Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет74/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129
§ 1. Жалпы талаптар

 

4194. Осы тарау талаптары тұтанатын сұйықтықтар мен сығылған газдар тасымалдауға немесе онымен жұмыс істеуге арналған мұнай құйғыш және оған теңестірілген кемелердің (әрі қарай - мұнай құйғыш кемелер) электр жабдықтарын қамтиды.

4195. Бу тұтану температурасы 60оС дейін тұтану сұйықтықтарды және сығылған газдарды тасымалдауға немесе онымен жұмыс істеуге арналған мұнай құйғыш кемелердегі бөлмелер немесе аумақтар бу тұтану температурасы 60 оС және жоғары жарылысқа қауіпті және жарылысқа қауіпсіз - өртке қауіпті немесе өртке қауіпсіз болып бөлінеді.

4196. Кемелердегі жарылысқа қауіпті және өртке қауіпті бөлмелер мен аумақтар категориялары осы Қағиданың 413-қосымшасында көрсетілген.

4197. Бірінші категориялы өртке қауіпті бөлмелер мен аумақтарға мыналар жатады:



1) тұтанатын сұйықтықтар мен сығылған газдарға арналған бөліктер және жүк цистерналары;

2) 1 зонада көрсетілген аралас бөлмелерден және коффедраммдармен бөлінбеген және жасанды желдеткіші жоқ олармен аралас бөлмелерден бөліктер мен цистерналарды бөлетін коффедрамдар;

3) тарада тұтанатын сұйықтықтар мен сығылған газдарды тасымалдауға арналған жүк трюмдары;

Екінші категориялы өртке қауіпті бөлмелер мен аумақтарға мыналар жатады:

4) тұтанатын сұйықтықтарды айдауға арналған сорғы бөлімшелері және сығылған газдардың компрессорлы бөлімшелері;

5) тұтанатын сұйықтықтар мен сығылған газдарды айдау үшін жүк шлангтарын сақтауға арналған жабық және жартылай жабық бөлмелер;

6) тұтанатын сұйықтықтар мен сығылған газдарды айдайтын құбырлар өтетін жабық және жартылай жабық бөлмелер;

7) коффедраммдармен бөлінген, бірақ жасанды желдеткіштері бар 1 зонада көрсетілген бөліктері бар аралас бөлмелер;

8) сорғы бөлімшелері, сондай-ақ 1 зонада көрсетілген бөліктер мен цистерналары бар аралас тік коффердамдар үстіндегі бөлмелер;

9) коффедраммдар жүк танктерінің палуба үстінен тігі бойынша 2,4 м кем көлденең бойынша 3 м кем арақашықтықтағы ашық аумақ;

10) кез-келген бағытта 3 м кем жабық цистерналар, бактар, мерниктерден және с.с. горизанталь бойынша және олардың үстінен тік бойынша кемінде 2,4 м арақашықтықтағы ашық аумақ;

11) желдеткіш және газ беретін түтіктерден және сол сияқты құрылғылардан газдар шығатын орындарынан кез-келген бағытта 3 м кем ара-қашықтағы ашық аумақ;

12) 1 зонада көрсетілген бөліктер мен цистерналары бар аралас жартылай жабық аумақ, сондай-ақ тұтанатын сұйықтықтар мен сығылған газдарды айдау үшін құбырлар арқылы өтетін кез-келген бағыттағы осы құбырлардан 3 м шегіндегі аумақ.

4198. Кеме корпусын және жерленген нейтралмен немесе полюспен қайта тізбек ретінде қолдану арқылы электр қуатты таратуға болмайды.



 

 

§ 2. Электр жабдықтың қорғану дәрежесі мен қорғау түрі



 

4199. Электр жабдықтың қорғану дәрежесі мен қорғау түрі бекітілген жарылысқа қауіпті жабдық стандартқа сәйкес және осы Қағиданың 386-қосымшасына сәйкес тиісті таңбасы болуы тиіс.

4200. Жарылысқа қауіпті бөлмелер мен аумақтарды мыналардан басқа электр жабдықты орнату рұқсат етілмейді:

1) жарылыс өткізбейтін қаптамамен немесе жарылысқа қарсы жоғарғы мықтылығы (Ехе) бар артық қысым астындағы қаптамасы бар датчиктерді, шамдарды және сигналды фонарьларды (Ехр);

2) артық қысым астында жарылысқа төзімді қаптамасы (Ехd, немесе қаптамасымен) бар жарылысқа қарсы мықтылығы жоғары электр қозғалтқыштардың (Ехе);

3) жарылысқа қарсы төзімділігі жоғары (Ехе) немесе жарылыс өткізбейтін қаптамасы (Ехd) бар жалғайтын қораптарды;

4) жарылыстан қорғанған орындаушының өрт сигнал бергіш құрылғысын;

5) жоғарыда көрсетілген жабдықтар мен құрылғыларды, оларды болатты түтіктерде салу шартымен қоректенетін кабельдерді. Түтіктерді электр жабдықпен және өздері арасынан жалғау газ өткізбеушілігін қамтамасыз етуі тиіс.

4201. Жүк бөліктері мен танктерге жанасатын коффедрамдарда электр жабдықты тек ұшқынға қауіпсіз орындауда рұқсат етіледі.

4202. Ашық палубада жүк бөліктер мен танктер үстінен кеменің барлық ені бойынша және алдыңғы мен артқы жағы 3 м олардың соңғы аралықтарынан палубадан 2,4 м биіктіктегі аумақтарда орнату рұқсат етіледі:

осы Қағиданың 4201-тармақта атап өткен электр жабдық;



газ өткізбейтін түтіктердегі кабельді трассалар.

4203. Бірінші дәрежелі (коффердамдар және т.б.) өртке қауіпті бөлмелерде электр жабдық IP56 төмен емес орындауда орнатылуы тиіс.



Кабельдер осы Қағиданың 420-тармақ талаптарына сәйкес салынуы тиіс.

4204. Екінші дәрежелі жарылысқа қауіпті бөлмелерде электр жабдық кемінде IP44, жарықтандыру жабдығы - IP54 орындауда орнатылуы тиіс.



Екінші дәрежелі жарылысқа қауіпті бөлмелерде электр жабдық кемінде IP55 орындауда орнатылуы тиіс.

4205. Бензин мен шикі мұнайды тасымалдайтын және айдайтын кемелерде өртке қауіпті бөлмелер мен аумақтарда кемінде ПВ - ТЗ категория мен топты өртке қауіпті қоспаларында жұмыс істеуге арналған электр жабдығы қолданылуы тиіс (осы Қағиданың 390-қосымшасы).



 

 

§ 3. Электр желілерді және кабельдерді салу



 

4206. 0 және 1 өртке қауіпті зоналарда штепсельді розеткаларды орнату рұқсат етілмейді. Осы бөлмелерде жеке электр энергия көзі бар жарылыстан қорғауы орындайтын қол фонарьларын орнату рұқсат етілмейді.

4207. Жарылысқа қауіпті зоналарда қолданылатын тасымал электр құрал және тасымал жарық осы зоналардан тыс қосылуы тиіс.

4208. Жүк бөліктердегі, цистерналардағы және коффедрамдардағы кабельдер осы Қағиданың 4200-тармағында атап өткен жабдықтармен байланысы жоқ болатты түтіктерде салынуы тиіс.

4209. Жүк бөліктерің палубасы үстінен жарылысқа қауіпті аумақтардан тыс кабельдер каналдарда (науа) немесе осы Қағиданың 418-тарауына сәйкес түтіктерде салынуы тиіс.



Науадағы кабельдер қапталы ауысуды болдырмау үшін бекітілуі тиіс.

4210. Мұнайды жинау кезінде қолданылатын тасымал электр жабдық үшін пайдаланылатын иілімді кабельдер мұнай өнімдеріне төзімді материалдан жасалған өткізбейтін сыртқы қаптамамен қапталған металды отлеткасы болуы тиіс.

4211. Кабельдер мұнай өнімдерінің әрекеттерінен қорғануы тиіс.

4212. Тармақпен қарастырылған қарсыласу оқшаулауын өлшеуге арналған құрылғылар тоғы «жерге» 30 мА аспайтындай, ал «жерге» индуктивті құрылғы тізбегіне жалғаулары 60 мГн аспайтындай етіп жасалуы тиіс.



 

 

§ 4. Жарықтандыру



 

4213. Сорғы бөлімшесі тек жарылысқа қауіпсіз бөлмелерден герметикалық аралық қабырғадағы иллюминаторлар арқылы жарықтандырылуы мүмкін. Иллюминаторлар шынылар қалыңдығы кемінде 12 мм және екі жағынан да механикалық зақымданудан тормен қорғалуы тиіс.

4214. Сорғы бөлімшеде бөлек фидерлер бойынша қоректенетін кемінде екі топ жарықтануы болуы тиіс.

4215. Жарылыстан қорғалған орындаудың шамдары, олардың айналасында кемінде 100 мм бос аймақ қалатындай етіп орнатылуы тиіс.

4216. Жарықтандыру ажыратқыштары бірінші және екінші категориялы бөлмелер мен аумақтардан тыс орналасуы тиіс.



 

 

§ 5. Электрмен жылыту, жерлендіру



 

4217. Стационарлы электр жылытқыш құралдарды орнату тек будың тұтану температурасы 6С дейін тұтанатын сұйықтықтар мен сығылған газдарды тасымалдауға арналған мұнай құйғыш кемелерінің бірінші және екінші категориялы бөлмелерден және егер жылытқыш құралдара терморегулятормен жабдықталса, тыс будың тұтану температурасы 60оС дейін және одан жоғары тұтанатын сұйықтықтар мен сығылған газдарды тасымалдауға арналған мұнай құйғыш кемелерінің бірінші категориялы, сондай-ақ сорғы бөлімшелерінен тыс орнату рұқсат етіледі.

4218. Тоқ жүргізгіш бөліктерін электр радио кедергілерден, тоқ трансформаторларының екінші орауыштарынан қорғайтын конденсаторлардың жерленуінен, сондай-ақ өлшеу құрылғылары мен оқшаулау қарсыласуын бақылау құрылғыларынан басқа кеме корпусымен жалғау рұқсат етілмейді.

4219. Бірінші және екінші категориялы бөлмелер мен аумақтарда орнатылатын номиналды кернеу мәніне қарамастан барлық электр жабдық Қағиданың 354-тарауына сәйкес жерленуі тиіс.

4220. Будың тұтану температурасы 60оС дейін тұтанатын сұйықтықтар мен сығылған газдарды тасымалдауға арналған әрбір мұнай құйғыш кемелерде статикалық электрмен байланысқан ұшқын пайда болу мүмкіндігінен қорғау үшін антистатикалық жерлену құрылғысы қарастырылуы тиіс.



Жарылысқа қауіпті бөлмелер мен аумақтарда орналастырылған немесе онда уақытша орнатылған (жуу машиналары, тасымал сорғы) барлық электр өткізгіш (металлы) жүйе элементтері, мұнай өнімдері бар бөлек құрылғылар және бөліктер (цистерналар, сорғылар, құбырлар және жүйелер, жолды және соңғы арматура) антистатикалық жерленуге жатады.

4221. Құбырларды жерлендіру кезінде жерленудің тұрақтылығы сақталуы тиіс. Құбырлар кеме корпусына басына және соңына,сондай-ақ әрбір бұраудың соңына жерленуі тиіс.

4222. Статикалық электрдің зарядтарын алу үшін арнайы жерлендіруді тек басқа тағайымдардың жерленуі (қорғаушы, найзағайдан қорғаушы, радиоқабылдағыш кедергісінен қорғаныс) болмаған жағдайда ғана қарастырылуы тиіс.

4223. Антистатикалық жерленудің маңдайшасының конструкциясы осы Қағиданың 354-тарауына сәйкес электр жабдықтың қорғаушы жерленуіне қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс.



Кеме корпусы мен әрбір бір-бірінен оқшауланған бөліктер арасындағы электр қарсыласудың мәні 106 Ом аспауы тиіс, сыналып жатқан жабдықтардың қабатымен құрал жерленуінің өлшеуіш электрод (қуыс бұрғы) байланысының ауданы 20 мм2 кем емес болғанда.

4224. Жарылысқа қауіпті зоналар, бөлмелер мен аумақтардың кірісі алдында қызметкерлерімен статикалық электрді: боялмаған тұтқалар, электр пластиналар және с.с. алу құрылғысы қарастырылуы тиіс.



 

 

§ 6. Сорғы бөлімшелері, тұтқырлық мұнай өнімдерді электр қыздыру



 

4225. Сорғының электр қозғалтқышын іске қосу мүмкіндігін тек сорғы бөлімшесі он еселенген ауа айналымымен желдетілгеннен кейін ғана қамтамасыз ететін жүк сорғысының электр қозғалтқыштарын және сорғы бөлімшесінің желдеткішінің электр жетегін қоректендіруді қосатын құрылғының оқшаулауын көлденең қажет.

4226. Жүк сорғыларының әрбір электр қозғалтқышы сорғы бөлімшесінің кірісіне жақын орналасқан қашықтан өшірілетін құрылғымен жабдықталуы тиіс.

4227. Электр қыздырғыш қондырғыларының қыздырғыш элементтерінің қабатының едәуір температурасы қыздырылатын мұнай өнім буының тұтану температурасынан кемінде 10оС төмен болуы тиіс.

4228. Қыздырғыш және тоқ жүргізгіш элементтерінің мұнай өнім бетіндегі қабат қалыңдығы кемінде 100 мм болуы тиіс.

4229. Мұнай өнімдерінен оқшауланған мұнай өнімдерді қыздырғыш элементтерін жылыту үшін қолдану кезінде қыздырғыш қондырғының қарсыласу оқшаулауының мәні кемінде 0,5 МОм болуы тиіс.

 

 

442. Жанатын сұйықтықтар үшін бактарында отыны және



автомобильді цистерналары бар көліктік құралдарды тасымалдауға арналған кемелер

 

4230. Осы тарау талаптары бактарында отыны мен жанатыны сұйықтықтарға арналған автомобильді цистерналары бар жүк кемелерін және паромды көліктік құрылғыларды тасымалдауға арналған трюмдар, басқа бөлімдер мен аумақтардың электр жабдықтарына қолданылады.

4231. Осы Қағиданың 4230-тармағында атап өткен трюмдар мен бөлімдер жарылысқа қауіпті бөлімшелер мен аумақтарға жатады.

4232. Кабельдер механикалық зақымданудан қорғануы тиіс. Горизанталь орналасқан кабельдер газдарды төменге қарай бос кіруін болдырмайтын жалпы палуба немесе платформа үстінен кемінде 450 мм биіктікте салынуы тиіс. Кабельдердің палубалар мен аралықтар арқылы өтетін жолдары газ өткізбейтін болуы тиіс.

4233. Тартылматын желдеткіш каналдарында орнатылған электр жабдық жарылыстан сақталған - жарылысқа қарсы мықтылығы жоғары (Ехе) немесе жарылыс өткізбейтін қаптамасы (Exd) болуы тиіс.

4234. Осы Қағиданың 4230-тармағында атап өткен трюмдар мен бөлімдерде орнатылған шамдар әрқайсысы қоректі бөлек тізбек бойынша алуы тиіс кемінде екі топқа бөлінуі тиіс.

4235. Газдардың төменге қарай бос кіруін болдырмайтын палуба немесе платформа үстінен 450 мм жоғарғы зонада, басты палубадан жоғары орналасқан трюмдар мен бөлімдерде сағатына он есе ауа ауысымын қамтамасыз ететін желдету кезінде қорғаныс деңгейі кемінде IP55 электр жабдықты орнату рұқсат етіледі.

4236. Жарылыстан қорғау түрі бар ұшқыны қауіпсіз электр тізбегі (Exi), артық қысымы астындағы қаптамасы (Ехр) бар немесе жарылысқа қарсы беріктілігі жоғары (Ехе) болуы үшін орнатылуы тиіс:

1) газдардың бос күйінде төмен кіруін болдырмайтын палубадан (немесе платформадан) 450 мм дейінгі зонада басты палубадан жоғары орналасқан бөлмелердің төменгі бөліктерінде;

2) басты палубадан төмен орналасқан трюмдар мен бөлмелерде.

 

 

443. Изотермиялық контейнерлерді тасымалдауға арналған кемелер



 

§ 1. Электр энергияны қоректендіру мен таралуы

 

4237. Изотермиялық контейнерлердің электр құрылғыларының номиналды қуаты олардың белгіленген қуаты қабылдануы тиіс.

Жұмыстың номиналды жағдайында изотермиялық контейнердің электр жабдығының қолданатын қуаты 15 кВт (18,75 кВ-А) аспауы тиіс.

Жұмыстың бір уақыт коэффициенттерін қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

4238. Осы Қағиданың 3873-тармағында қарастырылған электр энергия көздерін шамадан артудан қорғау құрылғысы соңғы ретте басты таратқыш қалқаннан изотермиялық контейнерлердің өшуін қамтамасыз етуі тиіс.

4239. Изотермиялық контейнерлердің электр қондырғылары кемелік электр станциядан таратқыш трансформаторлар арқылы бөлек жолақтар бойынша басты таратқыш қалқаннан қорек алатын арнайы таратқыш құрылғыларға штепсельді розетка көмегімен қосылуы тиіс.

4240. Изотермиялық контейнерлердің электр қондырғыларын қоректендіруге арналған штепсельді розеткалардың электр желісінде үш фазалық ауыспалы тоқ жиілігі 50 Гц кернеуі 220 немесе 380 В немесе үшфазалық тоқ жиілігі 60 Гц 240 немесе 440 В кернеуі болуы тиіс.



 

 

 



§ 2. Таратқыш құрылғылар және трансформаторлар

 

4241. Бөлгіш трансформаторлардың екінші орауышында оқшауланған нөлдік нүктесі болуы тиіс.

4242. Әрбір таратқыш құрылғы мыналарды қамтамасыз ететін аппаратурамен жабдықталуы тиіс:



1) қалқандарда кернеу болуы жайлы түсті дабыл бергіш;

2) штепсельді розеткаларды қоректендіретін әрбір жолақ қосу және ажырату;

3) штепсельді розеткаларды қоректендіретін жолақтардан шегінетін қысқа матасу тоғынан қорғау;

4) оның рұқсат етілмеген мәнінен төмен болу кезінде оқшаулау қарсыласудың және дыбысты сигнал бергіш мәнін өлшеу.

 

 

§ 3. Штепсельді розеткалар



 

4243. Изотермиялық контейнерлерді тасымалдауға арналған трюмдарда штепсельді розеткалар қорғау дәрежесі IP55 кем емес, ал ашық палубалар үшін - IP56 контейнерлерді қоректендіру үшін қолданылуы тиіс.

Изотермиялық контейнерлердің температурасы, ылғал және басқа параметрлерін қашықтан басқарудың электр жүйесін басқару жағдайында осындай басқару құрылғысын қосу үшін трюмдар немесе палубаларда қосымша штепсельді розеткалар орнату рұқсат етіледі.

4244. Изотермиялық контейнерлердің электр құрылғыларын қоректендіру үшін штепсельді розеткаларда ажыратқыштың «Қосылды» күйінде шанышқаны ажырату немесе қосу мүмкіндігін болдырмау үшін оқшаулауы бар ажыратқышы және кернеу мәні көрсетілген тақтай болуы тиіс.

4245. Изотермиялық контейнердің электр қондырғыларын кемелік электр желіден қоректендіру осы Қағиданың 414-қосымшасында көрсетілген схемаға сәйкес L1, L2, L3 фазаларының тікелей кезектесуі кезінде жүргізілуі тиіс.

4246. Изотермиялық контейнерлердің электр қондырғыларын қоректендіруге арналған штепсельді розеткалар номиналды тоқтарға есептелінуі тиіс:



60 А - 220 В, 50 Гц кернеуі үшін ( немесе 240 В, 60 Гц);

32 А - 380 В, 50 Гц кернеуі үшін (немесе 440 В, 60 Гц).

4247. Штепсельді жалғауларда бір кернеу үшін шанышқыларды басқа кернеуді розеткалармен жалғау мүмкіндігін болдырмайтын конструкциясы болуы тиіс.

4248. Штепсельді розеткалар мен шанышқы конструкциясы мен жалғайтын өлшемдері мемлекетаралық стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

4249. Изотермиялық контейнердің иілімді кабелінің жерлендіру жібіне қосуға арналған штепсельді розеткалардың ұяшықтары изотермиялық контейнерлерді қоректендіретін таратқыш құрылғысы орнатылған орында қоректендіретін жолақта жерлендіру жібі көмегімен жерленуі тиіс.



 

 

444. Катамаран-кемелер



 

4250. Кеменің әрбір корпусында кемінде бір электр энергияның негізгі көзі қарастырылуы тиіс.

4251. Кеменің әрбір корпусында басты таратқыш қалқан орнатылуы тиіс. Басты палубадан жоғары орналасқан бір басты таратқыш қалқан орнату рұқсат етіледі.

4252. Шиналарды кеме корпустарының электр қорегі бойынша секциялау қарастырылуы тиіс.

4253. Кеменің әрбір корпустарының авариялық тұтынушылары қоректі бөлек қоректендіретін жолақтар бойынша электр энергияның авариялық көзінен алуы тиіс.



 

 

445. Жүзбелі крандар



 

4254. Аккумуляторлы бөлімдер және жәшіктер, сондай-ақ жүзбелі крандардағы электр энергияның авариялық көз бөлімдері осы Қағиданың 369 және 400-тараудың барлық талаптарын орындау шартымен басты палубадан төмен орналасуы мүмкін.

4255. Жүк операциялары кезінде дауысты сигналды беру үшін кран краншы кабинасынан басқарылатын дауысты сигналды құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

4256. Электр жетектің өздігінен қосылуын болдырмау мақсатында нөлдік қорғаныс қолданылуы тиіс.

4257. Жүк көтергіш құрылғылардың механизмдері мен басқару органдарына қойылатын талаптар осы Қағиданың 44-бөлімімен көзделген.

 

 

446. Тұрақтандырылған кемелер



 

4258. Жолаушылар тасымалдайтын және мұнай құйғыш автономды тұрақтандырылған кемелерде электр энергияның негізгі көзі ретінде кемінде екі генератор қарастырылуы тиіс.

4259. Жүзбелі қонақ үйлер мен жатақханалардың жауапты жүйелері мен құрылғыларының (осы Қағиданың 373-тарауы) қоректендіру жүйелері және сигнал беруі осы Қағиданың 4190-4191-тармақтарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.



Сигналы ерекшеленетін фонарьларды жарықтандыру қалқанынан қоректенуі тиіс.

4260. Әрбір жүзбелі қонақ үйде 30 минут бойы осы Қағиданың 3751-тармағына сәйкес тұтынушылардың қоректенуін қамтамасыз ететін автономды авариялық электр энергия көзі орнатылуы тиіс.



Басқа тұрақтандырылған кемелерде авариялық энергия көзін орнату Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

4261. Тұрақтанған кемені қатаң жерленген нейтралы бар жағалау электрлі желіден қоректендіру кезінде нөлдік қорғаушы өткізгішпен соның ішінде нөлдік қорғаушы өткізгіштің толық өтуі барлық жағдайларда фазалық өткізгіштің кемінде 50 % өткізгішті болуы тиіс.

4262. Осы Қағиданың 4261-тармақ талаптарын қанағаттандыру мақсатында нөлдік қорғаушы өткізгіштер фазалықпен бір қаптамада орналасуы тиіс.

4263. Негізгі электр энергия көзі ретінде саңылау жерленген нейтралдары бар жағалау электр желілерді, резервті көз ретінде - дизель-генераторды қолдану кезінде генератордан таралу жүйеден саңылау жерленген нейтралы бар болуы тиіс.



 

 

447. Доктар



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет