Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 8 мамыр №474 Астана, Үкімет Үйі


Конкурс өткізілді деп танылған кезде конкурс жеңiмпазын айқындау тәртiбi



бет2/3
Дата22.02.2016
өлшемі185 Kb.
#861
1   2   3

9. Конкурс өткізілді деп танылған кезде конкурс жеңiмпазын айқындау тәртiбi

55. Конкурс жеңiмпазын айқындау үшiн конкурстық комиссия техникалық ұсыныстың сапасы мен қаржылық ұсыныс құнының ара қатынасын айқындайтын коэффициенттердi, сондай-ақ Ұлттық қордың аудитiн жүргiзу жөнiндегi қызметтердi ұсынудың ең төменгі құнын белгiлейдi. Көрсетiлген коэффициенттердiң сомасы бiрлiкке тең.

56. Техникалық ұсыныстың сапасын және қаржылық ұсыныстың құнын айқындайтын коэффициенттер техникалық ұсыныс сапасының басымдылығын негiзге ала отырып белгiленедi.

57. Техникалық және қаржылық ұсыныстары ең жоғары қорытынды балмен бағаланатын конкурсқа қатысушы конкурстың жеңiмпазы болып саналады.

58. Конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:

1) мыналарды қамтитын:

Қазақстан Республикасындағы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi және басқа мемлекеттердегi банктерге және басқа қаржы институттарына аудиторлық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн; 

аудиттi жүргiзу процесi жөнiндегi қысқаша түйiндеменi;

Ұлттық қордың алдағы бухгалтерлiк есептi талдау (бухгалтерлiк есептiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестiгiн бағалауды қоса алғанда), Ұлттық қордың iшкi бақылау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн талдау (Ұлттық қор тәуекелдерiн талдауды қоса алғанда), Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметкерлерiне ақпараттық аудит бойынша қызметтер көрсету және Ұлттық қор мәселелері жөнінде консультациялық қызметтердi көрсету туралы аудиторлық қорытындыны ұсыну мерзiмiн көрсете отырып, егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын қамтитын техникалық сапа; 

2) маманның бiлiктiлiгi және мыналарды: арнайы бiлiмiн, аудит саласындағы жұмыс тәжiрибесiн, басқа мемлекеттердiң ұқсас қорларының аудитiн жүргiзудегi iс жүзiндегi тәжiрибесiн қамтитын оның практикалық тәжiрибесi.

59. Конкурсқа қатысушының белгiленген өлшемдер бойынша техникалық ұсынысын бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әрбiр өлшем бойынша 1-ден бастап 100-ге дейiнгi балл шәкілі бойынша конкурстық комиссияның мүшелерi жүргiзедi.

Техникалық ұсыныстарды қарағаннан және бағалағаннан кейiн конкурстық комиссияның мүшесi осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалаудың формулярын толтырады.

60. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысының орташа баллы екi өлшем бойынша (техникалық сапа және мамандардың бiлiктiлiгi, олардың практикалық тәжiрибесi) баллдардың жалпы санын бiлдiретiн конкурстық комиссияның барлық мүшелерi бағасының орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады.

61. Техникалық ұсыныстың қорытынды баллы техникалық ұсыныстың орташа баллының осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетiлген тәртіпке сәйкес екi өлшем бойынша (200 балл) баллдың ең жоғары санына ара қатынасымен айқындалады.

62. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысын бағалау конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын салыстыру әдісімен айқындалады және аудиттi жүргiзу жөнiндегi қызметтiң ең төменгі құнының негізінде олардың арасындағы жеңімпазды айқындайды.

63. Конкурсқа қатысушылардың бiрнешеуi техникалық ұсыныстары бойынша тең балл жинаған кезде, жеңiмпаз конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.

Конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарының құны тең болған жағдайда аудит жөніндегі қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі неғұрлым көп конкурсқа қатысушы жеңiмпаз деп танылады.

64. Конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының нәтижелерi бойынша:

1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары қаржылық ұсыныстарды бағалау және салыстыру өткізілген күні:

конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға өткізілген конкурстың нәтижелерін хабарлайды және қатысушыларға конкурстың жеңімпазын жариялайды;

конкурстың жеңімпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді;

конкурсқа қатысушыларды немесе олардың уәкілетті өкілдерін конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесі берілетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді;

2) конкурстық комиссияның хатшысы:

конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және оған отырыста қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің барлығының, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағына бұрыштама қойып шығуын қамтамасыз етеді;

ол туралы мәліметтер конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурстық өтінім ұсынған конкурсқа қатысушылардың кез келгенінің талап етуі бойынша мұндай жазбаша сұрау салуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға өтеусіз негізде конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін жібереді.

65. Конкурстың қорытындылары туралы хаттама мынадай ақпаратты:

1) конкурстың қысқаша сипаттамасын;

2) конкурс жеңiмпазы туралы деректердi, ол жеңiмпаз болып танылған шарттарды;

3) өздерiнiң конкурстық өтiнiмдерiн ұсынған басқа конкурсқа қатысушылардың бiлiктiлiгi туралы ақпаратты;

4) басқа қатысушылардың конкурстық өтiнiмдерiнiң бағасын және қысқаша мазмұнын;

5) конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру өлшемдерiнің қысқаша мазмұнын;

6) егер конкурс нәтижесінде жеңiмпаз анықталмаса, тиiстi себептердi көрсетудi;

7) конкурстық өтiнiмдерді кері қайтару себептерін көрсетуді;

8) конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сұрау салулардың, оларға жауаптардың жинақталған мазмұнын, сондай-ақ егер мұндай орын алған болса, конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулардың жинақталған мазмұнын;

9) өзге мәлiметтердi қамтиды.

66. Конкурс конкурстың жеңiмпазы айқындалғаны туралы комиссия шешiм қабылдағаннан кейiн өткiзiлген болып саналады, ол туралы тиiстi хаттама жасалады.

Конкурс жеңiмпазы тиiстi жылдың 1 (бiрiншi) қыркүйегiне дейiн айқындалады.

67. Конкурстық комиссияның шешiмi конкурсқа қатысушыларға ол қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк 10 (он) күннен кешiктiрілмей ауызша жеткiзiледi.

68. Конкурстық комиссияның шешімімен конкурстың жеңiмпазы айқындалғаннан кейінгі 5 (бес) жұмыс күні iшiнде жұмыс органы 20 (жиырма) жұмыс күні iшiнде қарау және аудиторлық ұйыммен келісу үшін шарттың жобасын конкурстың жеңiмпазына жібереді.

Аудиторлық ұйымның шарттың жобасын келісуі шартқа қол қоюға аудиторлық ұйымның келісетіні туралы еркін нысандағы жазбаша хабарлама түрінде жүзеге асырылады.

Жұмыс органы шарттың жобасын мақұлдау туралы Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Yкiметiне тиісті жылдың 1 (бірінші) қарашасына дейінгі мерзімде енгізеді.

Конкурстың жеңiмпазы шарт жобасын мақұлдау туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы қабылданғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні iшiнде мемлекеттік және орыс тілдерінде шартқа қол қояды.

69. Егер конкурстың жеңiмпазы болып танылған конкурсқа қатысушы шартқа белгiленген мерзiмде қол қоймаса, басқа конкурсқа қатысушылармен шартқа қол қойылады. Бұл ретте шартқа қол қоймаған конкурс жеңiмпазы енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз ету осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісіне жатқызылады.

Бұл жағдайда конкурстық комиссия конкурстық өтінімі қорытынды балдары бойынша бұдан бұрын конкурстың жеңiмпазы деп жарияланған қатысушыдан кейінгі орында тұрған конкурсқа қатысушыны конкурстың жеңімпазы деп жариялайды, бұл ретте конкурстық комиссия аталған қатысушыға оның конкурстық өтінімі қорытынды балдары бойынша бұдан бұрын конкурстың жеңімпазы деп жарияланған қатысушыдан кейінгі орында тұруы себебінен оны конкурстың жеңімпазы деп жариялағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.

70. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурстың жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы өзінің конкурстық өтінімі жеңді деп танылғаны туралы жұмыс органының не конкурстық комиссияның жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органын не конкурстық комиссияны шартқа қол қоюға келісетіні туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.

Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурс жеңімпазы деп жарияланған конкурсқа қатысушы шартқа қол қоюға келіскен жағдайда конкурсқа қатысушы осы Қағидалардың 7-бөліміне сәйкес конкурстық өтінімді кепілді қамтамасыз етудi енгізеді.

Бұл ретте, егер конкурстық комиссия осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурс жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы шартқа қол қоюға келісіп, конкурстық өтінімді кепілді қамтамасыз етудi енгізсе, ал кейін шартқа қол қоюдан бас тартса, осы тармаққа сәйкес енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз ету осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес Ұлттық қордың кірісіне жатқызылады.

Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурс жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда конкурстық комиссия жаңа конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

71. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысымен мақұлданған шарттың жобасына қол қоятын тараптар шарттың талаптарына қандай да бiр өзгерістер енгізе алмайды.

72. Егер конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушының шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуі көзделсе, онда шарт конкурсқа қатысушы осындай қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн ғана күшiне енедi.

Шартта аванс төлеу көзделген жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерi шарттың жалпы сомасының кемiнде 5 (бес) пайызын құрайды және конкурстың жеңiмпазы оны жұмыс органының есебiне ақша кепiлдiгi түрiнде енгiзедi.

Шартта аванс төлеуі көзделен жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттың жалпы сомасының кемiнде 5 (бес) пайызы болуға тиіс авансқа тең мөлшерде белгіленеді.

73. Егер аудитор белгiленген мерзiмдерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе немесе жасалған шарт бұзылса, қорытынды баллы бойынша бұрын жеңiмпаз деп жарияланған қатысушыдан кейiнгі орында тұрған басқа конкурсқа қатысушымен шарт жасалады немесе жаңа конкурс жарияланады. 

74. Жұмыс органы енгiзiлген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi конкурс жеңiмпазы осы шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған жағдайда ғана, шартта көрсетiлген мерзiмдерде немесе аудитор мiндеттемелердi толық орындаған сәтінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оған қайтарады.

75. Егер аудитор шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса, онда конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес енгiзiлген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi ұстап қалады.

76. Конкурстың жеңiмпазын аудитор тағайындайды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Ұлттық қордың сыртқы аудитін жүргізуге арналған техникалық тапсырмаға сай онымен 2 (екі) жыл аудиттi жүргiзуге арналған шарт жасалады. Шарт аудитор - конкурстың жеңiмпазы мен осы шартқа қол қоюға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі арасында жасалады.



10. Конкурс өткізілмеді деп тану тәртібі

77. Конкурс мынадай жағдайларда:

1) ұсынылған конкурстық өтінімдер болмаған;

2) егер оған екiден кем конкурсқа қатысушы қатысқан болса, бұл жағдайда конкурстық комиссия жалғыз қатысушының конкурстық өтiнiмi бар конверттi ашпайды;

3) егер конкурсқа қатысушылардың ұсыныстары конкурстың шарттарын қанағаттандырмайды деп танылса;

4) конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген себептермен шарт жасасудан кері қайтарылған жағдайда конкурс өткiзiлмеді деп танылады.

Осы тармақта көрсетілген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы, орынбасары, қатысып отырған барлық мүшелерi және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттама ресiмделедi.

78. Конкурс өткiзiлмеді деп танылған жағдайда, комиссияның шешiмi бойынша қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланады.

Бұл ретте конкурсқа қатысушылардың қайталама конкурста қатысуға конкурстық өтінімдері қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк 14 (он төрт) күннен кешіктірмей ұсынылады.

79. Конкурсқа бір ғана конкурсқа қатысушының қатысуына байланысты қайталама конкурс өткiзiлмеді деп танылған жағдайда, конкурстық комиссия онымен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды.

________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін конкурсқа қатысушыларды, конкурстық құжаттама мен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы
Конкурсты өткізу мерзімі:

Жұмыс органының атауы:



Жұмыс органының мекенжайы:


Р/с №

Конкурсқа қатысушының атауы

Конкурсқа қатысушының пошталық мекенжайы

Конкурсқа қатысушының деректемелері

Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның Т.А.Ә., паспорттық деректері

Конкурстық құжаттаманы беру

Конкурстық өтінімді қабылдау

Конкурстық өтінімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат

Конкурстық өтінімдерден бас тарту себептері

Конкурстық өтінімдерді қайтару

Атауы

Күні мен уақыты

Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның қолы

Күні мен уақыты

Қолы

Күні мен уақыты

Қолы

Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның

Конкурстық комиссия хатшысының

Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның

Конкурстық комиссия хатшысының

















































































































































_______________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 2-қосымша
(Кімге)__________________________________

(конкурсты ұйымдастырушының атауы)


(Кімнен)_________________________________

(конкурсқа қатысушының атауы)



Конкурсқа қатысуға арналған өтінім
_____________________________________________________

(конкурсқа қатысушының атауы)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау бойынша конкурс өткізу жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап әрі оларды алғанын растай отырып, жалпы сомасы

_______________________________________________________

(цифрлармен және жазбаша)

конкурстық құжаттамаға сәйкес техникалық тапсырмаға сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізу бойынша қызмет көрсетулерді орындауды жүзеге асыруды ұсынады.

Осы конкурстың өтінім:

1._____________________________________________________________

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

4._________________________________________________________________

5._________________________________________________________________

6._________________________________________________________________

7._________________________________________________________________

8._________________________________________________________________

9._________________________________________________________________

10._______________________________________ тұрады.

Біздің конкурстық өтінім ұтты деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін орындауды ___________ күннің (жазбаша)


ішінде қамтамасыз етуді және біздің конкурстық өтінім ұтты деп танылғаны туралы Сіздің хабарламаңыз алынған күннен бастап __________ күннің

ішінде жұмысты аяқтауға міндеттенеміз. (жазбаша)


Біз, конкурстық құжаттамада айтылған төлемнің базалық шарттарымен келісеміз. Төлемнің мынадай баламалы шарттарын ___________________________________________________________

______________________________________________ұсынамыз,

(мұндайлар болса, төлемнің баламалы шарттары аталады)

бұл ретте _____________________________________________

(ақшалай мәні көрсетілсін, жазбаша)

мөлшеріндегі баға жеңілдігін ұсынамыз.

Біздің конкурстық өтінім танылған жағдайда біз шарттың жалпы сомасынан ______________ пайызды құрайтын сомада сыртқы аудит жүргізу

(жазбаша)

туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз.

Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдерді ашқан күнінен бастап ______________ күн ішінде жарамды.

(жазбаша)

Сыртқы аудит жүргізу туралы шарт жасасқан сәтке дейін осы конкурстық өтінім оны ұтты деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін орындайтын болады.

______________________________________________________

(конкурсқа қатысушының атауы)

оның атынан және тапсырмасы бойынша

конкурстық өтінімге қол қоюға барлық

өкілеттігі бар тұлғаның
 ____________________ _______________________________

(қолы, күні) М.О. (лауазымы, Т.А.Ә.)

_____________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау конкурсына қатысуға арналған конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасы

______________________________________________________

(ашу орны, уақыты және күні)
1. Мына құрамдағы Конкурстық комиссия:

______________________________________________________ (төрағаның, оның орынбасарының, конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы және конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу уақыты, күні және орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.


2. Мына конкурсқа қатысушыларға конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілді:

______________________________________________________

(конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген барлық конкурсқа қатысушылардың атауы, мекенжайы)

3. Мына конкурсқа қатысушылардың конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері:

______________________________________________________

(конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өтіп кеткеннен кейін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін ұсынған барлық конкурсқа қатысушылардың атауы көрсетіледі)

мына негіздер бойынша ______________________________ ашылмай қайтарылды.

4. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өтіп кеткенге дейін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін ұсынған мына конкурсқа қатысушылардың:

________________________________________________________________ (конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өтіп кеткенге дейін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін ұсынған барлық конкурсқа қатысушылардың атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсыну уақыты конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіпте көрсетіледі) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері ашылды және ______________________________________________________

__________________________________________________________________

қамтиды, (өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгергені туралы ақпарат, конкурстық өтінім құжаттарының парақтарының саны көрсетіледі), олар конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу кезінде қатысып отырғандардың барлығына жарияланды.

5. Конкурстық өтінімдерді ашу кезінде мына конкурсқа қатысушылар қатысты:

_________________________________________________________________

(конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу кезінде қатысқан барлық конкурсқа қатысушылардың, олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә., атауы, мекенжайы).


Конкурстық комиссия төрағасының,

мүшелерінің және хатшысының

Т.А.Ә. қолдары

_____________________________ _______________

_____________________________ _______________

_____________________________ _______________

_________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 4-қосымша
Конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын белгіленген өлшемдер бойынша бағалау

р/с №

Өлшем атауы

Балдар саны

Конкурсқа қатысушылардың атауы

























Ұсыныстың техникалық сапасы 100 балл

1. Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі

және басқа мемлекеттердегі

қаржы институттарына аудиторлық

қызмет көрсетудегі тәжірибе 1-ден 20

балға дейін

2 Қазақстан Республикасы

Ұлттық қорының аудитін жүргізу 1-ден 30

процесі және аудиторлық балға дейін

қорытындыны ұсыну мерзімі

көрсетілген егжей-тегжейлі

жұмыс жоспары

3  Қазақстан Республикасы 1-ден 20

Ұлттық қорының бухгалтерлік балға дейін

есебін талдау,

оның ішінде:

- бухгалтерлік есептің 1-ден 15

Қазақстан Республикасының балға дейін

қолданыстағы заңнамасының

нормаларына сәйкестігін бағалау;

- бухгалтерлік есептің халықаралық 1-ден 5

қаржылық есептіліктің балға дейін

стандарттарына сәйкестігін

бағалау
4 Қазақстан Республикасының

Ұлттық қорын ішкі бақылау 1-ден 20

жүйесінің тиімділігін талдау, балға дейін

оның ішінде:

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қорының 1-ден 10

тәуекелдерін талдау балға дейін

5 Ақпараттық аудит бойынша 1-ден 5

қызметтер көрсету балға дейін


6. Қазақстан Республикасының 1-ден 5

Ұлттық қоры мәселелері бойынша балға дейін

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне

консультациялық қызмет

көрсету


7 Мамандардың біліктілігі 100 балл

және олардың практикалық

тәжірибесі
8 Арнайы білімі 1-ден 20

балға дейін


9 Аудит саласындағы жұмыс 1-ден 20

тәжірибесі баллға дейін

10 Қаржы секторындағы жұмыс 1-ден 15

тәжірибесі балға дейін


11 Қаржы ұйымдарының аудитін 1-ден 10

жүргізу бойынша жұмыс балға дейін

тәжірибесі бар мамандардың болуы

12 Қосымша білімі 1-ден 5

балға дейін
13 Мемлекеттік және орыс тілдерін білу 1-ден 10

балға дейін


14 Ақпараттық жүйелер бойынша 1-ден 10

аудиторлардың болуы балға дейін


15 Қазақстан Республикасы 1-ден 10

Ұлттық қорының және/немесе балға дейін

басқа мемлекеттердің ұқсас

қорларының аудитін жүргізудің

практикалық тәжірибесі

Конкурстық комиссия мүшесінің Т.А.Ә.______________________

қолы

күні ______________________



___________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 5-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет