Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялардың



бет18/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45

Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялардың

шығарылымын мемлекеттік тiркеу және ұлттық бірегейлендiру нөмiрiн беру үшiн сұрау салу

 


Эмитенттiң атауы

  

Орналасқан жерi

  

Меншiктi капиталдың мөлшерi

  

Төленген жарғылық капиталдың мөлшерi

  

Ұлттық бірегейлендіру нөмірін және енгізу күнін көрсете отырып, қор биржасының ресми тізімінің

«акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитенттің акциялары туралы мәліметтер



  

Бір облигацияның номиналдық құны

  

Шығарылымның құны

  

Айналыстың басталу күні

  

Облигациялардың қамтамасыз етiлуi

  

 

Облигациялардың

түрi


Облигациялардың саны

Облигациялар бойынша сыйақы

мөлшерi, төлеу мерзімдері



Купондық

  

  

Дисконттық

  

  

Индекстелген

  

  

 

Сұрау салуға эмитенттің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады.


________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік отыз күн ішінде.

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты
15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік (бұдан әрі – куәлік) және инвестициялық пай қоры қағидаларының және басқарушы компания қызметінің талаптары мен тәртібін, басқарушы компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ішкі құжаттарының бір данасы, егер көрсетілген құжаттар бұған дейін көрсетілетін қызметті берушімен келісілмесе, көрсетілетін қызметті берушінің олармен келісуі туралы қағаз жеткізгіштегі белгісімен (инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар өтініш;

2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешімнің көшірмесін;

3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері) бекіткен қордың қағидаларын;

4) кастодианмен және тіркеушімен жасалған шарттардың жобаларын;

5) егер көрсетілген құжаттар бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілмеген болса, басқарушы компания қызметінің, құрылымдық бөлімшелерінің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеу және жұмысын тоқтату бойынша қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компанияның ішкі құжаттарын ұсынуға тиісті (екі данада).

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

2) инвестициялық пай қорының Қағидаларында, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда қайшы келетін немесе анық емес мәліметтердің болуы;

3) басқарушы компанияның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты


1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он төрт күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы көрсетілетін қызметті алушының атына жазылған хат және акцияларды орналастыру қорытындылары туралы (көрсетілетін қызметті берушінің оны бекіткендігі туралы белгісімен) қағаз жеткізгіштегі есептің бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар өтінішті (акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуге өтініш және көрсетілетін қызметті алушы (тұрақтандыру банкін қоспағанда) ұсынатын құжаттар өтініште (ілеспе хатта) Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер тізілімі ұстаушысының мемлекетте осы қоғам акцияларының бар (жоқ) екендігі туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөртабан бедері болған кезде қарауға қабылданады);

2) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған, есепті кезеңді аяқтайтын айдың соңындағы не акцияларды орналастыру аяқталған күннен кейінгі күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілікпен, есепті кезеңде акциялардың төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесімен (көшірмелерімен) және тіркеушінің акцияларды орналастыру аяқталған күннен кейінгі күнгі ірі акционерлер туралы анықтамасының көшірмесімен бірге тігілген, қағаз жеткізгіштегі екі данада жасалған есепті;

3) қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіштегі акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті (қоғамды тарату және қайта құру жағдайларын қоспағанда) ұсынуға тиісті.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар көшірмелері бірінші басшының (не оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы қойылуымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр таңбасымен расталады.

Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөрдің таңбасы және бірінші басшысының
(немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі тиіс.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:

құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілерінің анықталуы негіз болады.

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бас тартуды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.


3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

________________

«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың тізілімін ұстаушылардың мөртабандары бедерлерінің үлгілері

 


 

 

 

 

 

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН

 

Республикалық бөлімше 



«____»_______________ 20 ___ ж.

 

№ ________________________



 

Оператор: __________________

 

 

 



 




 

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН
XX Филиал 

«____»_______________ 20 ___ ж.


№ ________________________

 

Оператор: __________________



 

 

 



 




 

 

 

 

 

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСПАЙТЫН

 

Республиканское отделение



 

«____»_______________ 20 ___ ж.

 

№ ________________________



 

Оператор: __________________

 

 

 



 

 

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСПАЙТЫН
XX Филиал

 

«____» _______________ 20 ___ж.



 

№ ________________________

 

Оператор: __________________



 

 


 

________________


«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша



_______ бастап ________ дейінгі кезеңде акцияларды

орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

 

1. Қоғамның атауы және оның орналасқан жері.



2. Қоғамның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер. Осы тармақта қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.

3. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелген (жарияланған акциялар санының ұлғаюына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің ауыстырылған) күні және шығарылымды мемлекеттік тіркеу нөмірі.

4. Қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.

5. Қоғам акцияларды орналастыру инвесторлардың шектеусіз аясының ортасы туралы хабарламаларды орналастырған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және осы хабарламалар шыққан күні көрсетіледі.

6. Қоғам өзінің акционерлеріне олардың қоғам акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын акцияларды сатып алу ұсынысын қоғамның жарғысында көзделген мынадай тәсілдердің бірімен жеткізгені туралы ақпарат:

1) хабарламаны жіберу күнін және акционердің осы хабарламаны алған күнін көрсете отырып жеке жазбаша хабарлама жіберу арқылы;

2) көрсетілген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарының атауын және жарияланған күнін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы.

7. Акциялар туралы мәліметтер:

1) жарияланған акциялардың жалпы саны, оның ішінде:

жай акциялар __________;

артықшылықты акциялар ______;

2) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері;

3) егер акциялар айырбасталған болса, онда айырбастау тәртібін және айырбасталған акциялардың санын көрсету қажет.

8. Аукциондарды немесе жазылуды өткізу талаптары мен тәртібі туралы қоғамның ішкі құжатының қабылданған және бекітілген күні туралы мәліметтер.

9. Егер қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген болса, онда олардың енгізілген күнін көрсету қажет.

10. Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер:

1) есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша түрлері бойынша орналастырылған және орналастырылмаған акциялардың саны;

2) акцияларды орналастырудың осының алдындағы әрбір есепті кезең үшін орналастыру кезеңін, орналастырылған акциялар санын және оларды жеке төлеу сомасын, сондай-ақ акцияларды орналастырмау туралы ақпаратты назарға алу күнін көрсете отырып, осының алдындағы есепті (есептерді) бекіту күні;

3) қоғамның директорлар кеңесінің («Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы Заңның) 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялар санын ұлғайту жағдайын қоспағанда) есепті кезеңде орналастырылатын акциялардың санын және оларды орналастыру бағасын белгілеу туралы шешім қабылдаған күні;

4) Банктер туралы заңның 17-2-бабы негізінде банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі қабылданған күн;

5) түрлері бөлігінде есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны;

6) бір жай және артықшылықты акцияны сатып алу бағасын, акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күнін, сондай-ақ қоғам орналастырылған акцияларды (сатып алудың әрбір түрі бойынша жеке) сатып алуға шеккен шығыстарын көрсете отырып, қоғамның бастамасы және (немесе) акционерлердің талап етуі бойынша есепті кезеңнің аяқталу күніне сатып алынған акциялардың саны.

Қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күні.

11. Акцияларды орналастырудың есепті кезеңінде акцияларды орналастыру (сату) тәсілдері:

1) акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша;

2) жазылу арқылы (ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықтарда):

акциялардың түрін, санын, акциялардың номиналды құнын, ақы төлеу сомасын көрсете отырып, құрылтайшылар арасында (жаңадан құрылған қоғамдар үшін);

акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, өзге инвесторлар арасында орналастыру арқылы;

3) аукцион арқылы:

акциялардың түрін, санын, жалпы ақы төлеу сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтарды өткізу күнін, есепті кезеңде бір акцияны сауда-саттықта орналастырудың ең аз және ең жоғары бағасын, есепті кезеңдегі бір жай және артықшылықты акцияның нарықтық құнын (егер ол есептелген болса) көрсете отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында;

аукционды өткізу күнін, акциялардың түрін, санын және ақы төлеудің жалпы сомасын көрсете отырып, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында;

4) айырбасталатын бағалы қағаздардың санын, бағалы қағаздарды не қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастауды жүргізу күнін көрсете отырып, қоғамның акцияларына бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін айырбастау арқылы не туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды орналастыру жүзеге асырылған мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында сатып алуға ұсынылған акциялар санын көрсете отырып).

12. Акциялардың санын және ақы төлеу сомасын көрсете отырып, оларға ақы төлеу тәсілі:

1) ақшалай (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуін растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелері, төлем сомасы және төлеушінің атауы көрсетілуі тиіс);

2) бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентінің атауын, оның мекенжайын, бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірін және олардың санын, бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мәміленің тіркелу күнін көрсету қажет);

3) зияткерлік қызметтің нәтижесіне құқығымен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, зияткерлік меншікті қабылдау-өткізу актісі туралы мәліметтерді көрсету қажет);

4) қоғамның ақшалай міндеттемелерін қоғамның акцияларына айырбастау арқылы (берешекті акцияларды төлеу есебіне өтеу туралы шешімді кредитордың қандай органы қабылдағанын және осындай шешімнің қабылданған күнін, берешекті салыстырып тексеру актісінің деректемелерін, талап ету құқықтарын бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалу күнін, бағалау сомасын, егер қоғам дәрменсіз борышкер болса, банкті қайта құрылымдау жоспарын немесе оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінің күнін немесе қоғамның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылымы проспектісін тіркеу нөмірін көрсету қажет);

5) басқа да мүліктік құқықтармен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мүлікті қабылдау-өткізу актісінің күнін көрсету қажет);

6) өзге де тәсілмен.

Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу ережелерінің, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есебінің 2-тармағында көрсетілген құжаттардың деректемелері көрсетіледі.

Акцияларды төлеу үшін мүліктік құқықтар және өзге де мүлік енгізілген жағдайда, тиісті лицензиясы бар бағалаушының осы мүлікті бағалау туралы есебіне осы мүлік акцияларды төлеуге енгізілген күнге дейін алты айдан кеш емес күні қойылады.

13. Қоғам акциялары шығарылымының андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат.

Осы тармақта:

1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, андеррайтердің қызметін көрсетуге қоғам жасаған шарттың күні және нөмірі туралы, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;

2) андеррайтердің акцияларды орналастыру тәсілі туралы;

3) андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық көрсетілімде және орналастырылатын әрбір акцияға төленген (төленетін) комиссиялық сыйақылар туралы, сондай-ақ шығыстар туралы басқа да мәліметтер;

4) шығаруға, орналастыруға және листингке енгізуге шығатын шығасылардың негізгі санаттары туралы. Көрсетілген шығасыларды эмитенттің өзі төлемеген жағдайда, оларды төлейтін тұлғаны көрсету қажет;

5) андеррайтерлерді тартпастан және орналастырудың болашақ жоспарынсыз есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны туралы ақпаратты көрсеткен жөн.

14. Опциондарды орындау бағасы туралы мәліметтер.

15. Акциялардың нарықтық және баланстық құнының тарихы туралы ақпарат.

Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болса, онда жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күнге дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.

Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталғанға дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуға тиіс.

Акциялардың баланстық құны мына формула бойынша есептеледі:

АБҚ= МК/А, мұнда

АБҚ - акциялардың баланстық құны;

МК - қоғамның меншікті капиталының мөлшері;

А - қоғамның орналастырылған акцияларының саны (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде).

16. Дивидендтерді төлеу туралы мәліметтер:

1) тиісті шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының деректемелеріне сілтеме жасай отырып, төлем жүзеге асырылған аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жай және артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтердің жалпы сомасын (есептелген және бюджетке төленген салық сомасын) көрсете отырып, дивидендтер төленген акционерлердің санын көрсете отырып дивидендтерді соңғы төлеу күні;

2) қоғамның хабарламаны жариялау күнін көрсете отырып, дивидендтерге төлем жасау туралы хабарламасын орналастырған бұқаралық ақпарат құралының атауы;

3) бір жай және артықшылықты акцияға есептелген және (немесе) төленген дивидендтердің мөлшері, сондай-ақ дивидендтер есептелген және (немесе) төленген қаржы жылының қорытындылары бойынша бір жай және артықшылықты акцияға келген таза кіріс мөлшері;

4) егер дивидендтерді уақтылы төлемеу бойынша берешек орын алған жағдайлар болса, оның пайда болу себептерін және акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніндегі берешек сомасын көрсету қажет, бұл ретте акционерлер алдында берешекті өтеу бойынша қоғам қандай шаралар қолданғанын көрсету қажет.

17. Қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер:

1) акцияларды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің атауы және орналасқан жері;

2) қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімін жүргізу туралы шарттың күні және нөмірі.

18. Акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күндегі ірі акционерлер туралы мәліметтер. Осы мәліметтер тіркеуші осыған ұқсас күнге берген, есептің ажырамас бөлігі болып табылатын анықтама негізінде толтырылады:



 Заңды тұлға - акционерлердің толық атауы немесе жеке тұлға - акционерлердің аты-жөні, болса әкесінің аты

Жеке тұлға - акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері немесе заңды тұлға - акционерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні және оның орналасқан жері

Акциялардың түрін көрсете отырып, акционерге тиесілі акциялардың жалпы саны

Ірі акционерге тиесілі акциялардың пайыздық арақатынасы

 19. Егер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күні акциялары номиналды ұстаудағы ірі акционерлер туралы мәліметтер болмаса, номиналды ұстаушылардың атауы және олардың номиналды ұстауындағы қоғам акцияларының саны туралы мәліметтер.

20. Есепке бірінші басшы, бас бухгалтер не олардың орнындағы адамдар қол қояды және акционерлік қоғам мөрінің бедерімен куәландырылады. Есептің әрбір данасы қаржылық есептілікпен, осы қосымшаның 12-тармағына сәйкес акцияларды орналастырудың есепті кезеңінде акциялардың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерімен және тіркеуші берген анықтаманың көшірмесімен бірге тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі (есепті кезеңде акциялар орналастырылмаған жағдайда акциялардың төленгенін растайтын құжаттарды қоспағанда). Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылады және бірінші басшының қолымен куәландырылады.

Есепті кезеңде акциялар орналастырылмаған жағдайда осы қосымшаның
11, 12 және 13-тармақтары толтырылмайды.
________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет