Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


«Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет



бет12/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45

«Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру»


(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – үш ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру туралы қаулысы (бұдан әрі – Ұлттық Банкі Басқармасының келісім беру туралы қаулысы) не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тарту туралы қаулысы.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

жеке тұлға:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті;

2) инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алудың, оның ішінде бұрын сатып алынған растайтын құжаттарды көшірмесімен пайдаланылатын көздер мен қаражатты сипаттауды қоса бере отырып сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті.

Инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаражат көзі, мыналар:



кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;

көрсетілетін қызметті алушының құжаттамамен расталған ақшалай жинағы болып табылады.



Осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін инвестициялық портфельді басқарушының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.

Инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;

3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (ол бар болса) берілген сенімхатты;

4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

5) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық ахуалының ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:

қаржы ұйымының ағымдағы жағдайын бағалау;

қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (шығындарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;

қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік орындалу мерзімі;

қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың болжалданған экономикалық нәтижесі (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі).

Егер көрсетілетін қызметті алушы банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша мәліметтерді;

7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мыналар қоса берілетін мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер:



құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші анықтама нысанында берген алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша беріледі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешегі туралы ақпаратты.

Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының осы елдің заңнамасында Қазақстан Республикасы резиденті инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемденуге рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің мұндай рұқсат аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.

Қазақстан Республикасының заңды тұлға-резиденті:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар өтінішті;

2) көрсетілетін қызметті алушы органының инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену туралы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;

3) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын иеленетін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға не өзгеше түрде бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;

4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2)-5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызмет алушының басшы қызметкерлері туралы білімі, еңбек қызметі туралы қысқаша деректерді;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

7) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызмет алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

8) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс ету алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

9) ірі қатысушы мәртебесін иемденгеннен кейін көрсетілетін қызмет алушының және инвестициялық портфельді басқарушының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иемденудің қаржылық салдарының талдауын, көрсетілетін қызметті алушының жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.

Қазақстан Республикасының заңды тұлға-резиденті емес:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар өтінішті;

2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2)-5) тармақшаларында және үшінші бөліктің 2), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

3) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы


2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-1-бабының
1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін көрсетілетін қызметті беруші белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді;

4) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді

Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар өтінішті;

2) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.

Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иемденуге ниет білдірген, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын табыс етеді.

Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге ниет білдіруші тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша, қойылатын талаптарын көрсетілетін қызметті беруші белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды табыс етеді.

Мыналармен шектелмей мынадай ақпаратты қамтитын бизнес-жоспар:

қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау;

қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және масштабтары;

ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есеп айырысуы, бюджет, бухгалтерлік баланс, кірістер және шығындар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға оларды басқару тәсілдері;

ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға еңбек ресурстарын тарту жоспары.

10. Мыналар:

1) мынадай талаптарды сақтамаған адам:

берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындалмайды (сайланбайды);

мінсіз іскерлік беделі болмағанда;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы басқару органының бірінші басшысы,  атқарушы органының бірінші басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және оның орынбасары, бас бухгалтері , ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар көрсетілетін қызметті алушының (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;



лицензиаттың не өзге де қаржы қызметтерін көрсететін қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымында болған кезеңінде осы адамды басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарылып алынған адамдар лицензиаттың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

2) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың табыс етілмеуі;

4) көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

5) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемдену жөніндегі мәміледе тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға
(оның ірі қатысушысы (ірі акционер) иемденуші тарап болып табылатын жағдайлар;

6) көрсетілетін қызметті алушының Заңда белгіленген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;

7) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;

8) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжайтын, көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуінің қаржылық салдарына жасалған талдау;

9) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктердің болмауы;

10) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;

инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беруші акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді болжайтын немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын, талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы инвестициялық портфельді басқарушысының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама түрде иеленуді немесе инвестициялық портфельді басқарушысының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама түрде дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.

11) осы қордың немесе ұйымның қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;

12) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғада, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;

13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

 3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 
13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін


қызмет стандартына
1-қосымша

 

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға, көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның



басшы қызметкері туралы қысқаша деректер

___________________________________________________________________

(қаржы ұйымының атауы)

 

1. Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты



_________________________________________________________________________________________________

2. Азаматтығы

_________________________________________________________________________________________________

3. Жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректері

_________________________________________________________________________________________________

4. Жұмыс орны, лауазымы

_________________________________________________________________________________________________

5. Пошталық мекенжайы және (немесе) жұмыс орнының тұрған жері, байланыс телефоны

_________________________________________________________________________________________________
6. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы, балалары) және жекжаттары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы, ерлі-зайыптылардың балалары) туралы мәліметтер:



Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғалардың атауын көрсете отырып, жарғылық капиталға қатысу сомасы/ сатып алған акцияларының құны (мың теңге)

Осы тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі % (пайызбен)

Дара иелену

Бірлесіп иелену

тікелей

жанама

пайыз

Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Білімі:



 Оқу орнының атауы


Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының тұрған жері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Соңғы үш жылдағы семинарлардан, курстардан өткендігі туралы мәліметтер:



 Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері

 

 

 

 

 

 

 

9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:



 Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Лауазымнан босату себептері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:

_________________________________________________________________________________________________

Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын растаймын.

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға

_________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)

_____________________________________________________________________

қолы


 

Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы

____________________________________________________________________________________________________

                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)

____________________________________________________________________________________________________

                                                                                                  қолы

Мөрдің орны

Күні


________________

«Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру»

мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет