Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар



бет16/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Мемлекеттік емес облигациялар

шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның)

проспектiсi

 

Облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектiсiнiң мәтiнiнде эмитенттiң қаржылық жай-күйi мен қызметi туралы ақпарат бар.

1. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң бірiншi бетiнiң парағында:

1) құжаттың атауы: «Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi»;

2) эмитенттiң толық және қысқартылған атауы;

2-1) акциялар шығарылымының проспектісі жасалған және қаржылық көрсеткіштер берілген күні;



3) орналастырылатын облигациялардың түрi және саны бар. Облигациялық бағдарламаны тiркеу кезiнде облигациялық бағдарламаның жиынтық көлемiн көрсету керек;

4) «Уәкiлеттi органның облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу шығарылым проспектiсiнде жазылған облигацияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да болмасын ұсыным берудi білдiрмейдi. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығы үшiн жауап бермейдi. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгi ғана қаралады. Эмитенттiң лауазымды тұлғалары осы проспектiдегi ақпараттың шынайылығы үшiн жауап бередi және ондағы барлық ақпарат шынайылығын және эмитентке және оның облигацияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды» деген жазба.

Облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектiсiнiң мәтiнi мыналардан тұрады:

 

1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер



 

2. Эмитенттiң атауы.

Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқаша атауын көрсету керек.

Егер эмитент жарғысында оның толық және қысқаша атауы шет тілінде көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.

Эмитент атауы өзгерген жағдайда оның осының алдындағы атауының толық және қысқарған түрi, сондай-ақ оның өзгертiлген күнi көрсетiлуi керек.

Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдастырылуы негiзiнде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитенттiң заңды мұрагерлеріне қатысты мәлiметтердi көрсету қажет.

3. Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер. Осы тармақта эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы және эмитенттің алғашқы тіркелген күні көрсетілуі қажет.

4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

5. Эмитенттiң орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық почтасының мекенжайы туралы ақпарат.

6. Эмитенттiң банктiк деректемелерi.

7. Эмитент қызметiнiң түрлерi.

8. Егер эмитент қаржы агенттігі болып табылса, мынадай мәліметтерді көрсету қажет:

1) эмитент соған сәйкес Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенттігі ретінде экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға уәкілетті болатын құжат;

2) қаржы агенттігі мәртебесін иелену күні (бар болса).

9. Эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингілік агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингілік агенттіктері тағайындаған рейтингілердің болуы туралы мәліметтер.



10. Эмитенттiң барлық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атауы, тiркелген күнi, орналасқан жерi және почталық мекенжайы.

11. Эмитенттiң соңғы аяқталған үш қаржы жылына қаржылық есебiне қаржылық есеп беру аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның (фамилиясы, аты, болса аудитордың аты-жөнi), олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы. Проспектті көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы үш жыл ішінде тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржылық мәселелер бойынша кеңесшiлердiң, олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы. Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шарттың бұзылуы орын алған жағдайда, оның бастамашысы болған тарапты көрсете отырып шарттың бұзылу себебi туралы ақпарат ұсынылуы тиiс.



12. Эмитенттiң корпоративтi басқару кодексiн қабылдаған күнi
(оның қабылдануы қоғамның жарғысында қаралған жағдайда).

 

2. Эмитенттiң басқару органдары

 

13. Эмитенттiң басқару органдарының құрылымы. Осы тармақта эмитенттiң басқару органдарының құрылымы және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес құзыретi көрсетiледi.

14. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) мүшелерi. Осы тармақта:



1) эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) төрағасының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, туған жылы және осы тұлғалар қызметіне кірісу күні;

2) директорлар кеңесiнiң тәуелсiз мүшелерiнiң әрқайсының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты және осы тұлғалар қызметіне кірісу күні;

3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесi) әрбір мүшелерiнiң соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi хронологиялық тәртiппен;

4) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) әрбір мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесiн көрсете отырып эмитенттiң және оның еншiлес және тәуелдi ұйымдарының жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;

5) өткен екi жыл iшіндегі директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.

14-1. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда). Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін, эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) әр мүшесінің аты-жөні, бар болса - әкесінің аты және туған жылы және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілу тиіс.

14-2. Ішкі аудит қызметі (бар болса).

Осы тармақта қоғамның ішкі аудит қызметі басшысының тегін, атын, бар болса - әкесінің атын және оның қызметіне кірісу күнін көрсету қажет.

15. Эмитенттің атқарушы органы. Осы тармақта:



1) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және туған жылы не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің әрқайсысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және туған жылы;

2) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің әрқайсының соңғы үш жылда атқарған және қазіргі уақытта атқаратын, оның ішінде қоса атқарған қызметтері хронологиялық тәртіппен, олардың қызметтеріне кірісу күні және өкілеттері;

3) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшелерінің әрқайсының қатысу үлесін көрсете отырып эмитенттің және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысуы көрсетіледі.

16. Егер эмитенттiң атқарушы органының өкiлеттiгi басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берiлсе, онда осы тармақта:

1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауын;

2) осы ұйымның жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнiн және туған жылын не оның алқалы атқарушы органының және оның директорлар кеңесiнiң (қадағалау кеңесiнiң) мүшелерiнiң аты-жөнiн және туған жылдарын;

3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың соңғы екi жылда атқарған, оның iшiнде өклеттiктерiн көрсете отырып қоса атқарған, қызметтерiн хронологиялық тәртiппен;

4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың эмитенттің, оның еншiлес және басқарушы ұйымының, оның iшiнде акционерлік қоғамның төленген жарғылық капиталына (акцияларын/үлесiне) қатысуын көрсету керек.

Осы тармақты акционерлік қоғамдар толтырмайды.

17. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне және эмитенттiң басқа басқарушы тұлғаларына төленетiн сыйақылар.

Осы тармақта осы Қосымшаның 14, 14-1 және 15-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.

18. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.

Осы тармақта:

1) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi;

2) эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны;

3) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

 

3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және аффилиирленген тұлғалары



 

19. Эмитенттің акционерлері (қатысушылары).

Осы тармақта:

1) эмитент (егер эмитент акционері (қатысушысы) заңды тұлға болып табылса осы заңды тұлғаның ірі не осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары көрсетіледі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы саны және эмитент үлестерінің (орналастырылған және дауыс беруші акцияларының) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлерлері
(толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның мекенжайы не жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) туралы ақпарат;

2) эмитенттің акционерлері (қатысушылары) болып табылмайтын, бірақ басқа ұйымдары арқылы эмитенттің қызметін бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

Егер эмитент банк болып табылған жағдайда, осы тармақта, осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында аталған ақпараттардан басқа, банктің орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленген, банктің орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама дауыс беруге не банк шарттың күшімен немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар акционерлер туралы ақпаратты көрсету керек.

20. Эмитенттiң заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң акцияларының (үлестерiнiң) пайыздық қатынасын, қызмет түрiн, аты-жөнiн және бірiншi басшысының атын көрсете отырып, акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп пайызын иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтерi.

21. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

22. Эмитенттiң басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер. Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (аты-жөнi, бар болса - жеке тұлғаның әкесiнiң аты), оның орналасқан жерi, қызметiнiң түрiн, бірiншi басшысының аты-жөнiн көрсете отырып осы Ереженiң 13, 13-1, 14, 18,
19-тармақтарына сәйкес көрсетiлмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.


23. Эмитенттiң аффиллиирленген тұлғаларының қатысуымен жасалған операциялар. Осы тармақта заңды тұлғаның атауы және оның мекенжайы және/немесе аты, тегі, бар болса - жеке тұлғаның әкесiнiң аты және туған жылы, мәмiле жасалған сомасы және осы шешiмдi эмитенттiң қандай органы қабылдаған қорытындысының күндерi көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитентке қатысты аффилиирленген болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық операциялар туралы ақпарат ашылады.

23-1. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде аффилиирленгендігін тану үшін негізді және оның туындаған күнін көрсете отырып секьюритилендіру мәмілесі тараптарының аффилиирленгендігі туралы ақпарат ашылады.

 



4. Эмитент қызметінің сипаты (эмитент IAS 27 қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес топтың құрамына кірген жағдайда, осы тарау барлық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде, сондай-ақ эмитенттің өзінің қаржылық есептілік негізінде де толтырылады)

 

24. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша қысқаша сипаты.

Осы тармақта:

1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;

2) эмитент қызметiнiң Қазақстан Республикасының iшіндегі салалық орташа және егер бұл мүмкiн болса, әлемдiк орташа көрсеткiштермен салыстырмалы сипаттамасы;

3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжам және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.

25. Эмитентпен жасасқан, салдарынан эмитенттiң қызметiне елеулi түрде ықпал ететiн келісім-шарттар, келісімдер туралы мәлiметтер.

26. Эмитент қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған лицензиялар, патенттер, рұқсаттар туралы, құжаттың нөмiрi және күнiн, қолданылу мерзiмiн және осы құжатты берген орган көрсетiлген мәлiметтер.

27. Соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмнiң (орындалған жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) нақты немесе сандық өлшем бірлiктерiмен көрсетiлген көлемi. Эмитенттiң соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмiнiң (көрсетiлген жұмыстың, қызметтiң) көлеміндегі өзгерiстерге талдау жасау.

28. Эмитенттiң негiзгi қызметiнiң түрлерi бойынша сатудың (жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) кiрiстілігiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.

29. Эмитенттiң өз өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетудi) сатуды ұйымдастыру жөніндегі қызметi. Осы тармақта эмитенттiң негiзгi жеткізушiлерi және тұтынушылары туралы мәлiметтер көрсетiледi, эмитенттiң жұмыс iстеп тұрған жеткізушiлерге және тұтынушыларға тәуелдi болу дәрежесi, оның iшiнде:

1) эмитенттiң барлық жеткiзiлiмiнiң он және одан көп пайызы тиесiлi болатын жеткізушiлерiнiң атауы және орналасқан жерi, олардың үлестерi пайызбен көрсетiледi. Осы дерек көздерiне болашақта рұқсат беруге қатысты болжамдар ұсынылуы тиiс;

2) үлесiне эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатудан түскен жалпы түсiмнiң он және одан көп пайызынан астамы тиесiлi болатын тұтынушылардың атауы және орналасқан жерi, олардың сатудың жалпы көлеміндегі үлестерi пайызыбен көрсетiледi. Эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатуға әсер етуi мүмкiн терiс факторлар ашылады.

30. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:

1) эмитент қызметiнiң маусымдылығы, эмитент қызметiнiң маусымдық сипаттағы түрлерi және олардың эмитенттiң жалпы кiрiсіндегі үлесi;

2) импорттың эмитентке жеткiзiлген (көрсетiлген) шикiзаттағы (жұмыстардағы, қызметтегi) үлесi және эмитенттiң экспортқа сатқан өнiмiнiң (жұмыстарының, қызметiнiң) сатылған өнiмнiң жалпы көлеміндегі үлесi;

3) облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде жасалуы тиiс (жасалған) немесе орындалуы тиiс (орындалған) мәмiле (мәмілелер) туралы мәлiметтер, егер осы мәмiленiң (мәмiлелердiң) сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он пайыздан асатын болса;

4) болашақтағы мiндеттемелер. Эмитенттiң болашақтағы негiзгi мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне әсер етуi мүмкiн терiс ықпалы ашылады, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша эмитенттiң кепiлдiк беруi туралы;

5) эмитенттiң сот процестерiне қатысуы туралы мәлiметтер. Эмитенттiң қатысуымен өткен, нәтижесiнде эмитент қызметiнiң тоқтатылуы немесе шектелуi, оған маңызды ақшалай және өзге де мiндеттемелер берiлуi мүмкiн сот процестерiнiң мәнiне сипаттама беру керек;

6) уәкiлеттi мемлекеттік органдар және/немесе сот соңғы жыл iшiнде эмитентке және оның лауазымды тұлғаларына қолданған барлық әкiмшiлiк санкциялар туралы мәлiметтер. Санкция қолданылған күндi, санкция қолданған органды, санкция қолдану себептерiн, санкцияның түрлерiн және мөлшерiн, сондай-ақ санкцияның орындалу дәрежесiн көрсету керек;

7) тәуекел факторлары. Облигациялардың ұстаушылары ұшырауы мүмкiн тәуекел факторларына нақты талдау жасау керек;

8) эмитенттiң қызметi туралы, эмитент өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын нарықтар туралы басқа ақпарат.

 

5. Қаржылық жай-күй



 

31. Баланстық құны материалдық емес активтердiң жалпы баланстық құнының бес және одан көп пайызын құрайтын материалдық активтердiң түрлерi.

32. Баланстық құны негiзгi құрал-жабдықтың жалпы баланстық құнының бес және одан көп пайызын құрайтын негiзгi құрал-жабдықтың түрлерi.

33. Инвестициялар. Осы мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда ұсынылуы тиiс: басқа заңды тұлғалардың капиталына тiкелей инвестициялар, ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық портфель.

34. Дебиторлық берешек. Осы тармақта эмитенттің алдында дебиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп пайызы мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып дебиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң неғұрлым iрi он дебиторының тiзiмi ашылады.

34-1. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы мәліметтер.



35. Осы тармақта эмитенттiң жарғылық және меншiктi капиталының мөлшерi көрсетiледi.

36. Заемдар.

Осы тармақта қолданылып жүрген банктiк заемдар және кредиттiк желiлер, олардың валютасы, сыйақы ставкалары, қамтамасыз ету түрлерi туралы ақпарат ашылады. Жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсан бойынша бөлiнуi тиiс, қалған сомалар жылдар бойынша бөлiне отырып ұсынылады.

37. Эмитенттiң негiзгi қызметiн жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешегi (жеткізушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар).

Осы тармақта эмитент өзiнiң кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп пайызы мөлшерiнде берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып, кредиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң бірiншi он неғұрлым iрi кредиторлық тiзiмi ашылады.

37-1. Эмитенттің соңғы үш аяқталған қаржы жылы ішінде алған (шеккен) кірістің (шығынның) мөлшері (үш жылдың ішіндегі әр жылдың қорытындысы бойынша бөлігінде).

37-2. Левередж. Осы тармақта эмитенттің левередж шамасы соңғы үш жылдың әр аяқталған қаржы жылының бірінші күнгі, сондай-ақ облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) проспектісін беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетіледі.

37-3. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 89 қаулысымен алынып тасталды



37-4. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының бір жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны көрсетіледі.

 

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер



 

38. Облигациялар шығару туралы шешiм қабылданғанға дейiн эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының барлық тiркелген шығарылымдарына қатысты:

1) әрбір шығарылым облигацияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған облигациялардың саны, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi, негiзгi борыш сомасы, әрбір шығарылым бойынша сыйақының аударылған және төленген сомасы, сатып алынған күні көрсетілген сатып алынған облигациялардың саны. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттік тiркеу нөмiрi және мемлекеттік тiркеу күнi;

2) құрылтайшылар төлеген акцияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, сондай-ақ акцияларды орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi. Соңғы күнге сатып алынатын бағасы көрсетiлген, өтелген, айналыста болатын акциялардың саны. Акцияны сатып алу әдiстемесi бекітілген күн. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттік тiркеу нөмiрi және мемлекеттік тiркеу күнi;

3) орындалмаған міндеттемелердiң мөлшерi және осы сияқтылардың орындау мерзiмi, бағалы қағаздар бойынша (шығарылымдары және түрлерi бойынша жеке) есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы туралы ақпаратты қоса отырып, эмитенттiң өзiнiң бағалы қағаздар ұстаушылар алдында орындалмаған мiндеттемелерiнiң фактілерi туралы мәлiметтер (облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеу (төлеудi кешiктiру), акциялар бойынша дивидендтердi төлемеу (төлеудi кешiктiру);

4) егер бағалы қағаздардың қандай да болмасын шығарылымы тоқтатылған немесе жарамсыз болып танылған не күшi жойылған жағдайда осындай шешiмдердi қабылдаған мемлекеттік органды, оларды қабылдау негiздерi және күнi;

5) әрбір тіркелген шығарылым бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, сатып алған күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеу кезінде төленген сомалар;

6) соңғы екi қаржылық жылының әрбір жылындағы немесе нақты жұмыс iстеу кезеңіндегі бір акцияға (жай, артықшылықты) дивидендтердiң есептелген сомасы және төленген дивидендтердiң сомасын көрсете отырып, дивидендтiң мөлшерi;

7) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қоса отырып, эмитенттiң бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылатын негiзгi нарықтары;

8) бұрын шығарылған облигациялардың әрбір түрі бойынша олардың ұстаушыларына берілетін құқықтар, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар. Ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсетіледі.

 

7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер (бұл бөлiм облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеу кезiнде толтырылмайды)



 

39. Облигациялар туралы мәліметтер:



1) облигациялардың түрі (купондық немесе дисконттық, инфрақұрылымдық немесе арнайы қаржы компаниясы шығаратын), қамтамасыз етудің болуы (толық немесе ішінара қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, оның ішінде реттелген), номиналдық құнын немесе сыйақы мөлшерін (индекстелген) есептеу сипаты;

2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);

3) бір облигацияның номиналдық құны;

4) облигацияларды орналастырудың басталған күні және айналысының басталған күні;

5) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:

облигациялар бойынша сыйақы ставкасы;

сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күн және сыйақы төленген күн, оны төлеу тәртібі және талаптары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);

сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;

индекстелген облигациялар шығару кезіндегі есептеу тәртібі.

Егер сыйақы ставкасы белгіленбеген болса, оның мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;

6) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер:

облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу талаптары;

облигацияларды өтеу күні;

облигациялар өтелетін орын (орындар), облигацияларды өтеу тәсілі;

орны және облигацияларды эмитент кассасы арқылы қолма-қол ақшамен өтеу кезінде өтініш жасауға болатын тұлғалар;

7) облигацияларды төлеу талаптары мен тәртібі:

облигацияларды (осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигацияларды қоса алғанда) төлеудің талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып көрсетіледі;

8) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):

қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:

толық немесе ішінара қамтамасыз ету, кепіл мәні, оның құны және кепіл мәнін өндіріп алуға өтініш жасау тәртібі;

облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;

егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;

9) арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша:

тиісті шарттардың нөмірлері мен жасалған күндерін көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

секьюритилендіру мәмілесінде оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы;

талап ету құқықтарының біртектілік критерийлері;

секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;

қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;

осы облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған облигациялардың әртүрлі шығарылымдарын өтеу кезектілігі көрсетіледі;

10) облигацияларды ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, бірінші басшының, атқарушы орган мүшелерінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты);

11) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері көрсетіледі;

12) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:

тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері, шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;

13) төлем агенті туралы мәліметтер:

оның атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;

14) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):

эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;

15) ақысы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, олардың түрі мен саны қосымша көрсетіледі;

16) облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдар туралы мәліметтер (егер осындай ұйыммен шарт жасау міндеті «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы
2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарында көзделсе);

17) мыналар:

эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;

эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;

егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес өзге де мүліктік құқықтармен жүргізілген жағдайда осы құқықтарды, олардың сақталу тәсілдерін, бағалау тәртібін және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды, сондай-ақ осы құқықтардың ауысуын іске асыру тәртібінің сипаттамасы қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары;

18) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;

19) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.

Облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетіледі.

Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қоса алғанда, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты жария етуді эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.

Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен жасалған шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі көрсетіледі;

20) опциондар туралы ақпарат:

егер опциондар эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, онда осы тармақшада опцион жасау талаптары көрсетіледі;

21) қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдары.

Қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын эмитенттің қабылдау немесе қабылдамау негіздемесі көрсетіледі.

39-1. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.

40. Айырбасталатын облигациялар:



айырбасталатын облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрі, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтары, сондай-ақ осындай айырбастау тәртібі мен шарттары көрсетіледі (егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталатын болса, онда айырбастау аяқталу күнінен соң бір ай ішінде облигациялар шығарылымының күші жойылады, егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталмаса, онда осы шығарылымның сатып алынған облигациялары бұдан әрі орналастырылмайды, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні жөнінде көрсету қажет).

41. Облигацияларды орналастыру тәсілі:



1) облигацияларды, оның ішінде ұйымдастырылмаған нарықта орналастырудың басталу және аяқталу күні;

2) акцияларға айырбасталған облигацияларды орналастырған кезде айырбастау шарттары көрсетіледі;

3) облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер:

облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жері, тиісті шарттардың күні және нөмірі көрсетіледі;

41-1. Эмитент қабылдайтын өзге шектеулер (ковенанттар) және заңмен көзделмеген (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).



Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.

42. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану. Эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаларды қолдану мақсаттары және тәртібі көрсетіледі, сондай-ақ осындай өзгерістерді көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезіндегі болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетіледі.



Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылған кезде:

бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі;

секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар және соларға сай арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден есептен шығаруға құқылы болатын шарттар көрсетіледі.

Эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалануы туралы мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ осындай өзгерістерді көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезіндегі болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетіледі.

Инфрақұрылымдық облигациялары шығарылған кезде: жасалған шарттың талаптарына сәйкес облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызметін төлеумен байланысты шығыстар; облигациялар ұстаушылардың алдындағы эмитенттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі болып табылатын мүліктің сипаттамасы көрсетіледі.

  

8. Қосымша ақпарат


43. Облигациялар айналысындағы шектеулер.

Облигациялар айналысындағы кез келген шектеулер, орналастырылатын облигациялардың ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның iшiнде арасында облигацияларды орналастыру жоспарланған тұлғалар тобы көрсетiледi.

44. Облигациялар шығарылымына кеткен шығындардың сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленетiндігі туралы мәлiметтер.

45. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен және облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, облигацияларды орналастыру жиынтығы туралы есеппен және эмитент қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдары таныса алатын орындар туралы ақпарат.

Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiне эмитенттiң бірiншi басшысы, бас бухгалтерi немесе олардың орнын ауыстыратын адамдардың қолы қойылады және эмитент мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Проспектiсiнiң әрбір данасы эмитенттiң соңғы екi қаржы жылының аудиторлық есептермен және тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсетіп облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiн мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қаржылық есеппен расталған жылдық қаржылық есептерiмен бірге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекітіледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірiншi басшысының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолымен куәландырылуы тиiс.

________________

«Мемлекеттік емес облигациялар

шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет