Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет22/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45

Басқа мәліметтер





Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтік меншік, мүдделерге қарсы қылмыс, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылғының болуы

Иә/жоқ

(өтелмеген соттылығы болған кезде 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын, үкім шығарылған күнді және нөмірін көрсету)


Мен (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________

____________________________________________________________________

осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның дұрыс және толық екенін растаймын ____________________ (қолы, күні).


________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:



  1. аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

  2. лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;

  3. лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:



лицензия алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес лицензия алуға өтініш;

2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда нотариат куәландырған көшірмелері) және заңды тұлға үшiн - көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;

4) көрсетілетін қызметті алушының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға, оның ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (терінің санын есепке ала отырып ақшалай нысанда жарғылық капиталды қалыптастыру үшін Ұлттық Банк белгілеген ең төменгі мөлшерден аз болмайтын мөлшерде лицензия алуға өтініш берген күні екінші деңгейдегі банктің уәкілетті ұйымның банк шотында ақшаның болуын растайтын құжаты);

5) резидентте шетел валютасындағы шоттың бар екендігі туралы банктің анықтамасы;

лицензияның телнұсқасын алу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

Лицензия мына жағдайларда қайта ресімделуге жатады:



  1. уәкілетті ұйымды біріктіру, қосу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде;

2) уәкілетті ұйымның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде.

Уәкілетті ұйым лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар, лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттармен қоса береді.

Порталда:

лицензия алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

Лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық форматта қағаз жеткізгіште берілген лицензияны аудару үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ растаған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады.

Электрондық мемлекеттік қызметті көрсеткен жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік және қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат, олардағы ақпаратты мемлекетік ақпарат жүйелерінен алу мүмкіндігі болған кезде, талап етілмейді.

10. Мыналар:

1) Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не ақпараттарды ұсынбауы;

2) көрсетілетін қызметті алушының Заңға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) субъектілердің осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салуы;

4) қызметтің түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеуі;

5) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

7) сот орындаушысы ұсынған негізде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша


_______________________________ (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының атауы)
___________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты)
Шетел валютасымен айырбастау операцияларын

ұйымдастыру үшін лицензия алуға

өтініш

_______________________________________________________________


                (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
Көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі бойынша коды ___________________________________________ Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия беруді өтінемін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

Қоса берілген құжаттар:
      1.
      2.
      3.
     Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасы:
_____________________ ____________________________  ________________
      (лауазымы)               (тегі, аты, әкесінің аты)                  (қолы)

     


20___жылғы «____» ___________ Мөрдің орны
________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Банкті ашуға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банкті ашуға рұқсат беру»
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – көрсетілетін қызметті беруші сұрау салған соңғы қосымша ақпаратты немесе документті көрсетілетін қызметті алушы ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап алты айдан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банкті ашуға рұқсат беру туралы қаулысы не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш жасағандағы қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ тіліндегі немесе орыс тiліндегі рұқсат беру туралы туралы өтінішті;

2) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесін;

3) құрылтайшылар туралы (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген тiзбе бойынша) мәлiметтерді, аяқталған соңғы екi қаржы жылы iшiндегi шоғырландырылған есептiлікті қоса алғанда, қаржы есептiлiгiн, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйi туралы есебiн.

Аудиторлық ұйымның есебi оның:

тексерілетін банктердің құрылтайшылары мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;

аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк реттеуді және аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаржы ұйымдарының мiндеттi аудитiн жүргiзу жөнiндегi лицензиясына және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес не резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыретті органының аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi екенiн растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады;

Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды:

құрылтайшылар - жеке тұлғалар үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген осы тұлғада заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы


5-тармақшасының талаптарын орындағаны туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды) қоса беріледі.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы


5-тармақшасының талаптарын растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) үшін олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді;

құрылтайшылар - заңды тұлғалар үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер, оларға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің нотариатты куәландырылған көшірмесі және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариатта куәландырылған көшірмелері;



осы тармақтың 3-тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;

құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының немесе басқару органының бірінші басшысында заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы 5-тармақшасының үшінші абзацының талаптарын орындау туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды);

4) егер тұлға банктiң iрi қатысушысы немесе банк холдингi болатын болса, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәлiметтерді;

5) растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшiн пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтерді;



6) жаңадан құрылатын банктің жан-жақты ұйымдық құрылымы;

7) құжаттарға қол қоюға құрылтайшы өкілеттік берген тұлға бекiткен, жаңадан құрылатын банк қызметінің стратегиясын, қызметтінің бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар шоты, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру) жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдердi басқаруды ұйымдастыруды ашып көрсететiн бизнес-жоспарын;

8) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан көрсетілетін қызметті алушының өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариат не өзге де заңды түрде куәландырылған құжатты.

Көрсетілетін қызметті беруші банкті ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұрау салуға құқылы.

Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке немесе заңды тұлғасы осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, банкті ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктері үшін – банктік қадағалау органы) осы адамға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат етілетіндігі туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктері үшін – банктік қадағалау органы) көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы жазбаша өтінішін қоса беруге міндетті.

Банк жарғысының барлық даналарының титулдық бетінде жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болуы тиіс: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары)__________».

Осы құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітіледі.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну не банктiң құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеуi;

2) банк атауы мынадай талаптарға сәйкес келмеген:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде «ұлттық», «орталық» деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.

банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде «мемлекеттiк» деген сөздi қолдануға тыйым салынады.

бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.

еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi;

ислам банкінің атауында «ислам банкі» деген сөз тіркесі болға тиіс.

3) банктiң жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi:

банктің жарғылық капиталы, осы тармақшаның үшінші абзацында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.

банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек қана ақшамен төленуге тиіс. Осы талап мынадай:

банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;

банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған;

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген жағдайларда банктерге қолданылмайды.

Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді;

банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне бағалы қағаздарды және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы өзінің акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.

жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталына оның акционерлері осы банкті тіркеу кезінде елу пайыз және ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде толық төлем жасауға тиіс.

банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншік капиталы теріс болып табылады.

4) банк құрылтайшыларының қаржы жағдайының тұрақсыздығы;

5) құрылтайшы – жеке тұлғаның не құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бiрiншi басшысының:

заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiпте қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағанға дейiн бiр жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтерi қызметiнде болған жағдайда жүзеге асырылады. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бес жыл бойы қолданылады;

6) Банктер туралы заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;

7) Банктер туралы заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беруден бас тартуы;

9) құрылатын банктің бизнес-жоспары және көрсетілетін қызметті алушының өзге де ұсынған құжаттары:

алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатындығын;

банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиiстi басқару құрылымын құруға ниет білдіретіндігін;

банктің өз қызметiнiң жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық құрылымы болатындығын;

банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін есеп және бақылау құрылымы болатындығын көрсетпеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

Банктер туралы заңның 18, 20, 21-баптарының талаптары сақталмаған жағдайда банкті ашуға рұқсат беруге жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет