Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет27/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Актуарлық қызметтi жүзеге асыру үшін лицензия беру туралы

өтініш

____________________________________________________________________

          (уәкілетті мемлекеттік органның толық атауы)

____________________________________________________________________

   (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия

                      беруіңізді сұраймын

Жеке тұлға туралы мәліметтер:

 1. Туған жылы _______________________________________________________

 2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

____________________________________________________________________

     (сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган атауы)

 3. Білімі ____________________________________________________________

                       (бітірген жылы, мамандығы)

____________________________________________________________________

                        оқу орнының атауы)

 4. Тұрғылықты жері _________________________________________________

 5. Жұмыс орны қызметі_______________________________________________

 

6. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыс және үйдікі)



____________________________________________________________________

 

 7. Ұсынылатын құжаттар:



____________________________________________________________________

 

Актуарий өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпарат) дұрыстығына толық жауап береді.



«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

______________   ___________________________________________________

   (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))


"____"________________________ 20____ жыл»
_______________

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша



көрсетілетін қызметті алушының суреті

 

Актуарийлік қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға

өтініш иесі туралы мәліметтер
1. Жалпы мәліметтер:

 


Тегі, аты,

әкесінің аты




___________________________________________________

___________________________________________________

(жеке куәлігімен (төлқұжатымен) толық сәйкестігі, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, көрсетілсін: қашан және қандай себеппен олар өзгертілді)


Туған күні

мен жері


 

Тұрғылықты

мекенжайы,

телефон

нөмірлері



___________________________________________________

___________________________________________________

(елді мекеннің кодын қоса отырып, толық мекенжайы, қызмет, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілсін)


Азаматтығы

 

Жеке басын

куәландыратын

құжаттың толық

деректемелері



 

 

Сақтандыру ұйымдарында немесе олармен үлестес ұйымдарда жұмыс істейтін жақын туысқандары, туыстары туралы мәліметтер:

 




Тегі, аты,

әкесінің аты

Туған

жылы

Туыстық немесе

жақындық түрі

көрсетілсін

Жұмыс орны және

лауазымы

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:

 




Атауы және

тұрғылықты жері

Заңды тұлға қызметінің

жарғылық түрлері

Сіздің қатысу

сомаңыз бен үлесіңіз

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

 

2. Кәсіби деректері:

 


Білімі

___________________________________________________

___________________________________________________

___________________________________________________

(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауы мен тұрғылықты жері, оқыған кезеңі, берілген біліктілігі, білімі туралы дипломның деректемелері (күні, нөмірі)

көрсетілсін)


Актуарийдің білік-

тілік емтихандарын

тапсырғандығы

туралы мәліметтер

Емтихан тапсырған күні, емтихан тапсырғандығын растайтын құжат

Қосымша білімі,

оның ішінде жұмыс

істейтін саласында

біліктілігін көтеру

курстары, ғылыми

дәрежелері

___________________________________________________

___________________________________________________



(оқу орнының атауы мен тұрғылықты жері, оқыған кезеңі, білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері)

Қаржылық қызмет көр-

сету саласындағы,

оның ішінде жұмыс

істеуге ниетті

саласындағы жұмыс

тәжірибесі

___________________________________________________

___________________________________________________



(қаржы ұйымдарында істеген, аудитор, қызмет түрі бойынша бухгалтер қызметін атқарған жылдың саны көрсетілсін)

Жетістіктері

___________________________________________________

___________________________________________________



(осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы,

ғылыми жарияланымдарының атауы, ғылыми

әзірлемелерге, заң жобаларына қатысуы көрсетілсін)

Кәсіби ұйымдарға

мүшелігі

___________________________________________________

___________________________________________________



(Осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы, Актуарийлер қоғамы, Аудиторлар палатасы

көрсетілсін)

Осы мәселеге қатысы

бар басқа ақпарат

___________________________________________________

___________________________________________________



(көрсетілетін қызметті алушының кәсіби құзыреттілігін

сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

 

Еңбек жолы туралы мәліметтер:

 




Жұмыс істеген

кезеңі

Ұйымның, атқарған қызметінің және лауазымдық міндеттерінің атауы, ұйымның координаттары

1

 

 

2

 

 

3

 

 

 

 

Мен (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты), _______________________



_____________________________________________________________,

осы ақпаратты мұқият тексергенімді және дұрыс әрі толық болып табылатындығын растаймын және мен берген мәліметтердің арасында күмәнді мәліметтердің болуы актуарийлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылуға негіз болып табылатындығын мойындаймын.

__________________

(қолы, күні)
________________
«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша



Актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы
Актуарийлерді оқытудың ең төменгі бағдарламасы алты курстен тұрады, олардың әрқайсысы бойынша жеке емтиханы болады.

Алғашқы екі курсы базалық және 2001 жылдың 1 маусымынан бастап міндетті болып табылады, ал кейінгі төртеуі - арнайы және міндетті: үшінші және төртінші курстар - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап, бесінші және алтыншы курстар - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті.

курстардың тақырыбы және курстардың мазмұнында қосылған бөлімдердің ең төменгі тізбелеріне кіреді:

1-курс. Пайыздық мөлшерлеме теориясы және өмірді сақтандырудағы кездейсоқ процестер

1) Жай және күрделі пайыздар негіздері

2) Аннуитеттер құрудың қағидаттары

3) Займдар және оларды өтеу кестелері

4) Борыштық бағалы қағаздар

5) Адам өмірі ұзақтылығының кестесі

6) Адам өмірін сақтандыру бойынша аннуитеттер

7) Бірнеше тұлғаның өмірін сақтандыру теориясы

8) Зейнетақылар

2-курс. Актуарийлік қағидаттар және олардың қосымшалары

1) Адам өмірін және бір адамның денсаулығын сақтандыру

2) Адам өмірін және денсаулықты топтап сақтандыру

3) Мүгедектікті сақтандыру

4) Жалпы сақтандыру

5) Қайта сақтандыру

6) Зейнетақы

7) Әлеуметтік сақтандыру

8) Инвестициялар

3-курс. Жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру

1) жалпы сақтандыру қағидалары

2) Сақтандыру өнімдерін жасау

3) Андеррайтинг

4) Сақтандырудағы баға белгілеу

5) Сақтандыру резервтері

6) Пайда функциялары

7) Нақтылық теориясы

8) Қайта сақтандыру және олардың түрлері

4-курс. Адам өмірін және денсаулықты сақтандыру

1) Бiр адамның өмiрiн сақтандыру

2) Сақтандыру өнiмдерi мен андеррайтингтi құру

3) Баға белгiлеу: сақтандыру сыйлықақыларын есептеудiң әртүрлi әдiстерi

4) Сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi

5) Медициналық сақтандыру

6) Баға белгiлеу және медициналық сақтандыруда сақтандыру резервтерiнiң қалыптасуы

7) Адам өмiрiн және денсаулықты топтап сақтандыру

8) Шағымдар бойынша шығыстарды бағалау және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу

9) Адам өмiрiн және денсаулықты топтап сақтандыру кезіндегі сақтандыру резервтерi



5-курс. Зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтiк сақтандыру

1) Зейнетақы жинақтары қағидаттары

2) Зейнетақы бағдарламалары: мемлекеттік және жеке

3) Жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарлары

4) Төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi

5) Төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларын қаржыландыру

6) Жарналары белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi

7) Жарналары белгiленген зейнетақы жоспарлары бойынша төлемдер

8) Жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларындағы тәуекелдердi бағалау

9) Әлеуметтiк сақтандыру қағидаттары

10) Әлеуметтiк сақтандыру жүйелерiнiң түрлерi

11) Әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландыру әдiстерi

12) Басымдықтарға салыстырмалы талдау және әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландырудың әртүрлі әдістерінің құнын бағалау

6-курс. Сақтандыру ұйымдары және зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау

1) Инвестиция түрлерi: акциялар, кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар, валюта нарықтарының құралдары және туынды құралдар

2) Тәуекел және табыстылық

3) Сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, трастық әлеуметтiк сақтандыру қорларының активтерi мен инвестициялары

4) Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық тәуекелдерi

5) Сақтандыру ұйымдарына арналған қаржылық жоспарлау: активтер мен мiндеттемелердiң арақатынасы

6) Сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға талаптар

7) Сақтандыру және сақтандыру қызметi, салық салу, сақтандыру нарығындағы бухгалтерлiк есеп бойынша заңнама



________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия беру, қайта

ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:


  1. аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

  2. лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;

  3. лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

лицензия алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;

2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;



3) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағаны туралы куәландыратын құжаттарды;

4) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен
(бар болса) жарғының
салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі;

5) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;

6) ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталды төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін көрсетілетін қызметті берушімен құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;



7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын:

шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрылымдарды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бөлімшелерінің құрылымын, міндетін, функцияларын және өкілеттігін;

ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;

техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша сақтандыру


(қайта сақтандыру) ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;

шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрылымдарды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері басшысының құқығы мен міндеттемелері;

лауазымды тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың олардың атынан және оның есебінде мәмілелерді жүзеге асырған кезде өкілеттіктерін айқындауы тиіс;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;

9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;

10) ішкі аудит қызметі туралы ережеде мынадай мәліметтер:

ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;

ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;

ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;

ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;

ол жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлығын немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі болуы тиіс;



11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе Заңда сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;

12) егер Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актісінде сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акционері ретінде сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы көзделген болса, осы ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының жеке шотынан үзінді көшірмені;

13) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды.

Осы тармақтың бірінші бөілігінде жазылған талаптар, жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесiн;

3) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды ұсынады.

Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;

сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;

сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық орнының);

сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

осы сақтандыру сыныбы бойынша таяудағы екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);

инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.

Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:

инвестициялау мақсатын;

инвестициялардың түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса отырып, инвестициялық портфелін және оның кірістілігін қалыптастыруды;

активтердің түріне байланысты инвестициялық шектеулер, сондай-ақ тыс жерден тартылған активтерді;

инвестициялық саясатына жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.

Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: «Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы). 20__жылғы «__»_____________№______хаттамасы». Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы беттің екінші жағына сақтандыру ұйымы мөр басады.

Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныбының бөлшегінде бір бизнес-жоспар ұсынылады;



4) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе Заңда сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;

5) егер Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актісінде сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акционері ретінде сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы көзделген болса, осы ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының жеке шотынан үзінді көшірмені;

6) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды табыс етеді;

лицензияның телнұсқасын алу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) лицензияның түпнұсқасын (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда);

4) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжатты (лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптары алып тасталған жағдайда).

Порталда:

лицензия алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында, екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;

лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

3) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын, құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген түрлері алып тасталған жағдайда), олар электрондық құжатқа қоса тіркеледі.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) сақтандыру ұйымының сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші, осы талап:

сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;

сақтандырудың жеке сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарының өзгеруі;

2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алуға өтініш жасамауы;

3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

5) қоғамның сайланбалы органдары қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

6) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салыну;

7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш жасаған жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеуі;

8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеуі;

9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын соттың заңды күшіне енген үкімі болуы;

10) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуына тыйым салу мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

1) сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;

2) өтініш беру күніне дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;

3) өтініш беру күніне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет