына қызмет еткенін атап көрсетеді. Алғашқы қоғамда әрбір тайпаның өзінің тілі (диалектісі) болған. Ф.Энгельс: «Тайпаның өзіне ғана тән ерекше диалектісі болды. Шындығында, тайпа мен диалект бір-біріне сай келеді», – дейді. Тайпа ішіндегі адамдардың көбеюіне байланысты бөлшектеніп, одан бірнеше жаңа тайпалар бөлініп шығады. Бөлініп шыққан тайпалар бірінен-бірі территория жағынан қашықтап, олардың әрқайсысының тұрмысында, сондай-ақ тілінде өзіндік ерекшелік пайда болады. Осылайша бастапқы біртұтас тайпа тілінен туыстас бірнеше тайпа тілі (диалектілер) жасалады.
Бертін келе адамдар бұрынғыдай тайпасына қарай емес, тұрғын жеріне, қонысына қарай жіктеле бастады. Содан барып жергілікті диалектілер қалыптасты.
Халықтардың қоғамдық, тарихи жағдайы біркелкі еместігін ескерсек, ертеде болған тайпалық тілдерге тән кейбір сөздер, тұлғалар сақталып қалған.
Қазақ тілінің тарихы оның құрамына еніп отырған диалектілердің тарихымен байланысты. Сол себепті қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болуы, қалыптасуы, қазіргі қалпы қазақ тілінің жалпы даму процесі тұрғысынан қаралады. Ќазіргі диалектілер бұған дейін өте күрделі процестерді басынан өткізіп келді. Олар бір кезде ру-тайпалық сипатта болып, келе-келе жергілікті сипатқа ие болған. Тілдегі диалектілік ерекшеліктердің қалыптасуына ру-тайпалық тілдердің де, жергілікті халық өміріндегі жағдайлардың да, көрші халықтар тілінің әсері де тиген. Бірақ бұлардың әрқайсысы жеке-жеке тұрған құбылыс емес, біртұтас жүйе ретінде белгілі бір территориядағы тұрғындарға тән болып қалыптасқан, сөйтіп, жергілікті диалект сипатына көшкен.
Жергілікті диалектілердің қалыптасуы, дамуы белгілі тарихи жағдайларға, қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуына байланысты болып келеді.
Қазақ тілінің диалектілік сипат алуын зерттеушілер көне ғұн дәуірінен бастайды. Қазақ тілінің даму, қалыптасу тарихы жалпы түркі тектес халықтардың тарихымен (даму, қалыптасу кезеңдерімен) тығыз байланысты болып келеді. Тіліміздің тарихына қатысы бар дәуірлерді былайша көрсетуге болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет