451. Еспелі электр қондырғылары тізбектеріндегі қорғаныс
4329. Еспелі электр қондырғыларда тоқ жүргізгіш бөліктерін корпусқа матасудан қорғанысы болуы тиіс. Қорғау құрылғысы тоқ кемуі 20 мА аспайтындай етіп есептелінуі тиіс.
4330. Еспелі қондырғылардың электр қозғалтқыштарының басты тізбектерінде және қозу тізбектерінде жүзбелі сақтандырғыштарды қорғаныс ретінде қолдану рұқсат етілмейді.
4331. Еспелі электр қондырғылардың жалғау ретінің жүйелерін қолдану кезінде алғашқы қозғалтқышпен айналу сәтінің бөліктеп немесе толық кемуі кезінде генератор агрегаттарының айналу бағытының өзгеру мүмкіндігін болдырмайтын қорғау құрылғысы қарастырылуы тиіс.
4332. Еспелі электр қондырғыда кез-келген қорғанудың өздігінен іске қосылуынан нөлдік қорғануы болуы тиіс.
4333. Еспелі электр қондырғыда қысқа матасу тоқтарынан және шамадан артудан максималды қорғанысы болуы тиіс. Шамадан артудан қорғау әрекеттеріне дыбысты және түсті сигнал бергіш қоса жүруі тиіс.
4334. Ауыспалы режимде немесе еспелі бұранданың айналу бағыты өзгеру кезінде, егер осы энергия алғашқы қозғалтқыштардың айналу жиілігінің шамадан артуына келтіретін болса, еспелі қондырғының электр қозғалтқышымен өндірілетін электр энергияны шектеу мен қолдану бойынша шаралар қабылдануы тиіс.
4335. Жалпы шиналарға немесе еспелі қондырғының бір электр қозғалтқышына паралель жұмыс істейтін генераторлар бірінің алғашқы қозғалтқыштарын өздігінен тоқтауы кезінде осы генератор барлығы полюстар немесе фазалармен автоматты түрде ажырауы тиіс, соның ішінде еспелі қондырғының қоректенуі үзілмеуі тиіс.
4336. Ауыспалы тоқ жүйелерінде қуаты 1000 кВ-А және аса генераторлардың және еспелі электр қозғалтқыштар дифференциалды қорғаныспен жабдықталуы тиіс.
4337. Тоқ арқылы жүру жүйесінің бақылау, сигналдыы және оперативті басқару тізбектерінде қысқа матасудан қорғанысы болуы тиіс.
452. Өлшеуіш құралдар және сигнал бергіш
4338. Өлшеуіш қалқандар мен пульттарда еспелі электр қондырғының жұмысына әсер ететін жүйелер параметрлерін тікелей және тұрақты бақылауды қамтамасыз ететін мынадай өлшеуші құралдар қарастырылуы тиіс:
1) бас тоқ тізбегіндегі амперметр;
2) бас тоқ тізбегіндегі вольтметр;
3) қозуы реттелетін жүйелер үшін қозу тізбегіндегі амперметр;
4) қозуы реттелетін жүйелер үшін қозу тізбегіндегі вольтметр;
5) еспелі электр қондырғылар немесе еспелі біліктің қозғалтқыштары үшін тахометр.
Ауыспалы тоқ жүйесінде қосымша орнатылуы тиіс:
6) жиілік өлшегіш;
7) генераторлардың паралельді жұмысын қосу үшін үйлестіру құрылғысы;
8) ваттметр.
4339. Еспелі электр қондырғы жүйелері қарсыласу оқшаулауын бақылау құрылғысымен жабдықталуы тиіс. Басты тоқ тізбектерінде оқшаулау қарсыласуын үнемі сондай-ақ оқшаулау қарсыласуы кеміген жағдайда әрекеттенетін дыбысты және түсті сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.
4340. Басқарудың әрбір постында басқару тізбектерінде кернеу болуы жайлы сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.
4341. Егер басқару пулуьты немесе қалқанында май, бу немесе су келтірілетін өлшеуіш құралдар қолданылса құралдарды немесе құбырларды зақымдай кезінде кернеу астында жатқан бөліктерге түсу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қолданылуы тиіс.
453. Еспелі электр қондырғыны басқару
4342. Егер электр қондырғының қалқаны немесе пультынан басқару электр немесе гидравликалық жетекті қолдану арқылы жүзеге асырылса, онда осы жетектің тоқтауы еспелі электр қондырғының ажырауына келтірмеуі, сондай-ақ қалқандағы әрбір пост қолмен басқару үшін дайын болуы тиіс.
4343. Егер кемеде екі немесе одан аса қашықтан басқару посттары қарастырылса, онда әрбір постта басқару жүргізіліп жатқан посты көрсетілетін сигнал бергіш орнатылуы тиіс. Сондай-ақ, посттар командалар әрекеттегі посттан ғана берілетіндей етіп жобалануы тиіс.
4344. Посттардың айырып-қосқыштарында «тоқта» күйінде постта жұмыс істейтін тұтқаны орнату арқылы жүзеге асырылуы тиіс еспелі қондырғыдан қозуды алусыз бір посттан басқа постқа ауыстыруды рұқсат етпейтін оқшаулау құрылғысы болуы тиіс. Сонымен бірге, тұтқа күйіне қарамастан қайта қосылатын постынан басқарудың еспелі электр қозғалтқыштар жұмысының басталуы тек «тоқта» күйінде ғана жүзеге асырылуы тиіс.
4345. Еспелі электр қондырғылармен басқару посты осы Қағиданың 1853-тарау талаптарына сәйкес болуы тиіс.
4346. Еспелі электр қондырғымен басқару жүйесінде білік бұрғыш құрылғыларды қосу кезінде қондырғыны іске қосу мүмкіндігін болдырмайтын оқшаулауы болуы тиіс.
454. Жартылай өткізгіш түрлендіргіштері бар еспелі электр қондырғылары
4347. Еспелі электр қондырғылар шиналарына қосылатын қоректену көздері мен тұтынушылар қуаты осы шиналарда пайда болатын бұрмалауды ескере отырып, сондай-ақ еспелі электр қозғалтқыштың ауысымды жұмыс режимінде негізгі және жоғарғы гармониктердің симметриялы емес болуы кезінде пайда болатын бұрмалауларын ескере отырып таңдалуы тиіс.
4348. Негізгі генераторлар, еспелі электр қозғалтқыштың жартылай өткізгіш түрлендіргіштері, сондай-ақ басты тоқ тізбегінің аппаратурасы тоқ бойынша кемінде 250 % 2 с бойы шамадан артуына төзуі тиіс.
4349. Еспелі электр қозғалтқыштардың қуаты жартылай өткізгіш түрлендіргіштің шығысында кернеудің бұрмалауын ескере отырып таңдалуы тиіс.
4350. Негізгі генераторлар және еспелі электр қозғалтқыштар белгіленген техникалық сипаттамаларды жартылай өткізгіш түрлендіргіштердің жұмысы салдарынан болған кернеу мен тоқтың бұрмалауы кезінде кеме міндетіне сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.
4351. Басты генераторлардың және еспелі электр қозғалтқыштардың шамадан арту қасиеті кемеде пайдалану шарттарының талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Қажет болғанда, жартылай өткізгіш түрлендіргіштердің жұмысы кезінде жоғарғы кернеу гармониктері пайда болу салдарынан шамадан арту қасиетін кеміту компенсациясы үшін шаралар қолданылуы тиіс.
4352. Электр энергия сапасын жақсарту үшін жартылай өткізгіш түрлендіргіштерде қолданылатын сүзгілердің күш конденсаторларында разрядты құрылғылары болуы тиіс.
4353. Кернеуді қоректендіретін синусқашықтыққа жоғарғы талаптар қоятын тұтынушылар бөлек көздерден электр қуатпен қамтамасыз етілуі және жоғары гармониктерді сызықты емес бұрмалаудың коэффициентінің рұқсат етілген мәніне қарамастан техникалық негізделген деңгейге дейін локальды түсіру құрылғысымен жабдықталуы тиіс.
4354. Ауыспалы-тұрақты тоқтың еспелі электр қозғалтқыштарын орнатудың тоқтың өту коэффициенті Кп олардыы тураланған тоқта қоректену кезінде мынадай формула бойынша анықталады:
мұнда: n — гармоник нөмірі;
Idn — тураланған тоқтың тұрақты құрамы;
Iv — гармоникалық құрамындағы тоқтың әрекеттегі мәні v-дегі.
Тұрақты тоқтың генераторталынан жұмыс істеуге арналған еспелі электр қозғалтқыштар үшін тоқ өту коэффициенті 2 % аспауы тиіс.
4355. Динамикалық тежеу тоғы номиналды тоқтың 200 % аспауы тиіс.
455. Электрлі жалғастырғыш
4356. Электр магнитті және электр индукциялы жалғастырғыштарға алдыңғы бөлімдердің барлық талаптары, сондай-ақ электр машиналарға, олардың электрлі жалғастырғыштарға қолданылатын дәрежеде қойылатын талаптарды қамтиды.
4357. Электрлі жалғастырғыштарда жетекші қозғалтқыш немесе редукторды өңдеусіз олардың жөндеуге болатындай конструкциялы болуы тиіс.
4358. Электрлі жалғастырғыштарда щекткаларды қызмет ету, ауыстыру мен осы жалғастырғыштарды жөндеуінсіз үрлемелі саңылауларын өлшеу үшін қол жетімді болуын қамтамасыз ететіндей етіп құрастырылуы және орнатылуы тиіс.
4359. Жетекші қозғалтқыштарының біліктіректері немесе өткізгіш құрылғылар майланатын май жалғастырғыш ішіне түспейтіндей етіп орындалуы тиіс.
4360. Жалғастырғышты жалғау жүйесі оқшаулауы жалғастырғышты іске қосу уақыты немесе басты қозғалтқыштардың реверсінің қозу беру мүмкіндігін болдырмайтындай етіп жасалуы тиіс.
4361. Бірінші жетекші қозғалтқыштарды жалпы беріліске беру жұмысы кезінде қарама-қарсы бағытта айналатын жетекші қозғалтқыштарының бір уақытта қосылу мүмкіндігін болдырмайтын электр жалғастырғыштардың қозу жүйесін оқшаулау қолданылуы тиіс.
4362. Электрлі жалғастырғыштыы қозу орауыштары тоқ кернеуінің ұлғаюынан қорғануы тиіс.
4363. Электрлі жалғастырғыштардың қозу тізбектерінде орнатылуы тиіс:
1) екі полюсты ажыратқыш;
2) магнитті алаңды өшіру құрылғысы;
3) қысқа матасу тоғынан қорғау құрылғысы.
456. Қосалқы бөліктер. Жабдықтау заттары
4364. Электр жабдықтың номенклатурасы мен қосалқы бөліктерінің саны тиісті жабдыққа техникалық шарттары бойынша жеткізу көлемімен анықталады.
4365. Қосалқы бөліктер, оларды қолдану қосымша өңдеу немесе үйлестіруді қажет етпейтіндей етіп орындалуы тиіс.
4366. Қосалқы бөліктер қол жетімді жерде орналасуы, бекітілген, таңбаланған және қоршаған орта әсерінен қорғалған болуы тиіс.
4367. Қуаты 3 кВт аса электр энергия көзі бар әрбір кеме тоқ күшін, кернеуді және қарсыласуын өлшеу үшін ампервольтметрмен, омметрмен немесе құрамдастырылған құралдармен, мегомметрмен және ауыспалы тоқ кезінде жүктемелі тістеуіктермен жабдықталуы тиісі.
66-бөлім. Радиобайланыс құрылғылары.
Кемелерді радиобайланыс құрылғыларымен комплектациялау
457. Анықтаулар мен түсініктемелер
4368. Осы бөлімінде мынадай терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар қолданылады:
1) АРБ — авариялық радиобуй;
2) басты УҚТ - радиотелефон станциясы — жүзудің қауіпсіздігіне қатысы бар авария, навигациялық сақтандырудан, метеорологиялық ауа-райы, медициналық, жедел және басқа туралы хабарландыруларды беру мен қабылдауға арналған радиостанция;
3) кеме ұзындығы — конструкциялық ватерсызық бойынша кеме ұзындығы;
4) тасымал радиостанциясы — жеке қоректену көзі бар және тасымал кезінде жұмыс істеуге арналған Швартовты және арнайы операцияларды ұстау, басты рубкадан авариялық командаларды беру үшін кемемен бірге құтқару құралдардың радиотелефон байланыстарын қамтамасыз етуге арналған радиостанция;
5) жылжымалы жер станциясы - қозғалыс кезінде немесе еркін пункттерде тоқтаған уақытта жұмыс істеуге арналған жылжымалы спутникті қызметтің жер станциясы;
6) шағын радиостанциясы — салмағы 1 кг аспайтын тасымал радиостанциясы;
7) ПВ/КВ-радиостанциясы — аралық және қысқа толқында жұмыс істейтін радиостанциясы;
8) радиожабдық — байланыс, хабар тарату және трансляцияға арналған техникалық құралы;
9) пайдаланылатын УҚТ радиотелефон станциясы — қызметтік хабарлауды беру мен қабылдауға арналған радиостанция.
4369. Кемелерді радиожабдықтарды толық ауыстыруымен байланысты барлық жұмыстар Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамар бойынша орындалуы қажет. Кемеде бөліктеп ауыстыру немесе қосымша аппаратураларды орнату жұмыстарын Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген жамыс сызба бойынша жүргізуге болады. Аппаратураны бір типтіге ауыстыру Кеме қатынасының тіркелімімен келсусіз жүргізу рұқсат етіледі.
458. Радиожабдық құрамы
4370. Кемені пайдалану ауданында жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін байланысты ұйымдастыруына байланысты әрбір кемеде осы Қағиданың 416-қосымшасына сәйкес радиожабдық орнатылуы тиіс.
4371. Осы Қағидамен регламенттелген, бірақ кемеде орнатылған радиожабдық құрамын жатпайтын радиаппаратура пайдалануға осы Қағиданың 69-бөлімінің талаптарын қанағаттандыру, оны пайдалану кеменің жүзу қауіпсіздігін нашарлатпайтын және осы Қағидамен қажет етілетін жабдықтарға қызмет көрсетуіне кедергі болмайтындық шартымен рұқсат етіледі. Осындай аппаратураларды орнату Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі қажет.
4372. Итеруге немесе кеме жолдарында немесе оның маңында жұмыс істеуге арналған және бортында адамдары немесе арнайы персоналы бар өздігінен жүзбейтін кемелерді кемелер және жағалау қызметімен байланысты қамтамасыз ету үшін УҚТ радиотелефон станциясымен жабдықталуы тиіс. Осы кемелерде орнатылған радиотелефон станциясы итеруге немесе кеме жолдарында немесе оның маңында жұмыс істеудің бүкіл кезеңінде электр қуатының көзінен тұрақты қуат алып отыруы тиіс.
4373. Кеме қатынасының теңіз режимімен ауыз бөліктерінде пайдаланылатын ішкі жүзу кемелерінде теңіз жылжымалы қызмет жиілігімен УҚТ радиотелефон станциясы болуы тиіс.
4374. Кемелерде радиожабдыққа пайдаланылатын құжаттармен жабдықталуы тиіс.
459. Қоректену көздері
4375. Қағиданың осы бөлімімен қажет етілетін радиожабдықты негізгі қоректендіру кемелік радиостанциядан жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен бірге, радиостанцияны авариялық қоректендіруге арналған аккумуляторларды бір уақытта зарядтау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
4376. 4378 және 4379-қарастырылған жағдайлардан басқа, АТ/КВ радиостанциясы мен негізгі УҚТ - радиотелефон станциясы кемелік желіден негізгі қоректенуінен басқа автономды авариялық аккумулятордан қоректенуі тиіс. Сонымен бірге, әрбір радиостанцияның аккумуляторлы батареясының сыйымдылығы таратқыштың кемінде 1 с бойы және қабылдағыштың 24 с бойы толық қуатының тұрақты жұмыс істеуіне жеткілікті болуы тиіс. Қажетті сыйымдылықты қамтамасыз ету шартымен радиостанцияның авариялық қоректенуі үшін бір жалпы аккумуляторлы батареяны қолдану рұқсат етіледі.
4377. Радиорубканың авариялық жарықтандыру шамдарынан басқа, басқа электр энергияны қоректендіру үшін радиостанцияның авариялық аккумуляторлы батареясын қолдану рұқсат етілмейді.
4378. Кемеде кемінде 24 с бойы барлық авариялық тұтынушылардың қоректенуін қамтамасыз ететін авариялық дизель-генератор болған жағдайда, радиостанция үшін автономды аккумуляторларды орнатпауға да болады.
4379. «Р» және «Л» сыныпты кемелерде автономды авариялық аккумуляторлардың орнына УҚТ-радиотелефон станциясын авариялық қоректендіру үшін жалпы кемелік авариялық аккумуляторлы батареяны қолдану рұқсат етіледі.
67-бөлім. Радиожабдықты орнату және кабельді желілерді жөндеу
460. Жалпы талаптар
4380. Оны қоректендірудің авариялық көздерін қоса, «Т» және «К» сыныпты кемелерді барлық радиожабдықтауларды міндетті түрде Қағидаға сәйкес орнату кемеде оның жұмыс қабілеттілігі кеменің қалқа палубасы деңгейіне дейін толуы кезінде нашарламайтындай етіп орналастырылуы тиіс.
4381. Радиожабдықтау құрамы мен кемелерде байланысты ұйымдастыруына байланысты радиожабдықтар мен оларды қоректендіретін: радиорубка, аппаратты, агрегатты және аккумуляторлы көздерін орнату үшін арнайы бөлімшемен жабдықталуы тиіс.
4382. Басты рубкада радиожабдықты, оның жұмысы магнитті компас көрсеткіштерінің, рұқсат етілген мәннен асатын акустикалық қысым деңгейі өзгермейтін және міндеті басқа жабдықтың қызмет етуін қиындатпайтындық шартымен орнату рұқсат етіледі. Осы жағдайда осы Қағиданың 4389-тармақтың, 4399-тармақтың 1) тармақшасы, 4402-тармақтың, 4404, 4405-тармақтың 4) және 5) тармақшалар, 4411-тармақтың, 4414, 4415 және 4417-тармақтың 2) - 7) тармақшаларының талаптары орындалуы тиіс.
4383. Аккумуляторлар және түрлендіргіштерді осы Қағиданың 356, 400-402-тараулардың талаптарын ескере отырып орналастырылуы тиіс.
4384. Ірі жолаушалыр тасымалдайтын кемелерде дауысты зорайтқыш байланыс пен трансляция аппаратураларының трансляциялық құралдарын - трансляциялық түйіндерді (оны радиорубканың қасына орнату ұсынылады) орнату үшін арнайы бөлімше қарастырылуы тиіс.
Трансляциялық түйін бөлімшесі осы Қағиданың 4389-тармақтың, 4392, 4395, 4396, 4398, 4399, 4401-тармақтың 2) тармақшасы, 4402-тармақтың, 4408, 4409-тармақтың 5) тармақшасы, 4411-тармақтары, 4414-4417-тармақтың 4) - 7) тармақшаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Қалған кемелерде трансляциялықы құралдарды радиорубкада немесе қызметтік немесе қоғамдық бөлімшелерінің бірінде орнату рұқсат етіледі.
4385. Радиожабдық орнатылатын кеме бөлімшесінде металды немесе металмен қаптау аралығымен, өздері арасынан және кеме корпусымен электрлі мықты жалғанған және аралығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін сүйреткіштер және палубалар болуы тиіс. Металды емес кемелерде аралықтау қаптама киль асты табағымен немесе арнайы жерленумен электрлі жалғануы тиіс.
4386. Барлық радиоджабдықтау қызмет көрсету мен жөндеу үшін жеңіл және тез жетуін қамтамасыз ететіндей етіп орнатылуы тиіс. Қисаюды пайдалану мен кеме зақымдануында ең көп рұқсат ету кезінде орын ауыстыруды болдырмау үшін, сондай-ақ кенеттен итеру мен селкілдеуі кезінде мықты бекітілуі тиіс.
4387. Ішкі суларда жүзетін кемелерге радиолакациялық жауапкерлерді орнату кезінде бекітілген Аралас «өзен-теңіз» жүзетін кемелерді жасау қағидасының 352 және 353-тармақтарының талаптарын басшылыққа алу қажет.
461. Радиорубка
4388. Радиорубка онымен бір палубада немесе палубадан төмен жерде басты рубкаға жақын орналасуы тиіс.
4389. Радиорубка мүмкіндігінше мыналарды қамтамасыз ететіндей етіп орналасуы тиіс:
1) антенналарды тікелей сыртқа шығару және оларды кеменің ірі металды бөліктерінен едәуір аса жоюды;
2) оның шу деңгейі жоғары, сондай-ақ аса жылу бөлетін құрылғылар мен бөлімшелерден едәуір қашықтау.
4390. Радиорубка радиожабдықтауларға қатынасы жоқ,сондай-ақ тұрақты тұруға арналған каюта ретіндегі бөлімшелерге өту үшін қолдануға болмайтындай етіп орналасуы мен орналастырылуы тиіс. Рабиоқабылдағыш каютасы радиорубкаға жақын және мүмкіндігінше онымен аралас болуы тиіс.
4391. Радиорубканың бос ауданы жоспарда радиожабдық пен жиһаздар алатын ауданнан кем емес, ал биіктігі жоғарыға қарау кемінде 2 м болуы тиіс.
4392. Аралықтар, сүйреткіштер, қажет болған жағдайда радиорука есіктерінде жанбайтын материалдардан жасалған дауысты және жылу оқшаулауы болуы тиіс.
4393. Радиорубка палубасының оқшаулау төсемі болуы тиіс.
4394. Радиорубка есіктері қысқа жолмен кеменің ашық палубасына шығуы мүмкін болатындай етіп орналасуы тиіс. Есіктер өлшемдері және оларды орналасуы радиожабдықпен қызмет ететін қызметкерлерінің ыңғайлы және тез жетуін қамтамасыз етуі тиіс. Есік ені кемінде 600 мм болуы тиіс. Палубаға шығатын радиорубка есіктері сыртқа қарай ашылуы тиіс. Радиорубкаға кіру әдеттегідей кеменің үшкі бөлімшелерінен тұруы тиіс.
4395. Радирубкада салқын уақытта ауа температурасын 18 ден 23оС дейін ұстауын қамтамасыз ететін жылу қарастырылуы тиіс. Радиорубканы бумен жылытуды қолдану рұқсат етілмейді.
4396. Радиорубкада желдету қарастырылуы тиіс.
4397. Радиорубкада табиғи және жасанды жарықтандыру болуы тиіс. Радиорубканы авариялық жарықтандыру сағаттар циферблаттары мен радиожабдықтың алдыңғы панельдерінің кемінде 50 лк жарықтануын қамтамасыз етуі тиіс. Люминесцентті шамдарды қолдану рұқсат етілмейді.
4398. Радиорубка арқылы транзитті электр кабельдер мен жетектерді, сондай-ақ транзитті құбырларды салу рұқсат етілмейді.
4399. Радиорубкада олардың міндеті жазылған: бірі - негізгі жарықтандырудың кемелік желісіне, басқасы - авариялық жарықтандыру желісіне қосылған штепсельді розеткалар орнатылуы тиіс.
4400. Радиорубка мен басты рубка арасында екі жақты тілдесу байланысы қарастырылуы тиіс.
4401. Кеменің радиорубкасы мен радиооператор каютасында АТС болған жағдайда телефон аппараттары орнатылуы тиіс.
4402. Радиорубкада орнатылуы тиіс:
1) жазу машинкасы енгізілген радиооператор столы;
2) шынтақ сүйеніші мен палубаға бекітулері үшін құрылғылары бар айналатын креслосы;
3) диван;
4) секундалық тілі бар кемелік типті сағат;
5) электрлі үстел немесе үстел шамы;
6) авралды қоңырау тобының шамы.
4403. Радиооператор столы, жұмыс уақытында оператордың беті кеме тұмсығына қарай орнатылуы және сонымен бірге радиожабдықтың және столдың бос беті сол жақта және алдыңғы жақта табиғи жарықтануы мен радиожабдық орналасуының едәуір ыңғайлылығы қамтамасыз етілетіндей етіп орнатылуы тиіс.
4404. Стол қақпағының өлшемдері радиожабдықты орнатудан кейін жұмыс орнындағы стол беті бос қалып және жазулар жүргізуге болатындай болуы тиіс. Стол қақпағының беті палубадан 750 мм биіктікте орналасуы тиіс.
4405. Радиорубкада орнатылатын сағаттар диаметрі кемінде 125 мм циферблат, сағаттар тілделі - сағаттық, минуттық және секундтық концентрациялық болуы тиіс.
Қалыпты климаттық жағдайларда сағат 24 с уақытқа жүрістер көрсеткіштерінің кемдігі ±30 с аспауы тиіс.
4406. Сағат жұмыс орнына қарама-қарсы, мүмкін радиооператор столының бетіне жақынырақ орналасуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |