Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет15/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45

6.  Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәліметтер (акциялар шығарылымы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы қабылданғанға дейін тіркелген қоғамдар үшін)
47. Барлық тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:

1) бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының жалпы саны, түрі және әрбір шығарылымдағы бағалы қағаздың номиналдық құны, шығарылым нысаны, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі және бағалы қағаздарды тіркеу күні. Акциялар шығарылымы жойылған жағдайда - жойылған күні және осы шешімді қабылдаудың себебі;

2) бағалы қағаздарды орналастыру күнінің басталуы және аяқталуы;

3) Аукциондар немесе жазылымдар өткізу шарттары мен тәртібі туралы ішкі құжаттарды қабылдау күні;

4) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз міндеттемелерін орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуі (төлемді кешіктіруі), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуі (төлемді кешіктіруі), орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және оларды орындаудың мерзімі өткен күні туралы ақпаратты әрбір жыл және акциялар түрі бөлігінде орындауды көрсетуді қоса алғандағы фактілер туралы мәліметтер. Дивидендтерді есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда қоғамның аталған берешекті өтеу үшін қабылдаған шараларын көрсету;

5) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жіберу уақытша тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешімді қабылдаған мемлекеттік орган шешім қабылданған күнді және оның негіздемесін көрсетуге тиісті;

6) облигациялар бойынша төлемдердің өтеу күні және жалпы мөлшері облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған ақша сомасын көрсете отырып көрсетіледі;

7) бір акцияға (жай, артықшылықты) есептелген және төленген дивидендтің сомасы және соңғы екі қаржы жылының ішіндегі әрбір жыл үшін әрбір акция түрі үшін дивидендтің жалпы сомасы;

8) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы ұйымдастыратын және ұйымдастырмайтын нарықтарында орналасқан бағалы қағаздар санын көрсеткендегі бағалы қағаздармен сауда жасалатын негізгі нарықтар.

48. Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күнінен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.

Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру аяқталған күнге дейін соңғы алты ай үшін (айдың бірінші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуға тиісті.

 

 



7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлімет

 

49. Акциялар туралы мәлімет:



1) жарияланған акциялардың саны, түрлері;

2) құрылтайшылар арасында орналастырылған (орналастырылатын) акциялардың саны, түрлері;

3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның нақты құны;

4) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері.

50. Тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының саны, түрлері, номиналдық құны туралы мәліметтер (тұрақтандыру банкі толтырады).

51. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары.

Айырбасталатын акциялар шығарған жағдайда осындай айырбастың тәртібі мен шарты көрсетіледі.

52. Орналастырылған акциялардың санын өсіру (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау.

Орналастырылған акциялардың санын өсірген (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, орналастырылған акциялардың санын өсіру (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын айырбастау тәртібі мен шарттары көрсетіледі.

53. Төлем жасаушы агент туралы мәлімет.

Төлем жасаушы агенттің атауын толық және қысқарған түрде беру, оның орналасқан жерін, байланыс телефонын, төлем жасаушы агентпен жасалған шарттың күні және нөмірін беру.

54. Акционерлік қоғамның тіркеушісі туралы мәлімет.

Тіркеушінің толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жері, байланыс телефоны, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясы (нөмірі, берілген күні, лицензияны берген орган) туралы деректерді көрсетеді.

Тіркеушімен жасалған шарттың күні мен нөмірі.

55. Акционерлік инвестициялық қор мыналарға:

1) акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтінімді беру және орындау шарттары мен тәртібін;

2) акционерлік инвестициялық қордың олардың мекен жайын және байланыс телефондарын (ол болған жағдайда) көрсете отырып акцияларды орналастыру және (немесе) сатып алу бойынша делдалдар тізбесін көрсетеді.

8. Қосымша ережелер

 

56. Инвесторларға арналған ақпарат.



Инвесторлардың қоғам жарғысының және акция шығару проспектісінің көшірмесімен, осы құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар,
сондай-ақ қоғам қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауы туралы мәліметтермен танысуға болатын орын туралы ақпарат қоғам жарғысына сәйкес көрсетіледі.

57. Акцияларды шығару проспектісіне бірінші басшы, бас бухгалтер қол қояды және қоғамның мөрімен куәландырылады.

Тұрақтандыру банкінің акциялар шығарылымының  проспектісіне көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне сәйкес тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өкілеттік берілген тұлға қол қояды және қоғамның мөрімен расталады.

Көрсетілетін қызметті берушінің банктің акциялар шығарылымы проспектісіне «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының


17-2-бабы негізінде жарияланған акциялардың саны өскен жағдайларындағы енгізген өзгерістері мен толықтыруларына көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы не оның орынбасары қол қояды және ол мөрмен расталады.

58. Тұрақтандыру банкі акциялар шығарылымы проспектісінің 7, 8, 9, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28, 29, 30, 33, 41, 42, 43, 44, 45, 47, 48, 49, 51, 53-тармақтарын толтырмайды.


________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын

мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде - күнтізбелік отыз күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

Көрсетілетін қызметті алушы тіркелген облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттарды қызметті беруші оларды ұсынған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарауы тиіс.



Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеудi көрсетілетін қызметті беруші облигациялық бағдарлама проспектiсiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті берушінің оны мемлекеттік тіркегені туралы белгісі бар (мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) қағаз жеткізгіштегі облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама) немесе облигациялық бағдарлама шеңберіндегі облигациялар шығарылымының бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар өтінішті;

2) көрсетілетін қызметті алушы органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді қамтитын облигацияларды шығару туралы шешімінің көшірмесін;

3) облигациялар шығарылымының проспектісі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) екі данада және Acrobat Reader форматындағы мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі электрондық жеткізгіште (қоғамның қаржылық есептілігінсіз). Екі дананың әрқайсысында облигациялар шығарылымының проспектісі мемлекеттік тілде және орыс тілінде болады;

4) жарғының көшірмесі;

5) инфрақұрылымдық облигациялар, сондай-ақ банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;

6) көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымы проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялардың айналымы көзделген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының және ол шығаратын облигациялардың қор биржасының тізіміне көрсетілетін қызметті алушы облигацияларын енгізуге және олардың тізімде болуына қойылатын талаптарға сай келуі туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ қор биржасының листинг комиссиясының көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығару проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын ұсынуға тиісті.

7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигацияларды шығару көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылмайтын болса, облигацияларды шығару туралы шешім қабылданған акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін (хаттамадан үзінді көшірмені) және бұқаралық ақпарат құралдарының акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бетінің көшірмесін ұсынуы қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен қатар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында айқындалған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға оның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін береді.



Көрсетілетін қызметті беруші тіркеген облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

  1. еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар өтінішті;

2) облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектiсiн қағаз жеткізгіште екi данада және Acrobat Reader форматында (қоғамның қаржылық есептілігінсіз) электрондық жеткізгіште қазақ тілінде және орыс тiлiнде бір данадан ұсынады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының қазақ тіліндегі және орыс тiлiндегі проспектісі болады;

3) көрсетілетін қызметті алушы органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, саны мен түрі, облигациялардың номиналдық құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер бар облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.



Егер облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының жүзеге асырылуына негіз болатын эмитенттің шешімі эмитент органы отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме нысанында ұсынылса, мұндай үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

эмитенттің атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;

отырыстың өткізілетін күні, уақыты және орны (отырыс қатыса отырып өткізілген жағдайда);

отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) адамдар туралы мәліметтер;

отырыстың кворумы;

отырыстың күн тәртібінің облигацияларды шығаруға, орналастыруға, айналысқа жіберуге, өтеуге қатысты мәселелері;

отырыстың күн тәртібінің облигацияларды шығаруға, орналастыруға, айналысқа жіберуге, өтеуге қатысты, дауыс беруге қойылған әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;

облигацияларды шығаруға, орналастыруға, айналысқа жіберуге, өтеуге қатысты мәселе бойынша қабылданған шешім.

Эмитент органы отырысының шешімінен үзінді-көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) және эмитенттің бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес көрсетілетін қызметті алушысы облигацияларының шығарылымын


(шетел валютасында номинирленген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу үшін:

1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;

2) көрсетілетін қызметті алушы облигацияларды, шығарылым көлемiн, облигациялардың санын және түрiн, облигациялардың номиналды құнын, облигациялар ұстаушылар құқықтарын орналастыру нәтижесiнде қаражатты пайдаланып алған облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртібі туралы мәлiметтерi бар, мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі аудармалары нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымдары туралы көрсетілетін қызметті алушы органы шешiмiнiң көшiрмесiн;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысанда қағаз жеткізгіште (мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіште (проспектінің электрондық нұсқасы көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігін қоспағанда мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылады) екі дана етіп мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалған облигациялар шығарылымының проспектiсiн ұсынады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар

4) мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударылған нотариат куәландырылған жарғының көшірмесін және оның тұрған жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретіндегі көрсетілетін қызметті алушының тіркелгенін растайтын құжаттың мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударылған нотариатта куәландырылған көшірмесін;

5) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;

6) облигацияларды ұстаушылар өкілімен шарттың көшірмесін;

7) егер көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялар қор биржасының сауда жүйесінде айналыста болуы көзделсе көрсетілетін қызметті алушының және ол шығаратын облигациялардың қор биржасы тізімінің «(ең жоғары санат) рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуіне және олардың сонда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне енгізу жөнінде қор биржасының листинг комиссиясының ұсынымдарын береді.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметті алушы-резиденті еместің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шетелдік валютада номинирленген облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуі осы тармақтың 4-бөлігіндегі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетiлген халықаралық қаржы ұйымдары мыналарды бередi:



1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;

2) эмитенттiң облигацияларды, шығарылым көлемiн, облигациялардың санын және түрiн, облигациялардың номиналды құнын, облигациялар ұстаушылар құқықтарын орналастыру нәтижесiнде қаражатты пайдаланып алған облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртібі туралы мәлiметтерi бар, мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі аудармалары нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымдары туралы эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесiн;

3) тиiстi қаржы ұйымының iшкi құжаттарына сәйкес қағаз жеткізгіште (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электронды жеткізгіште (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған облигациялар шығарылымының проспектiсiн. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар.

Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларды мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттар ұсынады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасында сәйкес нысанда жасалған айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларды мемлекеттік тіркеуге сұрау салу;

2) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктеріндегі тармақшаларда көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың талаптары мен тәртібін бұзса және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталғанда;

2) көрсетілетін қызметті алушы және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға (Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізген кездегі қаржы ұйымын қоспағанда) облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, егер:

1) осы облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған облигациялар бойынша қор биржасындағы сауда-саттық тоқтатыла тұрса;

2) осы облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған облигациялардың делистингі жүргізілсе;

3) облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыста жүрген облигациялар шығарылымдарының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асып.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет