Олжас Сүлейменов, ақын:
Вот это поспешность, это растерянность… не понимаю, как можно делопроизводство Алма-Аты с 1 января… на казахский язык?
Если это закон, то, это антиказахстанский закон! … Есть такие законы, которые на пользу республике. А есть – во вред, которые взрывают… этот закон, как «Бикфордов шнур», который взрывает просто-напросто. Поэтому очень деликатно, очень осторожно вот к этой области языковых отношений надо подходить… Я думаю, Национальная комиссия об этом скажет, безусловно, в своих выводах… после встречи 15-ти регионов республики. И эти выводы предложим рассмотреть Президенту.
(«Ана тілі», 22.09.05).
* * *
Қазақ тіліне асықпау керек. Өзінің реті келеді, сонда бола жатады.
(«Заң газеті», 05.10.05).
* * *
Что касается предложений решительно перевести делопроизводство по всей республике на казахский, в Мажилисе выступать только на казахском и даже лишить гражданства тех, кто не успел изучить казахский, их авторы могут, сами того не сознавая, нанести непоправимый вред и языку и своему народу.
(«Аргументы и факты»,
№7, 2005 г.)
* * *
Есть люди, которые считают язык единственным критерием национальной принадлежности. Не знаешь казахского – ты не казах. Чуть ли не обьект какой-той специальной полиции, которая будет определить, твое место в иерархии, на самом верху которой, разумеется, только казахскоязычные. Я сам казахский язык по настоящему люблю…
… Конечно же, языком не исчерпывается национальное самосознание…
Мұрат Әуезов
(«Мегополись», 16.05.05).
* * *
… Казахов, как народа в природе не существует вовсе, такого государьства, как Казахстан не было и быть не должно, ибо все это есть российские губернии...
Владимир Жириновский
(«Власти», 10.2005 г.).
* * *
Казахский язык – это язык застолья, песен и айтысов. Он был у нас на кухне, там и останется. Так зачем надевать на высохшее дерево праздничные букеты. Там далжен висеть венок.
Владимир Нусупханов
(«Известия-Казахстан», 06.01.03).
* * *
Казахский язык мощнее древнерусского! Но слабее современного русского.
«Мегаполис» (07.02.02).
* * *
… Татары на своей территории развивают татарский язык и культуру;
в президенты избирают только татарина (по закону президент должен владеть татарским – так и получается). А русскоязычные области избирают власти без национального ценза…
… Определенная часть этих мыслей, возможно, даже справедлива. Действительно, даже в тех республиках РФ, где большинство населения – русские, президент все равно коренной (пример: Адыгея).
… А попробуй заикнись о приоритете русского в Волгограде – сразу напомнят: это – область многонациональная! Совсем примитивно: в России существуют частные школы, куда принимают только евреев, и это легально. Только представте, ЧТО будет, если кто-то предложит ввести классы только для русских (да еще надо будет доказывать, что ты русский).
«Комсомольская правда»
(11.08.04).
* * *
Сейчас более востребованы иностранные языки, нежели государственный язык.
Асель Махметова,
адвокат
(«Юридическая газета», 20.08.04).
* * *
В Жамбылском областном акимате нашли способ быстро и ненавязчиво решить проблему внедрения государственного языка во все сферы жизни. Начальник отдела управления по развитию языков облакимата Женисбек Егембердиев предложил ноу-хау. Посетовав, что «во многих государственных учреждениях... работники при взаимном общении используют русский язык», госчиновник в областной газете «Знамя труда» предложил объявить один день недели «днем общения на государственном языке».
Однако не все «работники» считают такую перспективу для общества заманчивой.
- Кроме того что это предложение – общаться только на одном государственном языке – практически невыполнимо, оно еще и противоречит Конституции, - говорит преподователь экономики и права гимназии №40 Марат Досов. - Эти азы мы детям на уроках объясняем. А акиматовские работники, наверное, в каком-то другом государстве живут.
Галина Выворнова,
Тараз
( «Время», 16.03.06).
_____________________
Түйін
немесе сөз соңы
2006 жылғы 24 қазанда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясы болып өтті. Оған Ассамблеяның барлық 364 мүшесінің 357-сі қатысты. Олардан тыс сессия жұмысына қатысу үшін Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, дипломатиялық корпустың өкілдері, саяси партия басшылары, қоғамдық және ұлттық мәдени бірлестік мүшелері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері шақырылды. Бұл сессияны қазақ халқы, оның тілі, бүкілқазақстандықтардың мемлекеттік тілі – қазақ тілі үшін тарихи кезең деп санауға әбден болады. Әдеттегідей, сесссияда сөз алған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекеттік тілдің республикамыздағы орнын атап айтты.
Сөзіміз дәлелді болу үшін Елбасы баяндамасынан үзінді келтірейік.
«Тәуелсіздіктің бастауында біздің мемлекеттік ұлттық саясатымыз екі мәселені шешуге тиіс болды.
Бұл мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақтардың құқықтарын іске асыру және барлық азаматтарымыздың ұлттық белгілері бойынша құқықтарын шектеуге жол бермеу. Біз екі міндетті де сауатты түрде шеше алдық…
Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын.
Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.
Тәуелсіздіктің барлық жылдарында біз бүкіл посткеңестік кеңістікте ең либералды тіл саясатын жүргіздік.
Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек және дәлірек түсіндіру керек.
Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі болып табылатыны жақсы мәлім. Әлемде көп ұлтты елдер аз емес. АҚШ-ты, Ұлыбританияны, Францияны, Германияны, Ресейді алып қарайық. Олар көпұлтты және бұл елдерге көптеген эмигранттар келіп жатады. Бұл елдерде мемлекеттік тілді білмей өмір сүруге және жұмыс істеуге бола ма? Әрине, жоқ.
Біз бұл мәселеде қажетсіз саясаттандырушылыққа ұрынбадық, тіл проблемасын ел халқының тілдік сұраныстарын ескере отырып, өркениетті әдістермен шешуге ұмтылып келеміз.
Егер тіл туралы алғашқы заң бұдан 17 жыл бұрын, 1989 жылы қабылданғанын, ал мемлекеттік тілде іс жүргізуге 16 өңірдің тіпті жартысы да көшірілмегенін еске түсірсек, біздің елдегі қазақ тілінің шынайы жағдайы айқын бола түседі.
… Турасын айтайық, мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жақсартуды қажет етеді.
… Мен Үкіметке бір айдың ішінде мемлекеттік тілді білетін қазақ ұлтынан емес мемлекеттік қызметшілерді айтарлықтай материалдық ынталандыру жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырамын.
Ал қазақтар үшін мемлекеттік тілді білу – міндетті талап болуы тиіс.
Үкімет, сондай-ақ тілдер жөніндегі бағдарламаны қайта қарап, мектептерге, мекемелерге мемлекеттік тілді үйрену, әдістемелер мен оқулықтар жасау жөнінде айтарлықтай қолдау көрсетуі керек. Қазақ тілі оқытушыларын даярлауға және оларды материалдық ынталандыруға айырықша назар аудару қажет.
… Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді…
Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Және мұнда қазақ тілінің ғалымдары, лингвистері ғылым мен осы заманғы технологиялардың, әсіресе нарықтық қазақ тілінің терминдерін жасаумен айналысуы керек. Бұл – шұғыл мәселе. Үкімет барлық проблемаларды кешенді түрде зерттеп, шара қабылдауы тиіс.
Екіншіден, орыс тілінің жағдайы. Қазақстанда бүкіл жиырмасыншы ғасырда орыс тілі орнықтырылған әдістерді – миллиондаған қазақтардың өз ана тілін ұмытуына соқтырған әдістерді айыптауға болады. Бірақ та осы үшін қазақтардың орыс тілін жаппай білуінен бас тартуға болмайды…
Үшіншіден, ағылшын тілін білу қазіргі кезде тілекке қарай, ал ертеңгі күні қажеттілік болады…
Төртіншіден, қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие. Және де көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жыл ішінде мәселені зерделеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс»..
Елбасы тіл саясатының бүгінгі бет-бейнесін өрнектейтін бағдарлама сұлбасын жасады. Ендігі жұмыс, өз ынта-ықыласы мен ой-өресін көрсету Үкіметтің еншісінде. Уақыт күттірмейді. Асығуға тағы да болмайды, ондай әрекет шалағайлыққа апарып соқтыруы мүмкін. Аз мерзім ішінде ел Президентінің осы баяндамасына орай сапалы да салиқалы ұсыныстар беріліп, республика іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірудің түбегейлі бағдарламасы жасалуға тиіс деп ойлаймыз.
Осы Ассамблея сессиясында жарыссөзге шыққан адамдар да мемлекеттік тіл туралы өз ойларын білдірді.
Магдалина Фендель, Оңтүстік Қазақстан университеті студенттер ассамблеясының төрайымы:
- Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін өзіміздің екінші ана тіліміз санап, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналдыруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Михаил Даниленко, Ақмола облыстық казактар қауымдастығының мүшесі:
-
… Қазақ тілін үйренуді міндетті түрде іске асыру керек… Тілді үйренуші өзге ұлт өкілдеріне материалдық ынталандыру жасаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Бәрі де: «Менің Отаным – Қазақстан» деп мақтанғанда жақсы ғой, ендеше мемлекеттік тілді де ақысыз үйренсін.
Оксана Селикова, «Лад» славян мәдени орталығының мүшесі:
- … Әрбір өзін-өзі сыйлайтын мемлекет өзінің мемлекеттік тілін үйретуге көңіл бөлуі және оны халқынан талап етуі керек. Ал ұлттық тілдерді дамытуға сол ұлт өкілдері талап білдірсе ғана көмек берілуі тиіс.
Андрей Марамзин, еврей ұлттық мәдени орталығының мүшесі:
- Мемлекеттің адамдары мемлекеттік тілді білуі керек қой. Әйтпесе, оны несіне мемлекеттік тіл деп қабылдаған…
Зураб Шургая, Грузияның Қазақстандағы елшісі:
- Тіл мәселесі әрбір мемлекет үшін басты элементтердің бірі ғой. Қазақстан секілді ұлы мемлекеттің тілі де өзінің биік тұғырында болуы керек.
Виктор Мун, Батыс Қазақстан облыстық корей ұлттық мәдени орталығының төрағасы:
- Ресей жерінде туған, өзінің ана тілін үйренуге ешқандай мүмкіндігі болмаған қазақтар бар. Сонымен бірге біздің облыстың Шыңғырлау ауданында өмір бойы қазақ арасында туып, қазақтармен біте қайнасып кеткен орыстар бар… Сондықтан бұл жерде тілді бұрын білмеген, енді үйреніп жатқан адамдарға ғана материалдық ынталандыру шарасы қолданылуы тиіс.
Анатолий Башмаков, сенатор:
- Қазақ болып, қазақ отбасында дүниеге келген бала өзінің ана тілін білуі міндет емес пе? Әрине, Қазақстанды Отаным деп білетін басқа ұлт өкілдерінің де адами міндеті бар. Дегенмен, тілді үйренуді жандандыру жолында оларды ынталандыру артық емес деп білемін.
С.Казарезова, Ақмола облыстық «Виддергебург» неміс орталығы төрағасының орынбасары:
- Сессияда басты мәселе ретінде тілдің алға шығуы өте дұрыс, менің ойымша, бұл – қоғамымыз үшін аса қажет іс. Жеткіншектердің өзі Отандарындағы мемлекеттік тілді білуі қажеттілік, қоғамның алға қойған ең бір игілікті мақсаты деп ұғынамын.
Моисей Гольдберг, Астана қаласы еврей мәдени орталығының жетекшісі:
- Нағыз ұлтты алға апаратын локомотивті идея дер едім.
Ал мұның негізі, әрине, тілдерді жетік білу. Мемлекеттік тілге қоса әр қазақстандық бірнеше тіл біліп жатса, байлық емес пе?
Ю.Стричук, Қазақстан халықтары Павлодар облыстық кіші Асссамблеясының төрайымы:
- Патриот болуда өз Отаныңның мемлекеттік тілін білу мәселесі де алға шығады… Мен жұмысыма байланысты жастармен жиі араласамын, олардың тіл үйренгілері келеді, қазір үлкен де, кіші де мемлекеттік тілді білудің маңыздылығын түсінеді. Осындай жастарға көмек көрсетіп, тіл үйренудің жағдайларын дұрыс ұйымдастыруымыз қажет.
Бұл – ой-пікірлердің бір парасы ғана. Сөйлеушілердің бәрі де мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығын мойындап, оның болашағы зор екендігіне сенімді.
Кей жағдайларда самарқаулық көрсетіп жүрген атқарушы органдар бұл жолы елгезектік танытты. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Даниал Ахметов Ассамблея сессиясының ізін ала бір күн ішінде өз құзырындағы тиісті ведомостволар басшыларының қатысуымен кеңес өткізіп, онда Елбасымыз Н.Назарбаевтың аталған Ассамблеяда берген тапсырмалары жөнінде сөз қозғады.
Мемлекеттік тілді үйрету жөнінде білім беру бағдарламасын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, заңнамалық базаға қажетті өзгерістер енгізуге байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мәселесі жан-жақты талқыланды.
Кеңес қорытындысында Үкімет басшысының жетекшілігімен құрамында Әділет, Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Сыртқы істер министрліктері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы бар жұмысшы тобы құрылды. Бұл топ қысқа мерзім ішінде аталған мәселелер бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс.
Премьер-министр мемлекеттік тілді меңгермеген ел азаматтарына көмек көрсетуге, қазақ тілін үйрену жұмыстарына ұлттық-мәдени орталықтарын, қоғамдық ұйымдарды тартуға, терминологиялық жұмысты жетік білетін, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері болып табылатын мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандырудың тиімді тетігін табуға тапсырма берді, осы бағыттағы іс-шараларды қажетті қаржымен қамтамасыз ету тапсырылды.
2007 жылғы қаңтарда Министрліктер үйінде Үкіметтің жаңа басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Мәдениет және ақпарат министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтті. Осы отырыста Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев биылғы жылды Қазақ тілі жылы деп жариялап, тіл саласына 2 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлінгенін мәлім етті («Егемен Қазақстан», 19.01.07).
Сонымен «сең қозғалды». Қашанда ел саясатының көшбасшысы, кепілі болып табылатын Елбасымыз өз сөзін айтты, басшылықтың тізгінін ұстаған өзге де атқамінерлер қостады, мемлекеттік тілге бет бұрылды. Енді ісіміз оңға басар деп ойлаймыз.
Алда құнары да, байлығы да бүгінде әлемдік тілдер қатарында қонжиып отырған көптеген тілден артық болмаса, кем емес ана тілімізді қастерлеп, кейінгі ұрпағы – бізге жеткізіп кеткен бабаларымыздың аруақтары қолдап, байтақ жерімізге оның қасиеті, киесі қонар күн де алыс емес шығар. Лайым, соған жазсын!
Ендеше жоғарғы жақ «не дейді?» деп қол қусырып қарап отырмай, бірлесіп істейтін бұл іске сәттілік тілей отырып, мемлекеттік тіл бола ма, болмай ма деген дауды доғаратын, тіліміздің тұғырын нығайтып, байлығын еселеуге үлес қосатын кез жетті, құрметті тіл жанашырлары, қадірлі қазақстандықтар!
______________________
Ескерту: Жинақ, негізінен, кітапта, баспасөзде жарияланған материалдардан тұратындықтан, ондағы сөздер грамматикалық, стилистикалық жағынан өзгерістерге түспей, түпнұсқада қалай жазылды, сол күйінде алынды.
МАЗМҰНЫ
1. Алғысөз орнына 3-бет.
2. Замана талабы 4-бет.
3. Мәселе қайда жатыр 5-бет.
4. Елбасы айтады 6-бет.
5. Өткен ғасыр сабағы 13-бет.
Ұлылардан – ұлағат
6. Қазақ тілі жоғалмас 17-бет.
7. Қазақ тілінің мұңы 17-бет.
8. Мектеп қай тілде болуы керек? 18-бет.
9. Мұсадан хат келді 21-бет.
10. Олай емес «казахский язык!» 22-бет.
11. Перевод 23-бет.
12. Тіл үшін күрескен қайраткерлер 27-бет.
13. Сәкен сынды ұл қайда? 28-бет.
14.Қазақ Мырзажан атаған жанашыр 29-бет.
15. Қазақша хатқа орысша жауап бергені үшін жауапкершілікке тарту
керек 31-бет.
16. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің басшыларына
хат 33-бет.
17. Үкімет тілге шындап бет бұра ма? 35-бет.
18. Ортақ тіл ортақ рухты қалыптастырады 37-бет.
19. Тіл саясаты – ішкі саясатымыздың негізгі өзегі 44-бет.
20. Тіл туралы мақал-мәтелдер 49-бет.
21. Ұлы ойшылдар тіл туралы 57-бет.
22. Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 62-бет.
Тіл туралы: дұрыс сөздер мен бұрыс сөздер
23. 1-бөлім... Дұрыс сөздер 68-бет.
24. Менің тілім... 69-бет.
25. Тіл: іс-тәжірибе, ұсыныс, пікірлер 100-бет.
26. Асыл топырақ 102-бет.
27. Тілдің аяғына тұсау болған себептер 108-бет.
28. Бағдарлама ұсынамын 110-бет.
29. Сот үкімін орындауға... міндетті 113-бет.
30. Мемлекеттік тіл мәселесін партизандық жолмен шешуге болмайды
123-бет.
31. Дерек пен дәйек 166-бет.
32. Тіл туралы тезистер 167-бет.
33. Статистикалық мәліметтер 172-бет.
34. Қазақстанды мекен еткендердің қаншасы қазақ тілін, қаншасы орыс
тілін біледі? 174-бет.
35. Қазақ тілін меңгеруге алты топ та мүдделі 176-бет.
36. Әлемдегі қазақтардың саны 177-бет.
37. Қазақстандағы халықтың ұлттық құрамының өзгеруі 178-бет.
38. Қазақтар қалай көбейеді? 178-бет.
39. Қазақ мектептері орыс мектептерінен әлдеқайда озық 184-бет.
40. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшірген облыстар,
аудандар мен қалалар 186-бет.
41. Тіл ажалы 194-бет.
42. Өзге ел тәжірибелері: күнгей мен көлеңке 206-бет.
43. Жанайқай 219-бет.
44. Қате қазақ бола ма? 220-бет.
45. Ойлаудың өзі қорқынышты 221-бет.
46. Өз ұлтының тілін, рухын мойындамағандардың сол ұлттың есебінен
билік тұғырына көтерілуге хақысы жоқ 223-бет.
47. Ұлтсыздық идеологиясы 233-бет.
48. Ұлтымыздың сорына біткен он сорақылық 236-бет.
49. «Мәңгүрт» деген немене «мәмбет» деген немене? 244-бет.
50. Қап, әттеген-ай 250-бет.
51. Дерек пен дәйек 263-бет.
52. Тіл беделі қайтсе артады? 266-бет.
53. 2-бөлім... Бұрыс сөздер 269-бет.
54. Посткеңестік елдерде орыс тілінің «мәртебесі түсіп»
кетіпті-мыс 269-бет.
55. Масқара! 269-бет.
22. Түйін 274-бет.
23. Мазмұны 279-бет.
Титулды параққа
«Тіл төңірегіндегі толғамдар» атты жинақ дер кезінде құрастырылған, бүгінгі таңдағы өте маңызды, көкейкесті мәселені көтеріп отыр. Мемлекетіміздің, Елбасының тіл саласындағы саясатын қолдайтын, іске асыруға айтарлықтай үлес қосатын, қоғамның барлық мүшесінің қажетіне жарайтын құнды ізденіс деп атауға тұратын еңбек.
Жинақтың жалпы құрылымы, құрастырылуы, мазмұны салмақты, тіл саласының мәселелерін тарихи буыннан, алыс және жақын шетел тәжірибелерімен байланыстыра отырып, жан-жақты қозғайтындығымен ұтымды болса, ал мақал-мәтелдер, бұрынғы ойшылдардың, қазіргі мемлекет, қоғам, мәдениет, өнер саласы қайраткерлерінің нақыл сөздері мен пікірлері, тұжырымдары оқырманға терең ой салары анық.
Жинақ қалың оқырманға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |