Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі



бет10/11
Дата14.06.2016
өлшемі1.13 Mb.
#135386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дерек пен дәйек

… Өзбекстанда 90-жылдарға дейін 1200 қазақ мектебі болған екен. Қазір содан қалғаны 262 мектеп қана. Былтырға дейін 575 мектеп болса, қазір солардың көбі аралас мектепке айналып кеткен.


«Түркістан»

(02.06.05).
Ескерту: Газетке осы ақпаратты беруші Ташкент қазақ-мәдени орталығының төрағасы М.Бәкірдің айтуына қарағанда, Өзбекстан қазақ мектептерін әдейі жауып тастап жатқан жоқ. Тек қазақ мектебін бітірген бала жоғары оқу орнына түсу үшін қиналады. Өйткені тесттің бәрі өзбек тілінде. Сондықтан ата-аналар балаларын өзбек мектептеріне беруге мәжбүр. Мәдениетті мәжбүрлеу деген осы.
* * *
1 миллионға жуық қазақ өмір сүретін… Ресейде бірде-бір қазақ мектебі жоқ… Қазақ теледидарларын да көре алмайды.

… Омбы облысының өзінде 100 мыңға жуық қазақ бар. Олар қазақ тілін тек факультативті сабақ ретінде үйрете алады.



Ескерту: Омбы облыстық «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының төрайымы Алтынай Жүнісова Ақмола облыстық «Көкшетау» газетінің қосымшасы ретінде «Омбы үні» деген газет шығарғандарын, оларды Ресей кеденшілерінің «бұл орыс тіліне аударылсын, онда не жазылғанын білмейміз ғой» деп кері қайтарып жібергенін күйіне айтады.

Осы ретте Ресейден ағылып жатқан миллиондаған газет-журналды біздің кеден тексермек түгілі, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне зияны тиер неше түрлі мақалалары бар газеттерге де көз жұма қарайды. Ал Ресей кеденшілері аса сақ. Бізге олардан үйрену керек-ақ.
* * *
… Бүгінгі таңда 2 миллионнан астам қазақ өз бабасы мен анасының тілінде оқи да, жаза да алмайды. Бұл – біздің бүгінгі ұлттық қасіретіміз.
* * *
… Республиканың бас қаласы – Астанадағы 49 мектептің 49-ы орыс тілінде, 14 министрлік іс қағаздарын түгелдей дерлік орыс тілінде жүргізіп отыр. Балабақшалардың жайы да сын көтермейді. Егер 1996 жылға дейін елімізде 1100 қазақ балабақшасы болса, бүгінде 200-дейі қалған.

* * *

…Бүкіл Астана қаласында республикалық газет-журналдар үш-төрт-ақ жерде сатылады екен. Негізінен бас пошта үйінде, теміржол вокзалы мен әуежай ғимараттарында…


Мұхтар Шаханов,

Мәжіліс депутаты.

* * *
… Елімізде 1860 жылы қазақтар халықтың 92 пайызын құраса, 1967 жылы 29 пайызға құлдырады.
«Жас Алаш», 21.10.03.

* * *
... Дәл қазір орыс мектептерінде жарты миллион қазақ бүлдіршіндері оқып жатыр. Тек Алматы қаласында 369 балабақша болса, соның 30-ы ғана қазақ тілді балабақша екен. Осы қарқынмен жүре берсек, енді 10 жылда Қазақстандағы орыс тілділер үлесі қазақ тілділерден басым түсуі мүмкін.

Тілдік иммунитеті жоқ халықтың ұлттық иммунитеті қайдан болсын.
Смағұл Елубай,

жазушы, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық

қозғалысы төрағасының бірінші орынбасары

(«Астана хабары», 30.09.06).

* * *
... Емдеу ісі мамандығының қазақ бөліміне қабылданған ең соңғы талапкердің емтиханда жинаған балы 77 екен. Ал орыс бөліміне қабылданғандардың ең соңғысының көрсеткіші 52. Яғни екі бөлімдегі конкурстың айырмашылығы тура 25 балл. Конкурс кезінде бұл ұшан-теңіз, бір-бірінен аспан мен жердей айырмашылығы бар көрсеткіш. Соның салдарынан қазақ бөліміне түскісі келген жастардың 70 балл жинағандары да оқуға түсе алмай бос қалған, ал орыс бөліміне ең төменгі 50 балдан сәл артық жинағандар еш кедергісіз қабылдана берген. Сонда қалай, қазақша жақсы оқып, 70 балл жинаған талапкерден гөрі орысша орташа оқып, 50 балл жинаған адам болашақта әлдеқайда жақсы дәрігер бола ма?

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру мамандығы бойынша қабылдауда қазақ бөліміне конкурстан өту 95 балмен аяқталса, ал орыс бөлімінде бұдан 24 балл кем, яғни 71 балл жинағандар оқуға түскен.

Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығы бойынша қазақ бөліміне түскендер 70 балмен әрең өтсе, орыс бөліміндегілер 50 балмен де қабылдана берген. Яғни бұл мамандық бойынша орыс бөлімінде ешқандай конкурс болмаған.

Авиациялық техника және технологиялар мамандығын игергісі келген қазақ бөлімінің 75 балдан кем жинаған талапкерлері мемлекеттік гранттан үміт үзсе, ал орыс бөлімінде 52-ақ балмен студент атанған.

Ең қиын конкурстардың бірі – мұнай, газ ісі мамандықтары бойынша болған. Мұнда қазақ бөліміне түскендердің ең нашары 90 балл алса, ал орыс бөлімінде олардан бақандай 28 балл кем жинағандар да мемлекет есебінен оқу мүмкіндігіне қол жеткізген.

Қазақ бөлімі мен орыс бөліміне қабылданғандардың білім көрсеткішіндегі бұл сияқты айырмашылықтар тізімнің басынан аяғына дейін өріп жүр.

... Орысша оқығандар қазақша оқығандардан 20-30 балл кем жинаса да оқуға түсе берсе, онда жұрт қазақшадан безініп, балаларын орыс мектептеріне қайта сүйрейді.

... Ал сонда қазақ тілін өркендетейік, ана тілінде оқитын мектептерді көбейтейік деп жүрген әңгімеміз қайда қалады?!


Сұлтанәлі Балғабаев,

жазушы

(«Егемен Қазақстан», 20.09.06).
* * *
... Қазақстандық әрбір азаматқа лайықты еңбекақы алу үшін алдымен ағылшын, сондай-ақ басқа да тілдерді білу талабының көлденең тұратындығы. Ал мемлекеттік тілге нарықтық өндірісте, жоғарғы еңбекақылы салада сұраныс та жоқ.

... Мемлекеттік тіл кең көлемде қолданылады деген білім беру, мәдениет, мемлекеттік қызмет органдары салалары қызметкерлерінің орташа еңбекақысы мен мемлекеттік тіл көп қолданбайтын өндіріс, қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жалақысын салыстырып көрелік:

Мәдениетте – 20600 теңге

Білім беруде – 24100 теңге

Мемлекеттік басқаруда – 32200 теңге

Құрылыста – 72200 теңге

Қонақүй мен мейрамханаларда – 85900 теңге

Көлік пен байланыста – 76300 теңге

Қаржылық қызметте – 68700 теңге

Мұнайгаз кешенінде – 129000 теңге

Жылжымайтын мүлік операцияларын жүзеге асыру, кәсіпорындарға қызмет көрсету, жалға беру мекемелерінде – 148100 теңге.

Айырмашылық жер мен көктей. Адам қайда ұмтылады? Әрине, ақшасы бар жерге.


Хабибулла Қуанышқали,

Атырау облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы

(«Ана тілі», 22.06.06).
* * *
Мына дерекке қараңыз: еліміздің жоғары оқу орындарының кітапханаларында 24,4 миллион дана кітап болса, оның 20,4 миллионы (85 пайызы) орыс тілінде. Ал қазақ тілінде 3,4 миллион дана. Сонда әрбір қазақ бөлімінің студентіне 13,5 оқулықтан ғана келеді екен.
Рахымжан Елешов,

академик

(«Егемен Қазақстан», 13.12.06).

Сауалнама
Тіл беделі қайтсе артады?
Ерден Қажыбек, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы:

- Әлі де болса, тіл заңын орындау тетіктерін толық пайдалануымыз қажет. Аз болса да, тіл дамыту саласында нақты істер атқарып, бірізділікті сақтағанымыз дұрыс. Сондықтан айтатын тағы бір тілек: тіл дамыту мәселесі – тек бір мекеменің, не жеке азаматтардың ғана ісі емес. Сондықтан үлкенді-кішілі болып, жастарымыз бен зиялыларымыз, ғалымдарымыз бен көзі ашық азаматтарымыздың барлығы осы ұлы іске атсалысқаны абзал дер едім.



Кенжехан Матыжанов, Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының бастығы:

- ... «Тіл туралы» заңның 7-бабында: «Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады» деп жазылған. Бұл жерде «кедергі келтіретін лауазымды адамдар» деген тіркесті «жағдай туғызбаған лауазымды адамдар» деп жазған жөн болар еді. Себебі осының алдындағы 6-бапта «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды» деп жазылған. Лауазымды адамдардың жауапкершілігі осыған келіп саймай ма? Оның үстіне тілге қарсы ашық «кедергі келтіріп» отырған адам жоқ. Тілді дамытуға жағдай туғызатындай әрекет жасалмаса, кедергіні қайдан жасайды?!

... Ал заңға солай деп жазған күннің өзінде ондайларға қолданылатын шаралардың түрі Қазақстан Республикасының ешбір заңында көрсетілмеген. Дәл осындай пікірді... Заңның «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады» деп келетін 24-бапқа қатысты да айтуға болады. Алғашқы Тіл заңының қабылданғаннан бергі 17 жылдық тарихында осы баптар бойынша жауапқа тартылған бірде-бір адам жоқ.ндайларғы йларғы салмаса, кедергіні қайдан жасайды?!өнінде қамқорлық жасайдыелтіретін лауазымды адамдардың Заңда мұндай дүдәмал туғызатын баптар өте көп. Демек мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің заңдылық негізі бүгінгі заман талабын қанағаттандырмайды деуге әбден болады.
Өмірзақ Айтбайұлы, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы:

- Біріншіден, Елбасымыз Н.Назарбаев қол қойып заңдастырған Мемлекеттік тіл туралы құжаттарды әрі қарай іске қосуға міндетті билік басындағы бауырларымыздың салғырттығынан. Мұны олардың ұлттық намысы мен ұлттық санасының төмендігімен байланыстыруға болады. Яғни олардың көбінің ұлт мүддесін қолдау жағы кемшін.



Екіншіден, 70 жыл бойы жоспарлы түрде жүргізіліп келген орыстақы тәрбие құрсауынан әлі күнге құтыла алмай отырғандығымыздан.

Үшіншіден, соңғы кездегі ағылшын тіліне деген бетбұрыс тағы да қазақ тілінің болашағына деген сенімнен айырып барады. Мемлекеттік тілдің мәселесін Үкімет үнемі қадағалап, жүйелі жұмыс жүргізгенде ғана бұл дерттен құтылуымыз әбден мүмкін.
Сейітжапар Арпабеков, Алматы қаласының тұрғыны:

- Біріншіден, қазақ тілін үйден, балабақшадан, мектептен, оқу орындарынан бастау керек екендігін құр айта бермей, талап етуіміз керек. Тек сабақ беру сағатын көбейтіп қана қою аз. Барлық деңгейдегі қазақ тілі пәнінің оқытушыларын сараптаудан өткізіп, сыныптап, соған қарай жалақыларын көбейту қажет...



Екіншіден, жастардың, әсіресе, орыстілді жастардың көкірегіндегі «Мен қазақпын» деген ұйықтап жатқан сезімді ояту қажет. Ол үшін тек қазақ ақпарат құралдарында ғана емес, орыстілді газеттерде, теледидар бағдарламаларында қазақ тілі туралы, оның мемлекет өміріндегі болашағы мен өмірі туралы, отаншылдық туралы ой тастайтын арнаулы орыс тіліндегі бағдарламалар жүргізу керек. Біз қазақ тілін біл деп, қазақша білетін қазақтарды ғана үгіттеп жатырмыз. Көз жасымызды көл етіп айтып, жазып жатқанымызды орыстілді жастарымыз, қандастарымыз естімейді, білмейді. Мысалы, қандай орыстілді ақпарат құралы қазақ тілінің қолданыс жағдайын көтеріп отыр. Сондықтан арнайы орыстілді газет шығару керек.

Үшіншіден, заңдарға тезірек... толықтырулар енгізілсе. Қазақ тілін меңгермеген адам мемлекеттік іске жоламауы керек. Мұндай талап қойсақ, талантты балаларымызды жоғалтып аламыз деп сылтау айтушылар табылады. Егер бала ондай талантты болса, оған қазақ тілін меңгеру түкке де тұрмас (рас сөз, кезінде орыс тілін білмейтін талантты қазақ балалары қажеттілікке байланысты сол бір тегі де, түбі де бөтен, түркі тілдерінің біріне де жанаспайтын бұл тілді үйреніп қана қоймай, бүгінде орыстардың өздеріне үлгі болып, үлкен лауазымдарда отыр емес пе – Д.Д.), себебі әкесі қазақ, шешесі қазақ болса, не қиыншылық бар. Балаларымызды соған баулиық та одан да!

Сөзіміз көп, нақты іс-әрекетіміз мардымсыз. Жалтақтауымыз, жалпақшешейлігіміз басым. Соның әсерінен қазақша білмейтін қазақ балаларының саны күннен күнге көбеюде. Ертең оларды қазақшаға қалай үйретеміз?


«Ана тілі», 21.09.06.

________________

2-бөлім
Бұрыс сөздер
Сорақы байлам
Посткеңестік елдерде орыс тілінің

«мәртебесі түсіп» кетіпті-мыс
Ресей бүкіл посткеңестік елдерде орыс тіліне ресми мәртебе алып беруге атсалысады. Сыртқы істер министрлігі шетелдерде, оның ішінде, жақын шетелдерде орыс тілінің абыройын арттыруға күш салады.

ТМД елдері көлемінде орыс тіліне қысым көрсетіп, ұлттық тілге көшу басталған. Орыс мектептерін жауып, білім беру саласында және қоғамдық жерлерде орыс тілін қолану аясы тарылуда. Орыс тілінде таралатын теле және радиохабарлар азайып, орыс тіліндегі әдебиет қолданыстан бірте-бірте шыға бастады. Орыс тілін қолдану – шетелде жүрген отандастарды қолдау.

Осы мақсатта 2003 жылы 210 миллион рубль бөлінді. Қаржы ТМД елдеріне орыс тіліндегі оқулықтар мен мұғалімдердің білімін жетілдіруге жұмсалады.
Эленора Митрофанова,

Ресей Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

(«Жас Алаш», 30.09.03).
Масқара!
Қазақ тілі адамдардың өзара пікір алысу ролін атқара алмайды. Өйткені бұл тіл – көшпенділер тілі. Бұл тілде мәдениетті кісілер сөйлесе алмайды. Өйткені олардың ойларын жеткізу үшін бұл тілдің сөз қоры тапшы, жетпейді.
Нұрболат Масанов,

саясаткер

(«Ана тілі», 01.06.00).
* * *

Қазақ тілінде мемлекеттік іс жүргізер болсақ, қаншама оқулық, көрнекі құрал қажет болады. Оны жасайтын елде ақша да, интеллектуал да жоқ. Сондықтан да дұрысы қазақ тілін өлтіре салу.


Нұрболат Масанов,

саясаткер

(«Астана хабары», 30.09.06).
* * *
Русский язык для казахстанских властей такой же занозой, как для президента Путина – российское НТВ. Это отношение вскрывает политически похотливые желания властей, и именно на нем казахстанская оппозиция более эффективно борется с дальнейшей автократизацией режима.

Что касается собственно казахов, ради которых прежде всего вроде был и затеян весь этот сыр-бор с государственной Программой развития языков (читай, только казахского языка!), то сними произошло то, чего не ожидали чиновники: они с головой ринулись в русский язык. И причина этого – социально-экономических основаниях повседневной жизни.


Казус Тогузбаев

(«Мегаполис», 07.03.01).
* * *
Перегибы в языковой политике чреваты. Возьмем, например, Кызылорду. Там уже давно действует схема, за которую ратуют по всей стране ярые сторонники казахского языка. На нем проводятся официальные и не официальные совещщания, все мероприятия. Подписка на русскоязычные издания – мизерная. Делопроизводство – на казахском. И что произошло? Выросло молодое поколение – очень продвинутое, умное, хорошо одетое, но обсолютно не знающее русского языка, лишившееся огромного пласта культуры. То есть, приобретя одно, оно потеряло другое. Где востребован сегодня специалист без английского языка? А кому нужен специалист русского языка?
Нұрлан Ерімбетов

(«Түркістан», 02.06.05).
* * *



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет