Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына



бет21/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына

рұқсат алған, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің

аудитіне шығындарды өтеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына рұқсат алған, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу»
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіште Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі – қаржы орталығы) арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу туралы Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі қаулысының көшірмесі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес өтініш;

Өтініш күнтізбелік жылдың қаңтарының бірінші жұмыс күнінен бастап


1 сәуірге дейін қабылданады;

2) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;

3) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығыстардың төлену фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы және оның көшірмесі (бағалы қағаздары алғаш рет қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген эмитентке (бұдан әрі - эмитент) құжаттың түпнұсқасы көшірмесімен сәйкестендірілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде қайтарылады);

4) аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»


2013 жылғы 29 наурыздағы №87 қаулысында белгіленген талаптарға аудиторлық сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы;

5) аудиторлық ұйымның өзінде «Аудиторлық қызмет туралы»


1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес эмитенттің аудитін жүргізу құқығына шектеудің жоқтығы туралы жазбаша растамасы;

6) эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ бар болған жағдайда шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;

7) эмитенттің қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептің нотариат куәландырған көшірмесі;

8) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

9) жасалған мәмілелер бойынша жиынтық ведомосінің қосымшасымен қаржы орталығының арнайы сауда алаңына эмитенттің бағалы қағаздарының алғаш жіберілгендігі туралы қор биржасының жазбаша растамасы;

10) құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат ұсынылады.

Бірнеше парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың сырт жағында эмитент басшысының қолымен және мөрімен расталған күйінде ұсынылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

________________

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына рұқсат алған, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

______________________________


                                        Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі

Аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш

Алматы қаласы                         20__ жылғы «___» _______ № ____

____________________________________________________________________
    (бағалы қағаздардың эмитенті – көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
______________________________________________________________арқылы
       (бірінші басшының тегі, аты-жөні және лауазымы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен 20__ жылғы «___» ______________

бастап 20__ жылғы «___» ________________ аралығында ________________

___________________________________________________ аудиторлық ұйымы
(мекенжайын көрсете отырып аудиторлық ұйымның толық атауы)
жүзеге асырған қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындарды өтеуді сұрайды.
___________________________________________________________________
    (бағалы қағаздардың эмитенті – көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1) жоғарыда көрсетілген аудиторлық ұйыммен аудиторлық қызмет


көрсетуге арналған 20__ жылғы «___» _______________ № _______шарттың жасалғанын;
      2) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындардың 20__ жылғы
«___» _________ төленгенін ___________________________________________;
(аудитке жұмсалған шығыстардың төленгенін              растайтын құжат, нөмірі және күні)
      3) ________________ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
     (бағалы қағаздардың атауы)
арнайы сауда алаңында ашық сауда-саттық әдісімен 20__ жылғы «___»
_______________ мөлшерінде орналастырылғанын;

4) аудиторлық ұйымның біздің ұйыммен үлестес емес екендігін және «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудит жүргізуге құқықтары шектелмейтінін растайды. ____________________________________________________________ төлемді

 (бағалы қағаздардың эмитенті - көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

мынадай деректемелер бойынша жүзеге асыруды сұрайды:

____________________________________________________________________

(ИИК, БИН, КБЕ және банефициардың атауы, БИН, БИК және банктің атауы)

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына рұқсат алған, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім беремін.


     

________________________________________________       _________________


(бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы)             (қолы)
Мөрдің орны
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды

тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап сондай-ақ порталға өтініш бергенде – өтінішті тіркеген күнінен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, қоса берілген құжаттармен;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушы (бұдан әрі – қаржы орталығына қатысушы) заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін, 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кезінде тіркеу алымы өндіріп алынады.

Тіркеу алымын төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда);

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) құрылтайшы немесе құрылтайшы өкілеттік берген адамы қол қойған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі өтініш;

2) қаржы орталығына қатысушы жарғысының қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі үш данасы;

3) қаржы орталығының қатысушысын құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының немесе жалғыз құрылтайшы шешімінің қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі екі данасы;

4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымын төлегенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат;

Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынылады:

1) қаржы орталығының қатысушысы мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі, қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарымен көрсетілетін қызметті берушінің қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі шешімі немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешімі;

2) қаржы орталығының қатысушысы мүлкі меншік иесі немесе қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған қаржы орталығы қатысушысының міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде - тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде - бөліну балансы және қаржы орталығы қатысушысының көрсетілетін қызметті берушінің тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;

3) кредиторлардың қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламасын растайтын құжат;

4) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгендігін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу үшін мыналар ұсынылады:

1) қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш;

2) қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік қайта тіркеу туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаржы орталығы қатысушысының мөрімен бекітілген қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі шешімі не шешімінен үзінді көшірме;

3) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен құрылтай құжаттарының қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі үш данасы;

4) қаржы орталығы қатысушысының бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;

 5) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға бағалы қағаздар ұсаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша қаржы орталығының қатысушыларын - шаруашылық серіктестіктерін мемлекеттік қайта тіркеу үшін Азаматтық кодекс, «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы
2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серіктестігінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иеліктен шығарылғанын (біреуге берілгенін) растайтын құжат ұсынылады.

Қаржы орталығының шетелдің қатысу бар қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін көзделген құжаттармен қатар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе:

1) сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді-көшірме немесе шетелдік заңды тұлға құрылтайшының шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат қазақ және орыс тілдеріндегі, нотариат куәландырған аудармасымен бірге;

2) төлқұжаттың көшірмесі немесе шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын басқа құжат қазақ және орыс тілдеріндегі, нотариат куәландырған аудармасымен бірге қосымша ұсынылады.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында, екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында, төртінші бөлігінде, бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген қаржы орталығының қатысушысын құру, қайта тіркеу және қайта құру тәртібін бұзу, Қазақстан Республикасының заңына құрылтай құжаттарының сәйкес келмеуі;

2) өткізу актісін немесе бөлу балансын бермеуі не оларда қайта құрылған қаржы орталығы қатысушысының құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы;

3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) іс-әрекет етпейтін заңды тұлға болып табылуы;

4) егер заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жұмыс істемейтін заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелген деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192, 216 және 217-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген не алынбаған соттылығы бар адам ұсыну;

5) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттар ұсыну;

6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салулар) болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды

тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық

нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz
интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Алматы қаласы өңірлік қаржы 

Орталығының қатысушы заңды

тұлғаларын мемлекеттік тіркеу

(қайта тіркеу)» мемлекеттік

көрсетілетін  қызмет стандартына қосымша             
нысан
____________________________________

(тіркеуші органның атауы)



Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының

қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
1. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті х жолында

көрсетіңіз):

Акционерлік қоғам ______________________________________________

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік _______________________________

2. Заңды тұлғаның атауы: _________________________________________

3. Заңды тұлғаның құрамында шетел инвесторларының қатысуы

(тиісті х жолында көрсетіңіз):

1) иә _______________________ 2) жоқ _____________________________

4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті х жолында

көрсетіңіз):

1) иә ________________________ 2) жоқ ____________________________

5. Заңды тұлғаның мекенжайы: ____________________________________

                                (почта индексі, қаладағы аудан, көше,

_______________________________________________________________

даңғыл, шағын аудан, үйдің, пәтердің, бөлменің (офистің) №, телефон, факс №)

6. Заңды тұлғаның жетекшісі туралы мәліметтер (тиісті х

тармақшада көрсетіңіз):

1) Қазақстан Республикасының азаматы ____________________________

2) шетелдік тұлға _________ 3) азаматтығы жоқ тұлға _________________

Тұрақты тұратын елі _____________________________________________

Т.А.Ә. _________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________

                                   (берілген күні, нөмірі, кім берді)

ЖСН __________________________________________________________

Телефон нөмірі: ________ Факс нөмірі: _________ E-mail: _______

7. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті х ұяшықта көрсетіңіз):

1) орта кәсіпкерлік субъектісі _____________________________________

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________

8. Негізгі қызмет түрі: ____________________________________________

9. Жарғылық капиталдың мөлшері:_________________________________

10. Жарғылық капиталдың түрі (резидент еместер үшін):

_______________________________________________________________

11. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті х жолда

      көрсетіңіз):

1) жеке тұлға ______________ 2) заңды тұлға ________________________

Заңды тұлға (резидент):

Атауы _________________________________________________________

БСН _____________________ Тіркеу күні ___________________________

Жарғылық капиталдағы үлесі % ___________________________________

Салым сомасы __________________________________________________ Заңды тұлға (резидент емес):

Тіркелген елі ___________________________________________________

Атауы _________________________________________________________

Субъектінің заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың

атауы __________________________________________________________

Сауда тізілімінен немесе басқа заңдастырылған құжаттың

үзіндісіне сәйкес тіркеу нөмірі _____________________________________

Тіркелген күні __________________________________________________

БСН ___________________________________________________________

Жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Салым сомасы ________________

Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы):

Т.А.Ә. _________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат: _________________________________

(нөмірі, берілген күні, кім берді)

ЖСН __________________________________________________________

Тұрақты тұратын елі _____________________________________________

Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Салым сомасы _______________

Жеке тұлға (шетел азаматы):

Т.А.Ә. _________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат: _________________________________

                                    (нөмірі, берілген күні, кім берді)

Салықтық тіркелу нөмірі _________________________________________

Тұрақты тұратын елі _____________________________________________

Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Салым сомасы _______________

12. Күтілетін (шамамен) жұмыс істейтін адам саны ___________________

13. Заңды тұлғаны құру алдында ұйым қайта құрылады (тиісті х

тармақшада көрсетіңіз):

1) қайта құру ______________ 2) біріктіру ___________________________

3) бөлу ____________________ 4) бөліну ____________________________

14. Қайта құруға қатысатын заңды тұлғалардың саны _________________

15. Қайта құрылған жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:

Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ___________________________________

БСН ___________________________________________________________

16. Біріктірілген жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:

Біріктірілуге қатысатын заңды тұлғалардың атауы ____________________

БСН ___________________________________________________________

17. Бөлу кезінде мына мәліметтерді көрсету қажет:

Жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан жұмыс істейтін заңды тұлғаның

атауы __________________________________________________________

БСН ___________________________________________________________

18. Бөліну кезінде мына мәліметтерді көрсету қажет:

Негізінде заңды тұлға құрылған заңды тұлғаның атауы ________________

БСН ___________________________________________________________


«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

Өтінішке қоса беріледі: ___________________________________________

                                       (құжаттардың тізбесі)

Құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген тұлғаның Т.А.Ә.

және қолы

20__ жылғы «___» _____________
_______________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.



2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – үш жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы өтінішхат туралы қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне өтінішхаты.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

мынадай мәліметтер көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімі бар еркін нысандағы өтінішті:

1) әр шетелдіктің және (немесе) азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

2) туылған күні мен жері;

3) азаматтығы (шетел азаматтары үшін);

4) резиденттік еліндегі лауазымы мен қызмет орны;

5) білімі туралы мәліметтер;

6) резиденттік еліндегі іс жүзінде тұрғылықты жерінің мекенжайы;

7) Қазақстан Республикасында іс жүзіндегі тұрғылықты жерінің мекенжайы;

8) болу кезеңі;

9) виза еселілігі;

10) паспорт мәліметтері немесе азаматтығы жоқ тұлға құжатының мәліметтері;

11) виза алу орны;

12) Қазақстан Республикасының аумағына келетін және Қазақстан Республикасынан тысқары шығатын көлік құралының түрі.

Осы тармақтың 1)-5) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері өтінішке қоса беріледі.



3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік

қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен

қазақ және орыс тілдеріне аудару»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аудару» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – жеті жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қаржы орталығының қатысушысына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы (бұдан әрі – қаржы орталығының қатысушысы) мемлекеттік органдарға беру үшін қағаз және электрондық жеткізгіштегі аударылған құжаттаманы.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, аударуға жататын және қаржы орталығы қатысушысының мөрі басылған еркін нысандағы мынадай мәліметтері бар өтініш беріледі:

1) қаржы орталығы қатысушысының атауы, орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары;

2) аударылған құжаттама берілетін мемлекеттік органның атауы;

3) ағылшын тілінде ұсынылған құжаттардың аударылуы қажет етілетін тіл (қазақ тілі және (немесе) орыс тілі);

4) қосымшадағы беттер саны.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:



  1. аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

  2. лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;

  3. лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

лицензия алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;



3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер;

5) үй-жайды жалға алу туралы шарттың немесе үй-жайға меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);

лицензияның телнұсқасын алу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияның көшірмесі (болған жағдайда);

3) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

Порталда:

лицензия алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;

лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).



Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасы заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салуы;

2) қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген соттың үкімінің болуы;

5) сот орындаушысы ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.



3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

________________

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

(Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

(Кімнен) _________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының атауы)
Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау бойынша банк операциясын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш
Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын ______________________________________________________________

(банк операциясының түрін көрсету)

Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

1. Меншік нысаны__________________________________________________

2. Мекенжайы_____________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, факс)

Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

1.________________________________________________________________

2.________________________________________________________________

3.________________________________________________________________

4.________________________________________________________________

5.________________________________________________________________

(Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

_________________________________________________________________

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
(Қолы, күні)

Мөрдің орны

________________

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша



Атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәлімет

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(басшының лауазымы және ұйымның атауы көрсетіледі)


Жалпы мәліметтер:


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________________________

____________________________________________

(бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес келтіре отырып)


Туған күні және туған жері

____________________________________________

____________________________________________




Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

(нақты мекенжайы, ұялы, қызметтік, үй телефондарының нөмірлері көрсетіледі, елді мекеннің кодын қоса алғанда)


Еңбек қызметі туралы мәліметтер:






Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын қызметі және лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары

1







2







3











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет